Кәсiпорындардың балансындағы тұрған әлеуметтiк мәдени-тұрмыстық объектiлердi жергiлiктi атқару органдарына берудiң және оларды одан әрi пайдаланудың тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң ҚАУЛЫСЫ 1995 жылғы 14 шiлде N 975

      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 29 шiлдедегi N 849 P940849_ (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 32, 355-бап) қаулысымен бекiтiлген 1994-1995 жылдары реформаларды тереңдету және экономиканы тұрақтандыру жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң iс-әрекетi Жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Кәсiпорындардың балансында тұрған әлеуметтiк мәдени-тұрмыстық объектiлердi жергiлiктi атқару органдарына берудiң және оларды одан әрi пайдаланудың тәртiбi туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
      2. Облыстардың, Алматы қаласының әкiмдерi тиiстi министрлiктермен келiсе отырып, объектiлердi кәсiпорындардың балансынан жергiлiктi атқару органдарының қарамағына кезеңмен беру жөнiндегi қажеттi шараларды әзiрлесiн және жүзеге асырсын.
 

     Қазақстан Республикасының

       Премьер-министрi



                                        Қазақстан Республикасы



                                        Министрлер Кабинетiнiң

                                        1995 жылғы 14 шiлдедегi

                                          N 975 қаулысымен

                                            БЕКIТIЛГЕН



 
           Кәсiпорындардың балансында тұрған әлеуметтiк
          мәдени-тұрмыстық объектiлер жергiлiктi атқару
          органдарына берудiң және оларды одан әрi
              пайдаланудың тәртiбi туралы
                     Е Р Е Ж Е
 
                I. Жалпы ережелер
 
      1. Осы Ереже кәсiпорындардың балансында тұрған денсаулық сақтау, бiлiм беру, мәдениет, тұрғын үй қоры және басқа әлеуметтiк саланың (бұдан әрi - әлеуметтiк мәдени-тұрмыстық объектiлер) мекемелерi мен ұйымдарын, сондай-ақ ғылыми мекемелер-агроқалашықтар жанындағы (бұдан әрi - кәсiпорындар) әлеуметтiк инфрақұрылымының объектiлерiн жергiлiктi әкiмдердiң қарамағына берудiң және бұл объектiлердi одан әрi пайдаланудың тәртiбiн белгiлейдi.
      Жергiлiктi атқару органдарына берiлуге сол аймақ және тұтас алғанда республика үшiн әлеуметтiк маңызы бар әлеуметтiк мәдени-тұрмыстық объектiлер жатады.
      Кәсiпорындардың балансында тұрған және оның әлеуметтiк инфрақұрылымын қалыптастыру үшiн қажеттi әлеуметтiк мәдени-тұрмыстық объектiлер кәсiпорындардың балансында қалуы мүмкiн. Мұндай объектiлердi одан әрi ұстау осы кәсiпорынның қаржы есебiнен жүзеге асырылады.
      2. Кәсiпорындардың балансында тұрған әлеуметтiк мәдени-тұрмыстық объектiлерiн жергiлiктi әкiмдердiң иелiгiне берген кезде олардың мүлкi баланстық құны бойынша өтеусiз берiледi.
      3. Жергiлiктi әкiмшiлiктiң балансына берiлген объектiлер сатуға (тұрғын үй қорынан басқасы), сондай-ақ қызмет бейiмiн өзгертуге жатпайды және одан әрi тiкелей өз мақсатында пайдаланылады. Қажет болған кезде жекелеген жағдайларда мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi аумақтық комитеттердiң және салалық министрлiктердiң келiсiмiмен жергiлiктi атқару органдары әлеуметтiк мәдени-тұрмыстық объектiлердi қайта бейiмдеуi мүмкiн.
 
        II. Әлеуметтiк мәдени-тұрмыстық объектiлер мен тұрғын үй
            қорын қабылдау-беру жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру
 
      4. Аталған объектiлердi жергiлiктi атқару органдарының қарамағына қабылдау-беру жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру үшiн құрамында мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi аумақтық комитеттердiң, жергiлiктi әкiмдер жанындағы қозғалмайтын мүлiкке баға беру және тiркеу басқармаларының, объектiлердi беретiн кәсiпорындардың басшылары, жергiлiктi атқару органдарының өкiлдерi бар аумақтық комиссиялар құрылады.
      5. Аумақтық комиссиялар берiлетiн объектiлер бойынша мынадай деректердiң даярлануын қамтамасыз етедi:
      кәсiпорындардың балансында тұратын және жергiлiктi атқару органдарына беруге жататын сол аймақ және тұтас алғанда республика үшiн әлеуметтiