Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының 1996 жылға арналған республикалық бюджетi қолданылып жүрген бюджеттiк жiктеме бойынша - 1 қосымшаға сәйкес кiрiстерi бойынша 149646054 мың теңге, шығыстары бойынша - 193597186 мың теңге, тапшылықтың шектi мөлшерi 43951132 мың теңге сомасында атқарылуға қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiмен келiсiп 1996 жылдың 20 қаңтарына дейiн Қазақстан Республикасы бюджетiнiң кiрiстерi мен шығыстарының жаңа бюджеттiк жiктемесiн бекiтiп, оны облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерiне, министрлiктерге, мемлекеттiк комитеттер мен өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға жеткiзсiн.
Министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер мен өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдар Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне бекiтiлген нысан бойынша ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың әрқайсысын жеке-дара көрсетiп, жаңа бюджеттiк жiктеме бойынша шығындар сметасын 1996 жылдың 1 наурызына дейiн тапсырсын.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жаңа бюджеттiк жiктемеге сәйкес бухгалтерлiк есеп пен есептеме нысандарына өзгертулер енгiзiлiп, оларды министрлiктерге, мемлекеттiк комитеттерге, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға, жергiлiктi қаржы органдарына 1996 жылдың 1 сәуiрiне дейiн жеткiзсiн. Бюджеттi жаңа бюджеттiк жiктеме бойынша атқаруға кезең-кезеңмен көшу 1996 жылдың iшiнде жүзеге асырылсын.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiне Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiп жаңа бюджеттiк жiктемеге сәйкес бюджеттiң атқарылуын есепке алу жөнiнде бағдарламалық құралдар жасау ұсынылсын.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бюджеттi жүзеге асыру барысында жаңа бағдарламалық өнiмдi жасауға ақы төлеуге қажеттi қаражат iздестiрсiн.
3. "Қазақстан әуе жолы" ұлттық авиакомпаниясы, "Қазақтелеком" ұлттық акционерлiк компаниясы, Темiр жол басқармалары, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi жанындағы Республикалық мемлекеттiк почта байланысы кәсiпорны бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесiнiң ұйымдары үшiн заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы бойынша есеп айырысудың орталықтандырылған тәртiбi сақталсын.
4. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жекешелендiруден бюджетке түсетiн жоспарланған түсiмдердi қамтамасыз ету мақсатында қолданылып жүрген нормативтiк және нұсқамалық құжаттарға бiр ай мерзiмде тиiстi өзгертулер енгiзiлсiн; шағын және жаппай жекешелендiру шеңберiнде ешқандай ерекшелiксiз барлық объектiлердi тек ашық коммерциялық конкурстар мен аукциондарда сатуды жекешелендiрiлетiн объектiлердi бұқаралық ақпарат құралдарында жарнамалауды кеңiнен пайдаланып қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi қызмет үйлерiн ұтымды пайдалану мақсатында мемлекеттiк, атқару, сот, прокуратура органдарына пайдалануға берiлген қызмет үй-жайларын түгендеудi бiр ай мерзiмде жүзеге асырсын. Басқару аппаратының санына қарай олардың кейбiреулерiн көшiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлесiн; Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетпен бiрлесiп және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiп;
- мемлекеттiк мүлiктi жалға алу прейскуранттарын қайта қарап, оларды аймақтарда қалыптасқан нарық бағаларымен сәйкестендiрсiн;
- мемлекеттiк мүлiктi жалға алудың бұдан бұрын жасалған барлық шарттарын жаңа прейскуранттар бойынша 1996 жылғы ақпанның аяғына дейiн қайта рәсiмдесiн.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне мемлекеттiк мүлiктi қосымша жалға алудың шарттарын олардан түсетiн табыстарды тиiстi жергiліктi бюджетке аударуды ескерiп мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi аумақтық комитеттерде мiндеттi түрде тiркеу бөлiгiнде шарт жасау қағидаларына өзгертулер енгiзу тапсырылсын.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiп олардың иелiгiне, пайдалануына және басқаруына берiлген мемлекеттiк мүлiктi жалдайтын бөгде ұйымдардың жалға алу тәртiбiн бiр ай мерзiмде әзiрлесiн.
6. 1996 жылдан бастап акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiне арналған дивидендтердi әрбiр тоқсанның жұмыс қорытындысы бойынша аударатын болып белгiленсiн.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi акционерлердiң жалпы жиналыстарына акционерлiк қоғамдардың жарғыларына тиiстi өзгертулер енгiзудi ұсынсын.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бiрлесiп акциялардың мемлекетке тиесiлi пакеттерiне арналған дивидендтердi республикалық бюджеттiң кiрiстерiне аударудың тәртiбiн бiр ай мерзiмде әзiрлеп, бекiтсiн.
7. Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi статистикалық есептерде акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне арналған дивидендтердi есептеу жөнiнде мәлiметтер берудi қарастырсын.
8. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiп жер қойнауын қорғау жөнiндегi жалпы мемлекеттiк маңызы бар шараларды жоспарлау мен қаржыландырудың тәртiбiн бекiту жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулысының жобасын бiр ай мерзiмде әзiрлесiн.
9. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жаңа тұрғын үй саясаты жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға бюджетте қарастырылған 2414776 мың теңге сомасындағы қаражатты мыналарға жұмсасын:
- ұзақ мерзiмдi несие ресурстары және Тұрғын-үй-құрылыс банкiнiң жарғылық қорын құрау - 1455000 мың теңге;
- тұрғын үй алу кезегiнде 10 жыл және одан да көп тұрған кезектегi адамдарға көмек қаржы - 100000 мың теңге;
- коммуналдық шаруашылық объектiлерiн салу - 440000 мың теңге;
- халықтың әлеуметтiк жағынан қорғалатын жiктерi үшiн тұрғын үйлер салу - 419776 мың теңге.
Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тұрғын үй құрылысы банкi (Тұрғынүйқұрылысбанк) Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiмен және Қаржы министрлiгiмен келiсiп аталған қаражатты нысаналы бөлу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеп, оларды Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн.
10. Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiмен және Қаржы министрлiгiмен келiсiп республикалық бюджеттен қаржыландырылатын 50000 мың теңге сомасында жалпы республикалық маңызы бар жобалау-iздестiру жұмыстарының тiзбесiн бекiтсiн.
11. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiп Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтуге:
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кепiлдiгiмен жүзеге асырылатын инвестициялық жобалардың;
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кепiлдiгiмен мемлекеттiк бюджетпен бiрiгiп қаржыландырылатын инвестициялық жобалардың;
- Қазақстан Республикасының Эксимбанкi арқылы бюджеттiк қаржы есебiнен несие алатын инвестициялық жобалардың;
- қайтарымсыз негiзде республикалық бюджет қаржысы есебiнен қаржыландырылатын нысаналы республикалық бағдарламаларда қарастырылған өндiрiстiк мақсаттағы және әлеуметтiк саланың құрылыс объектiлерiнiң тiзбелерiн екi апта мерзiмде тапсырсын.
12. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп, республиканың мемлекеттiк бюджетi есебiнен ұсталатын ұйымдар үшiн өнiмдi мемлекеттiк сатып алу жүйесiн бiр ай мерзiмде әзiрлеп, оны Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге ұсынсын.
13. Мемлекеттiк материалдық резервтердi толықтыру көздерiн көбейту мақсатында Қазақстан Республикасының Материалдық резервтер жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, төлемдердi ұзарту кезеңi үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық банкi қайта қаржыландыру ставкасы бойынша өсiм есептеп, мемлекеттiк резервтен алынған материалдық құндылықтар үшiн шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң берешектерiн республикалық бюджеттiң пайдасына ықтиярсыз өндiрiп алу жөнiнде кезек күттiрмес шаралар қолдансын.
14. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiмен және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiп:
- сауықтыру және жекешелендiру үшiн 1996 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк медетшi банкiне берiлуi тиiс ұйымдардың тiзбесi бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiне белгiленген тәртiппен ұсыныстар енгiзсiн;
- жеке жоба бойынша ұйымдарды жекешелендiру кестесiн Үкiметтiң бекiтуiне бiр ай мерзiмде енгiзсiн.
15. Республикалық бюджетте қарастырылған конверсиялауға 400000 мың теңге сомасында қаражат N 2 қосымшаға сәйкес ұйымдар бойынша бөлiнсiн.
16. Облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi 1996 жылдың 1 сәуiрiнен бастап республиканың жұмыс iстемейтiн халқын сақтандыруға бюджет құрамында қарастырылған қаражатты Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Мiндеттi медициналық сақтандыру қорының бөлiмшелерiне аударсын.
17. Қазақстан Республикасының "Интелсат" телерадио хабарының Ұлттық спутник жүйесiн енгiзуге бюджетте қарастырылған қаражат Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация министрлiгiне жiберсiн.
18. "Қазақстан теледидары мен радиосы" республикалық корпорациясы тоқсан сайын растайтын хабар таратудың кестесi мен нақты көлемiне сәйкес мемлекеттiк теледидар мен радио тарату жөнiндегi байланыс қызметтерiнiң ақысын төлеуге Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне 2577080 мың теңге мөлшерде қаржы қарастырылсын.
19. Әлеуметтiк маңызы бар газеттер мен журналдарды шығаруға республикалық бюджетте қарастырылған 486000 мың теңге көмек қаржы N 3 қосымшаға сәйкес бөлiнсiн.
20.
ЕСКЕРТУ. 20-тармақтың күшi жойылған - ҚРҮ-нiң 1996.11.01.
N 1338 қаулысымен.
21. 1996 жылға арналған республикалық бюджетте профессор-оқытушылар құрамының мамандықтары бойынша оқу және әдiстеме әдебиетiн сатып алу үшiн лауазымдық жалақы мөлшерiнде, сондай-ақ мемлекеттiк жоғары оқу орындарының күндiзгi оқу бөлiмдерiнiң барлық студенттерiне айлық стипендия мөлшерiнде арнаулы мақсатты жәрдемақылар төлеуге қаражат қарастырылатыны ескерiлсiн.
22. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi, өздерiнiң қарамағында жоғары, арнаулы орта оқу орындары мен кәсiптiк-техникалық училищелер бар басқа да министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер мен ведомстволар 1996-1997 оқу жылына мемлекеттiк жоғары оқу орындарына студенттер қабылдау жоспарын 20 процент, арнаулы орта оқу орындарына оқушылар қабылдау жоспарын 30 процент, кәсiптiк-техникалық училищелерге оқушылар қабылдау 25 процент қысқартуды ескере отырып қабылдау жоспарын қайта қарап, оларды ақылы шартты негiзде оқытуға көшiрудi жүзеге асырсын; 1996 жылдың бiрiншi тоқсанында оқу орындарының жүйесiн оңтайландыруды, олардың жұмыс нормалары мен жағдайларын ұтымды етудi аяқтасын.
23. Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгi жүйесiнiң 12 арнаулы орта оқу орындарын және Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациясы министрлiгi жүйесiнiң 10 кәсiптiк-техникалық училищесiн ұстау жөнiндегi шығындарды 1996 жылдың 1 қаңтарынан бастап N 4 және N 5 қосымшаларға сәйкес республикалық бюджеттен жергiлiктi бюджеттерге аударсын.
24. 1996 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ақтөбе жоғары ұшқыштар училищесi Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң қарамағына Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң қарауына берiлсiн.
25. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi, Мемлекеттiк жоғары оқу орындары бар мемлекеттiк комитеттер мен ведомстволар, Қазақ мемлекеттiк басқару академиясын, Қазақ ұлттық техникалық университетiн, Қазақ мемлекеттiк сәулет-құрылыс академиясын, Абай атындағы Алматы мемлекеттiк университетiн, Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк ұлттық университетiн, Қазақ мемлекеттiк заң институтын ұстауға қаржы бөлудi көздеп, жалақы ставкаларына 1,75, Мемлекеттiк басқару жөнiндегi ұлттық жоғары мектепке - 2 көтерiңкi коэффициентiн белгiлесiн.
Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ұлттық ғылым академиясына және Ұлттық кiтапханаға бөлiнген еңбекақы қорының шегiнде ведомстволық бағыныстағы ғылыми мекемелерге еңбекақы ставкаларына 1.75 көтерiңкi коэффициент белгiлеу құқығы берiлсiн.
ЕСКЕРТУ. 25-тармақтың 2-абзацы жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң
1996.05.02. N 537 қаулысымен.
26. 1996 жылға арналған республикалық бюджетте ғылымды қаржыландыруға 3050000 мың теңге сомасында қаражат қарастырылғаны ескерiлсiн.
Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi мүдделi министрлiктермен, мемлекеттiк комитеттермен, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен бiрлесе отырып, ғылымға арналған қаражатты конкурстық iрiктеуден өткен тақырыптарға сәйкес бөлсiн.
27. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi бюджет есебiнен ұсталатын ұйымдардың жүйесiн оңтайландыруды 6-қосымшаға сәйкес жүзеге асырсын.
28. Павлодар, Ақсу, Шымкент, Кентау, Ленгiр қалаларының мектеп жасына дейiнгi балалар мекемелерi мен денсаулық сақтау объектiлерiн жергiлiктi атқарушы өкiмет органдарының ұстауына беру жөнiнде 1996 жылға арналған, Халықаралық Қайта құру және Даму Банкiмен келiсiлген жылдық жұмыс бағдарламалары атқаруға және басшылыққа алынсын.
1996 жылға арналған жылдық жұмыс бағдарламаларына сәйкес Әлеуметтiк қорғау жобасы бойынша ағымдағы қажеттердi және жөндеу-құрылыс жұмыстарын бiрлесе қаржыландыруға арналып Павлодар облысының бюджетiнде 14719 мың теңге және Оңтүстiк Қазақстан облысының бюджетiнде 11909 мың теңге қаражат қарастырылатыны ескерiлсiн, Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi, Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Әлеуметтiк қорғау жобасы жөнiндегi бағдарламаларды жүзеге асыруға жәрдем көрсетiп отырсын.
Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi Әлеуметтiк қорғау жобасы бойынша бюджеттiк қаражат пен сыртқы займ қаржыларының мақсатты пайдаланылуына бақылау орнататын болсын.
29. (Құпия)
30. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi мүдделi министрлiктермен, мемлекеттiк комитеттермен өзге де орталық атқарушы органдармен бiрлесе отырып, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiп:
- ауыл шаруашылығының тауар өндiрушiлерiн лизингiлiк негiзде машина жасау өнеркәсiбiнiң өнiмдерiмен қамтамасыз етудiң;
- ауыл шаруашылығындағы шағын және орташа бизнестi қолдау және дамыту үшiн қаражат бөлудiң конкурстық тәртiбiн бiр ай мерзiмде әзiрлесiн.
31. Республикалық бюджетте Қазақстанның кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту орталығына шағын және орташа бизнестiң мониторингiн жүргiзуге және инфрақұрылымын құруға 50000 мың теңге сомасында қаражат көзделсiн.
32. Мал дәрiгерлiк-санитарлық қадағалауды күшейту және мемлекеттiк бақылау функцияларын атқаратын мемлекеттiк мал дәрiгерлiк қызмет пен өсiмдiк қорғау қызметiнiң жоғарыдан төмен қарайғы құрылымын қамтамасыз ету мақсатында олардың ұйымдарын ұстауға жұмсалатын шығындарды қаржыландыру жергiлiктi бюджеттерден республикалық бюджетке 7-қосымшаға сәйкес берiлсiн.
33. Жерге орналастыру жөнiндегi шараларды 376740 мың теңге сомасында, соның iшiнде меншiк құқығын, жерлi пайдалану құқығын сатудан, оның iшiнде жер учаскелерiн жалға беруден алынатын қаржы есебiнен 173200 мың теңге сомасында қаржыландыру қарастырылсын.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жерге орналастыру жұмыстарын меншiк құқығын, жердi пайдалану құқығын сатудан, соның iшiнде жер учаскелерiн жалға беруден алынатын қаржылар есебiнен қаржыландыруды аталған қаржылардың республикалық бюджеттiң кiрiсiне нақты түсуiне қарай жүзеге асырсын.
34. Республикадағы төтенше жағдайларға байланысты қаржыларды жұмылдыру қажеттiгiн ескере отырып, селден қорғау шараларына арналған 62555 мың теңге сомасындағы, адамдарды суда құтқару жөнiндегi шараларға арналған 821 мың теңге сомасындағы операциялық шығыстарды қаржыландыру Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi арқылы жүзеге асырылсын. Облыстарда адамдарды судан құтқару жөнiндегi шаралар жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылатыны ескерiлсiн.
35. "Кәсiпорындардың балансында тұрған әлеуметтiк мәдени-тұрмыстық объектiлердi жергiлiктi атқарушы органдарға берудiң және оларды одан әрi пайдаланудың тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 14 шiлдедегi N 975 қаулысына p950975_ (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 24, 282-бап) сәйкес 1996 жылға арналған бюджетте конверсияланатын, қала салуға негiз болған және қайта жандандырылатын ұйымдардың, сондай-ақ ведомстволық тұрғын үй қорын жергiлiктi атқарушы органдардың балансына беретiн ғылыми мекемелердiң - агроқалашықтардың тұрғын үй қорын жылумен және ыстық сумен жабдықтау жөнiндегi баға айырмасын өтеуге қаражат қарастырылғаны ескерiлсiн.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi конверсияланатын кәсiпорындардың денсаулық сақтау ұйымдарын қаржыландыруға арналған қаражатты Алматы, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарының жергiлiктi бюджеттерiне қабылдау-беру актiлерiнiң рәсiмделуiне қарай берiп отырсын.
36. Жамбыл Жабаевтың 150 жылдығына арналып республикалық бюджетте қарастырылған 135000 мың теңге сомасындағы қаражат 8-қосымшаға сәйкес бөлiнсiн.
37. Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi, Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi, Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiмен және Қаржы министрлiгiмен келiсiм бойынша мұқтаждарға нысаналы әлеуметтiк көмек көрсету үшiн отбасының жиынтық табысын есептеу әдiстемесiн әзiрлеп, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне екi апта мерзiмде енгiзсiн.
38. 1996 жылы облыстардың және Алматы қаласының шығыстары құрамында:
- табысты аз отбасыларына нысаналы әлеуметтiк көмек көрсету үшiн;
- қолданылып жүрген заңдарда аталған жеңiлдiктер көзделген халықтың жекелеген санаттарына электр қуатын, қатты және сұйық отынды, газды, тұрғын үй-коммуналдық қызметтердi жеңiлдiкпен беруге байланысты шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң шығындарын өтеуге;
- Алматы қаласының 1996 жылға арналған бюджетiнде Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiк Ескерткiшiн орнатуға 160000 мың теңге сомасында қаражат қарастырылғаны ескерiлсiн.
39. (Құпия).
40. (Құпия).
41. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiмен, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тергеу комитетiмен бiрлесiп мүлiктi бөлу аяқталғаннан кейiн 1996 жылға арналған бюджетте қарастырылған қаражаттың осы ведомстволардың арасында бөлiнуiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне тапсырсын.
42. Орталық және жергiлiктi өкiлдi атқарушы органдарды ұстауға жұмсалатын мемлекеттiк қаржы үнемдеу тәртiбiн күшейту мақсатында:
- Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi орнатылған телефондарға түгендеу жүргiзсiн, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп телефондардың түрлерi бойынша олардың санының лимиттерi және пәтерлерiне қызмет бабында пайдаланылатын телефондар орнату құқығы берiлген министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттер мен ведомстволардың басшы қызметкерлерi, облыстар, қалалар мен аудандар әкiмдерi лауазымдарының тiзбесi туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкiметiне бiр ай мерзiмде енгiзсiн.
- Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен, Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен және Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiмен бiрлесiп, мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын ұйымдар үшiн қызмет бабында пайдаланылатын жеңiл автокөлiк ұстауға және қызмет бабында пайдаланылатын телефондар мен телефон байланысын пайдалануға жұмсалатын шығындардың лимиттерi жөнiндегi ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн.
43. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi республикалық бюджетте орталық өкiлдiк және атқарушы, сондай-ақ республикалық бюджет есебiнен қаржыландырылатын олардың жергiлiктi органдарының қажетiне қарастырылған қаражаттың нысаналы бөлiнуiн Қазақстан Республикасының Үкiметiне екi апта мерзiмде ұсынсын.
44. ТМД-ның мемлекетаралық және үкiметаралық органдары үлестi қаржыландыру жөнiндегi қаржы мiндеттемелерiн орындау мақсатында республикалық бюджеттiң шығыстарында осы мақсаттарға 529958 мың теңге сомасында қаражат қарастырылсын.
45. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервтiк қорының мөлшерi 3574040 мың теңге сомасында, соның iшiнде төтенше жағдайларды қаржыландыру үшiн 1857520 мың теңге сомасында белгiленгенi ескерiлсiн.
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың ұстау және азаматтық қорғаныс жөнiндегi шараларды қаржыландыру үшiн 464380 мың теңге сомасында қаражат қарастырылсын.
Төтенше жағдайларды қаржыландыруға арналған резервтiк қордың қаржысын жұмсау әрбiр нақты жағдайда Үкiметтiң шешiмi негiзiнде жүргiзiлетiн болып белгiленсiн.
46. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстанның халықаралық ұйымдарға мүшелiгiн тәртiпке келтiру жөнiнде ұсыныстарын Қазақстан Республикасының Үкiметiне бiр ай мерзiмде енгiзсiн.
Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға енуi туралы шешiмдер Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiмен және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiп қабылданатыны белгiленсiн.
47. Мемлекеттiк кепiлдiкпен тартылатын шетелдiк займдарды, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдарынан, шетелдiк мемлекеттердiң үкiмет және үкiметтен тыс мекемелерiнен келiп түсетiн қаржы және техникалық көмектi, гаранттарды пайдаланудың бағыттары Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен және Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiмен мiндеттi түрде келiсiлiп, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi айқындаған мерзiмдерде ай сайын есептер берiлетiн болып белгiленсiн.
48. 1996 жылы мемлекеттiк бюджеттiң тапшылығына алынған мемлекеттiк iшкi борыш пен несиелерге қызмет көрсету нөлдiк ставка бойынша жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
ЕСКЕРТУ. 48-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1996.12.31.
N 1766 қаулысымен.
49. 1996 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң консулдық алымдарынан түсетiн түсiмдер республикалық бюджеттiң кiрiсiне есептелiп, елшiлiктердi ұстауға пайдаланылатын болып белгiленсiн.
Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының шет елдердегi өкiлдiктерiн қаржыландыру тәртiбiн екi ай мерзiмде әзiрлеп, бекiтсiн.
50. Импорттық баждың түсуiн көбейту және шетелдiк валютаны пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасына импортталатын тауарлардың жөнелту алдындағы инспекциясын жүзеге асыру үшiн сыртқы экономикалық қызметке жұмсалатын шығындар құрамында халықаралық тәуелсiз "Сосиете Женераль де Сюрвеянс С.А." фирмасын қаржыландыруға 887500 мың теңге сомасында қаражат қарастырылсын.
51. Министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, ведомстволардың, облыстар мен Алматы қаласы әкiмдерiнiң, ұйымдардың алуан түрлi салық және кеден жеңiлдiктерiн беру туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне жолдаған өтiнiштерi, бюджетке төленетiн төлемдер бойынша борыштарды төлеудi, бюджеттен берiлген несиелердi қайтару мерзiмiн кейiнге қалдыру, республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлу жөнiндегi ұсыныстары мiндеттi түрде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiмен келiсiлуге тиiс болып белгiленсiн. Жоғарыда аталған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң алдын ала қорытындысы болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкiметi өтiнiштердi қарауға қабылдамайды.
Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерiне жергiлiктi бюджеттер бойынша қаржы мәселелерiн қарау тәртiбiне қатысты осындай шешiм қабылдау ұсынылсын.
52. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мүдделi министрлiктермен, мемлекеттiк комитеттермен өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен бiрлесiп отандық жер қойнауын пайдаланушыларды шарттық жүйеге көшiрудi бiр ай мерзiмде жүзеге
асырсын.
53.
ЕСКЕРТУ. 53-тармақтың күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.04.02.
N 465 қаулысымен.
54. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi мүдделi
министрлiктермен, мемлекеттiк комитеттермен және ведомстволармен
бiрлесiп Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң бұдан бұрын
қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру туралы ұсыныстарды
Қазақстан Республикасының Үкiметiне бiр ай мерзiмде енгiзсiн.
55. Осы қаулы 1996 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 11 қаңтардағы
N 53 қаулысына
1 қосымша
Қазақстан Республикасының 1996 жылға арналған
республикалық бюджетi
(қолданылып жүрген жiктеме бойынша)
КIРIСТЕР
I. Бөлiм: БЮДЖЕТ БОЙЫНША МЕКЕМЕЛЕР МЕН ШАРАЛАР
(мың теңге)
Жалпы мемлекеттiк салықтар
1. Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы 22693880
2. Қосылған құнға салынатын салық 19820668
3. Акциздер 4009390
4. Бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға
салынатын салық 524900
5. Табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшiн өсiре
пайдаға салынатын салық 3606090
6. Жеке тұлғалардан төлем кезiнен ұстап
қалынатын табыс салығы 9102731
ЖАЛПЫМЕМЛЕКЕТТIК САЛЫҚТАРДЫҢ ЖИЫНТЫҒЫ: 59757659
Алымдар мен салыққа жатпайтын кiрiстер
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiнен және
екiншi сатыдағы банктерден бюджетке алынатын
түсiмдер, барлығы 824300
соның iшiнде:
- үстiмiздегi жылдың пайдасынан 0
- Үкiметтiң Қазақстан Республикасының Ұлттық
банкiндегi және екiншi сатыдағы банктердегi
депозиттерi үшiн алынатын табыстардан 824300
2. Бюджеттiң шығыстарын өтеу, барлығы 8907741
а) өзiндiк айналым қаржысының жетiспеушiлiгiне
процентiмен бюджет несиелерi мен кредиттерiнен 1407741
б) Қазақстан Республикасының Медетшi банкi алған
кредиттен 3500000
в) Қазақстан Республикасының Үкiметi мен
әкiмдерiнiң кепiлдiгiне берiлген директивалық
кредиттер бойынша борыштардан 3000000
г) iшкi республикалық есептiң нәтижелерi бойынша
сомалардан 1000000
3. Алымдар және салыққа жатпайтын түрлi
кiрiстер, барлығы: 21931900
соның iшiнде:
а) "Байқоңыр" кешенiн пайдаланғаны үшiн
алынатын жалдау ақысы 8165000
б) өзге де түсiмдер 13766900
4. Астық сатудан алынатын қаржының түсуi 6000000
5. Жерге берiлген құқықты сатудан түсетiн
кiрiстер 173200
6. Мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiруден
түсетiн түсiмдер 14550000
7. Мемлекетке тиесiлi акциялардың пакеттерiне
салынатын дивидендтердiң түсiмi 2800000
АЛЫМДАР МЕН САЛЫҚҚА ЖАТПАЙТЫН КIРIСТЕРДIҢ ЖИЫНТЫҒЫ: 55187141
I бөлiм бойынша КIРIСТЕР ЖИЫНТЫҒЫ: 114944800
II Бөлiм: Мақсатты қаржыландыру қорлары
Республикалық
Жер қойнауын қорғау және минералдық шикiзат
базасын ұдайы молайту қоры 4570000
Республикалық табиғат қорғау қоры 150545
II бөлiм бойынша КIРIСТЕР ЖИЫНТЫҒЫ: 4720545
III Бөлiм: Сыртқы экономикалық қызмет
1. Салынатын кеден бажы:
а) экспортталатын тауарларға 15149000
б) импортталатын тауарларға 4168000
2. Кеден ресiмдеулерi 1072029
3. Роялти мен бонустардан алынатын түсiмдер 5320000
4. Iшкi нарықта бiрiншi қажеттi импорттық
тауарларды сатудан алынатын түсiмдер 298200
5. Тiкелей қаржыландыру бойынша қаражаттың
ұлттық валютамен қайтарылуы 199510
6. Кәсiпорындардың валюта бойынша сыртқы
мiндеттемелерiн өтеумен байланысты олардың
бюджет шығыстарының орнын толтыруы 744151
7. Үкiметтiң кепiлдiгi бойынша бюджет шығыстарын
ұйымдардың өтеуi 1515495
8. Консулдық қызметтер көрсетiлгенi үшiн
алынатын алымдар 497000
9. Әлеуметтiк қорғау жөнiндегi займ қаражатының
бюджет кiрiсiне өтелуi 17324
10. Басқалар 1000000
III бөлiм бойынша КIРIСТЕР ЖИЫНТЫҒЫ: 29980709
Республикалық бюджет бойынша КIРIСТЕР БАРЛЫҒЫ: 149646054
ШЫҒЫСТАР
I. Бөлiм: Бюджет бойынша мекемелер және шаралар
1. Экономиканы қаржыландыру 31651717
соның iшiнде:
ӨНЕРКӘСIП КЕШЕНI
Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi:
- қалпына келтiрiлетiн энергия көздерiне 20000
Өнеркәсiп және сауда министрлiгi:
- Мырғалымсай кешенiнiң сутөгерiне 374094
Өнеркәсiп кешенi бойынша ЖИЫНТЫҒЫ: 394094
ҚҰРЫЛЫС КЕШЕНI
Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс
салу министрлiгi
- жобалауға 50000
Құрылыс кешенi бойынша ЖИЫНТЫҒЫ: 50000
АГРОӨНЕРКӘСIПТIК КЕШЕН
Су ресурстары жөнiндегi комитет
- операциялық шығыстарға 244576
Қазақ ауылшаруашылық академиясы, барлығы 6520
соның iшiнде помологиялық бау-бақшаға 4576
Ауыл шаруашылығы министрлiгi, барлығы 10065066
соның iшiнде:
- операциялық шығыстар 2385066
- ауыл шаруашылығында шағын және орташа
бизнестi дамытуға 3500000
- лизингтiк негiзде техника сатып алуға 600000
- Ауыл шаруашылығын қаржымен қолдау қоры 3580000
Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және
жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi,
операциялық шығыстарға 376740
Агроөнеркәсiптiк кешен бойынша ЖИЫНТЫҒЫ: 10692902
КӨЛIК КЕШЕНI ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС
Көлiк және коммуникациялар министрлiгi, барлығы 113560
соның iшiнде:
- операциялық шығыстар (жол шаруашылығы, кеме
жүретiн шлюздер және кеме қатынасы қауiпсiздiгi
инспекциялары қажетiне) 62069
- фельдъегерлiк қызмет қажетiне 51491
"Қазақстан жолдары" акционерлiк компаниясы
(селден қорғау шаралары бойынша) 62555
Көлiк және байланыс бойынша ЖИЫНТЫҒЫ: 176115
ӘЛЕУМЕТТIК КЕШЕН
1. Жеңiлдiктер төлемдерi бойынша шығыстар, барлығы 1112195
соның iшiнде:
- жүрiп тұруға және байланыс қызметiне
байланысты жеңiлдiктер беруге, барлығы 1112195
- мүгедек балаларға 30160
- бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектерге 240178
- Қазақстан Республикасы алдында ерекше еңбек
сiңiргенi үшiн зейнетақы алатын азаматтарға 51141
- Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне 790716
2. Жаңа тұрғын үй саясатын iске асыруға, барлығы 2414776
3. Әлеуметтiк кешен бойынша басқа шараларға
а) Мәдениет министрлiгi ("Қазақкино"
кинокомпаниясы), барлығы 97067
соның iшiнде:
- селолық кино торабы мен кинопрокат
ұйымдарының шығасысын өтеуге 37337
- ұлттық көркем, дәйектi-деректi, балалар
және мультипликациялық фильмдер шығаруға 54730
- киноның 100 жылдығына мерекелеу жөнiндегi
шаралар 5000
б) Қазақ мемлекеттiк ақпарат агенттiгi 10800
в) Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi
жөнiндегi Ұлттық агенттiк 933065
г) Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгi,
күрделi жөндеуге 67799
Әлеуметтiк кешен бойынша ЖИЫНТЫҒЫ: 4635702
КЕШЕНДЕРГЕ КIРМЕГЕНДЕР
Экология және биоресурстар министрлiгi
(операциялық шығыстар) 155680
Орман шаруашылығы комитетi
(операциялық шығыстар) 622720
Геодезия және картография бас басқармасы 85000
Материалдық резервтiк жөнiндегi комитет,
барлығы: 1254437
соның iшiнде:
- операциялық шығыстар 110637
Адамдарды суда құтқару шараларына
жұмсалатын шығындар 821
Қазынашылық пен салық полициясының материалдық
базасын нығайтуға жұмсалатын шығындар 850744
Кеден комитетi 50645
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң
материалдық-техникалық базасын дамытуға 30881
Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Iс басқармасы 280200
Гидрометеорология жөнiндегi бас басқарма,
операциялық шығыстар 304500
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
Экспорт-импорт банкiне берiлетiн несие 3643800
Мемлекеттiк күрделi қаржылар 1000000
Жекешелендiрудi жүзеге асыруға 92876
Қазақстан Республикасы Медетшi банкiсiнiң
қызметiне қаржыландыруға, барлығы 6000000
соның iшiнде:
Экономика министрлiгi арқылы жүзеге
асырылатын конверсия жөнiндегi шығыстар 400000
Мемстатком (халық санағы) 28000
Инвестициялық жобаларды қосыла қаржыландыруға
жұмсалатын шығыстар 752600
Мониторингтi енгiзу мен шағын және орташа
бизнестiң инфрақұрылымын жасау жөнiндегi
шығыстар 50000
Қаржы министрлiгiнiң басқа да шығыстары 500000
Кешендерге кiрмегендер бойынша ЖИЫНТЫҒЫ: 15702904
2. Әлеуметтiк мәдени шараларды қаржыландыру,
барлығы 24318082
соның iшiнде:
а) бiлiм беру және кадрларды кәсiби даярлау 11037060
б) мәдениет пен өнер 1199319
в) бұқаралық ақпарат құралдары 4729208
г) денсаулық сақтау 5660544
д) дене тәрбиесi 737705
е) әлеуметтiк қамсыздандыру, барлығы 954246
соның iшiнде:
- әлеуметтiк қамсыздандыру ұйымдарын ұстау
және шараларын өткiзу 158519
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен
мүгедектерiнiң санаторий-курорттық емделуiне
және материалдық көмекке жұмсалатын шығыстар
өтемi 706052
Қоғамдық бiрлестiктердiң сурдо-тифло
техникалық құралдарды сатып алуы 89675
3. Ғылымды қаржыландыру, барлығы 3050000
4. Қорғанысқа жұмсалатын шығыстар, барлығы 17240462
соның iшiнде:
- жалпы мақсаттағы Қарулы Күштер 16830198
- Республикалық ұлан 410264
5. Мемлекеттiк органдарды ұстауға жұмсалатын
шығындар, барлығы 4576422
соның iшiнде:
- Қазақстан Республикасының Парламентi 572414
- Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Әкiмшiлiгi 1005907
- Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты 136857
- Қазақстан Республикасының
Конституциялық Кеңесi 18500
- Облыстық және Алматы қалалық соттары 407990
- Аудандық соттар 1160814
- Әскери соттар 49625
- Қазақстан Республикасының Прокуратурасы 1224315
6. Құқық қорғау органдарының қажетiне
жұмсалатын шығындар, барлығы 19647650
соның iшiнде:
- Iшкi iстер министрлiгi
(Мемлекеттiк тергеу комитетiн қоса алғанда) 11418300
- Ұлттық қауiпсiздiк комитетi 2394190
- Мемлекеттiк шекара күзетi жөнiндегi
мемлекеттiк комитет 3367000
- Шекара әскерлерiнiң әскери институты 312300
- Iшкi әскерлер 2143420
- Үкiмет жанындағы Ақпарат қорғау жөнiндегi
мемлекеттiк техникалық комиссия 12440
7. Қазақстан Республикасы Үкiметi аппаратының,
орталық және жергiлiктi атқарушы
органдардың қажетiне жұмсалатын шығындар 8168340
8. Резервтiк қорлар, барлығы 3574040
соның iшiнде:
- төтенше жағдайларды қаржыландыру үшiн 1857520
- азаматтық қорғаныс жөнiндегi
шараларды қаржыландыру үшiн 464380
9. Әртүрлi төлемдер, барлығы 2040000
соның iшiнде:
- мемлекет мұқтаждарына астық сатып алуға
арналған қаржы 2000000
- адвокаттардың қызметiне ақы төлеу 40000
10. Басқа да шығыстар 2052460
11. Сайлау өткiзуге жұмсалатын шығыстар 102864
12. Мемлекеттiк iшкi қарызға қызмет көрсету
жөнiндегi шығындар, барлығы 3905250
соның iшiнде:
- бюджет тапшылығы үшiн кредитке
проценттер төлеу 0
- iшкi қарыз бойынша проценттер төлеу
жөнiндегi шығыстар 0
- қазынашылық облигацияларды өтеуге
жұмсалатын шығыстар 3500000
- қазынашылық мiндеттемелерге қызмет
көрсету жөнiндегi шығындар 5250
- қысқа мерзiмдi қазынашылық вексельдерiн
өтеуге жұмсалатын резерв 400000
13. Мемлекетаралық ұйымдарға қызмет көрсету
жөнiндегi шығындар 529958
Жергiлiктi бюджеттерге субвенция 20018054
I бөлiм бойынша ШЫҒЫСТАР ЖИЫНТЫҒЫ 158034799
II бөлiм: МАҚСАТТЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ҚОРЛАРЫ
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МИНЕРАЛДЫҚ-ШИКIЗАТ БАЗАСЫН
ҰДАЙЫ МОЛАЙТУ ҚОРЫ 3200000
ТАБИҒАТ ҚОРҒАУ ҚОРЫ 112908
II бөлiм бойынша ШЫҒЫСТАР ЖИЫНТЫҒЫ 3312908
III бөлiм: СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
ЕЛШIЛIКТЕР, ӨКIЛДIКТЕР ҚАЖЕТIНЕ ЖӘНЕ БАСҚА
ДА МАҚСАТТАРҒА ВАЛЮТА САТЫП АЛУҒА, БАРЛЫҒЫ 24084479
соның iшiнде:
1) сыртқы заемдар мен мiндеттемелердi
өтеуге жұмсалатын шығыстар 17546458
2) сыртқы экономикалық қызметке
жұмсалатын шығыстар 4230521
соның iшiнде:
- халықаралық ұйымдарға төленетiн жарналар 1278000
- ТМД атқарушы органдарын ұстауға 5396
- жұмыс iстеп тұрған және жаңа
елшiлiктердi ұстауға 2438268
- Орталық Азия Ынтымақтастық және даму
банкiнiң жарғы қорына төленетiн жарна 47357
- сыртқы қарызды өтеу үшiн "Каспийшельф"
мемлекеттiк концернiнiң уақытша
тартылған қаражатын қайтару 355000
- өзге де шығыстар 106500
3) импортталатын тауарларды сараптық
бағалаудан өткiзгенi үшiн "Сосиете Женераль
де Сбрвеянс С.А."(СЖС-ке) төленетiн ақы 887500
4) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
кезек күттiрмейтiн қажеттерiне
жұмсалатын шығыстар 1420000
МЕМЛЕКЕТТIК МIНДЕТТЕМЕЛЕРДI ОРЫНДАУҒА
БАЙЛАНЫСТЫ ШЫҒЫСТАР 8165000
III бөлiм бойынша ШЫҒЫСТАР ЖИЫНТЫҒЫ 32249479
Республикалық бюджет бойынша
БАРЛЫҚ ШЫҒЫСТАР: 193597186
Шығыстардың кiрiстерден артуы (тапшылық,)
барлығы - 43951132
соның iшiнде мыналар есебiнен өтеу:
I. Қаржыландырудың сыртқы көздерi, барлығы 28451132
соның iшiнде:
1. Сыртқы займ бойынша түсiмдер 29451132
- индикстелген займдар 5700000
2. Түзету сомасын шегерiп тастағанда, барлығы -1000000
соның iшiнде:
- мемлекеттiк сыртқы заемды өтеуге -1000000
II. Бағалы қағаздарды сату есебiнен, барлығы -8000000
соның iшiнде:
- халыққа арналған жинақ облигациялары 1000000
- Мемлекеттiк қысқа мерзiмдi қазыналық
вексельдердi және басқа да бағалы
қағаздардың аукциондық сатудан қаржының түсуi 7000000
III. Қаржыландырудың iшкi көздерi есебiнен,
барлығы 7500000
соның iшiнде:
- Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң
кредит ресурстары есебiнен 7500000
14. Республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен ұсталатын
министрлiктерге, мемлекеттiк комитеттерге, өзге де
мемлекеттiк органдарға, сондай-ақ облыстар мен Алматы
қаласының бюджеттерiне қаржы - 17159500
ЕСКЕРТУ. 1-қосымша өзгертiлдi және 14-жолмен толықтырылды -
ҚРҮ-нiң 1996.12.31. N 1766 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 11 қаңтардағы
N 53 қаулысына
N 2 қосымша
1996 жылы Қазақстан Республикасының бюджетiнен
Конверсия бағдарламасына бөлiнетiн қаражатты
БӨЛУ
___________________________________________________________________
Кәсiпорындардың, ұйымдардың |Қаражат| соның iшiнде
атауы |көлемi |________________________
| мың |азаматтық |тапсырыстың
| теңге |өнiмнiң |қысқартылуына
| |басым |байланысты
| |үлгiлерiн |берешектi
| |игеруге |өтеуге
___________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5
___________________________________________________________________
Конверсияға жұмсалатын шығыстар 400 000 380 000 20 000
соның iшiнде:
Өнеркәсiпсаудаминi 236 000 216 000 20 000
"Химия өнеркәсiбi" АҚ,
Павлодар қаласы 66 000 66 000
"Қорғау" ҰАҚ-ның кәсiпорындары
барлығы 170 000 150 000 20 000
соның iшiнде:
"Машина жасау зауыты" АҚ,
Алматы қаласы 14 000 10 000 4 000
"Гидромаш" зауыты" АҚ,
Алматы қаласы 23 000 20 000 3 000
"Ауыр машина жасау зауыты"АҚ,
Петропавл қаласы 5 000 5 000
"ЗИКСТО" АҚ, Петропавл қаласы
(Куйбышев) 1 000 1 000
"Атқарушы механизмдер зауыты" АҚ
Петропавл қаласы 1 000 1 000
"Киров атындағы ӨБ" АҚ,
Петропавл қаласы 11 000 10 000 1 000
"Тыныс" АҚ, Көкшетау қаласы 21 000 20 000 1 000
"Керамика" АҚ, Өскемен қаласы 32 000 30 000 2 000
"Омега" АҚ, Орал қаласы 21 000 20 000 1 000
"Шельф" АҚ, Атырау қаласы 1 000 1 000
"Көкше" АҚ, Көкшетау қаласы 20 000 20 000
"Оралдың Зенит зауыты" АҚ,
Орал қаласы 20 000 20 000
Энергиякөмiрминi 143 000 143 000
"КАТЭП" ҰАҚ-ның кәсiпорындары
"Серебрянск органикалық емес
өндiрiстер зауыты" АҚ,
Серебрянск қаласы ШҚО 25 000 25 000
"Тың кен-химия комбинаты" МХК,
Степногорск қаласы 55 000 55 000
Батыс кен басқармасы 15 000 15 000
"Ертiс химия-металлургия зауыты"
АҚ, Первомайск поселкесi ШҚО 48 000 48 000
Ғылымминi 21 000 21 000
"Алатау" АҚ, Алматы қаласы 15 000 15 000
Арнаулы конструкторлық-технологиялық
бюро, Алматы қаласы 6 000 6 000
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 11 қаңтардағы
N 53 қаулысына
N 3 қосымша
Журналдар мен газеттер редакцияларының залалдарын
өтеуге 1996 жылы республикалық бюджеттен бөлiнетiн
қаражат
(мың теңге)
___________________________________________________________________
Құрылтайшы | Бөлiнетiн |Газеттер мен журналдар
| қаражат |редакцияларының атауы
___________________________________________________________________
Баспасөз және 486000 Егемен Қазақстан (газет)
бұқаралық ақпарат Казахстанская правда (газет)
iстерi жөнiндегi Коре ильбо (газет)
ұлттық агенттiк Уйғур авази (газет)
Дойче альгемайне (газет)
Украински новини (газет)
Балдырған (журнал)
Ұлан (газет)
Дружные ребята (газет)
Қазақ елi (газет)
Түркiстан (газет)
Ана тiлi (газет)
Новое поколение (газет)
Жас алаш (газет)
Қазақ әдебиетi (газет)
Ақиқат (журнал)
Мысль (журнал)
Ақ желкен (журнал)
Жұлдыз (журнал)
Жалын (журнал)
Постор (журнал)
Парасат (журнал)
Апталық заң газетi
Абай (журнал)
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 11 қаңтардағы
N 53 қаулысына
N 4 қосымша
Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң республикалық
бюджеттен жергiлiктi бюджеттерге берiлетiн арнаулы оқу
орындарының
ТIЗБЕСI
Ақмола облысы
1. Ақмола құрылыс және менеджмент колледжi
Атырау облысы
2. Атырау политехника колледжi
Шығыс Қазақстан облысы
3. Өскемен құрылыс колледжi
Батыс Қазақстан облысы
4. Орал политехника колледжi
Қарағанды облысы
5. Қарағанды дене тәрбиесi техникумы
6. Темiртау политехника колледжi
7. Шахтинск технология колледжi
Көкшетау облысы
8. Щучинск индустриялық-педагогика колледжi
9. Көкшетау политехника колледжi
Павлодар облысы
10. Павлодар машина жасау колледжi
11. Павлодар химия-механика колледжi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 11 қаңтардағы
N 53 қаулысына
N 5 қосымша
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация
министрлiгiнiң 1996 жылдың 1 қаңтарынан бастап
республикалық бюджеттен жергiлiктi бюджеттерге
берiлетiн кәсiптiк-техникалық училищелерiнiң
ТIЗБЕСI
Ақтөбе облысы
1. N 1 КТУ
Ақмола облысы
2. N 1 КТУ
Шығыс Қазақстан облысы
3. N 1 КТУ
Жамбыл облысы
4. N 2 КТУ
5. N 7 КТУ
Қызылорда облысы
6. N 2 КТУ
Павлодар облысы
7. N 6 КТУ
Семей облысы
8. N 5 КТУ
Оңтүстiк Қазақстан облысы
9. N 1 КТУ
Алматы қаласы
10. N 4 КТУ
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 29 сәуiрдегi
N 53 қаулысына
6-қосымша
Ескерту. Қаулы 6-қосымшамен толықтырылды - ҚРҮ-нiң
1996.04.29. N 530 қаулысымен.
1996 жылы таратылуға, қайта ұйымдастырылуға, шаруашылық
есепке көшiрiлуге және жекешелендiрiлуге жататын
денсаулық сақтау мекемелерiнiң тiзбесi
1. Облыс
2. Төсектердiң қысқартылуы
Мекемелердiң таратылуы:
3. Ауруханалар
4. Диспансерлер
5. Емханалар
6. Диспансерлер аурухана мек. бөлiмшелерi болып қайта
ұйымдастырылсын
7. Селолық дәрiгерлiк амбулаториялар
8. Селолық учаскелiк ауруханалар
9. Санаторийлер
10. Денсаулық орталықтары
11. Денсаулық пункттерi
12. Қалалық сан-эпидстанциялар дезстанциялар
13. Аудандық сан-эпидстанциялар
Қайта ұйымдастыру:
14. Селолық учаскелiк ауруханалар, селолық дәрiгерлiк
амбулаторияларға
15. Селолық дәрiгерлiк амбулаториялар, фельдшерлiк
акушерлiк пункттерге
16. Шаруашылық есептегi стоматологиялық емханаларға ауыстыру
17. Жекешелендiру
_____________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9
_____________________________________________________________________
Республика
бойынша 5300 3 5 6 9 5 7 4
барлығы
Ақмола
Ақтөбе
Алматы
Атырау
Шығыс Қазақстан 530 2 3 2
Жамбыл 1 2
Жезқазған 1000
Батыс Қазақстан
Қарағанды
Қызылорда 450 1 4 7
Көкшетау
Қостанай 2930
Маңғыстау 390 4 1
Павлодар
Солтүстiк Қазақстан
Семей
Талдықорған 2
Оңтүстiк Қазақстан 1 4 3 2
Алматы қаласы
___________________________________________________________________-
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17
___________________________________________________________________
4 20 3 5 52 6 10 16
20 2 3
1 1
4
1
1 5
4
15 3 3
20 6
1 1
2
1
1 3
4 10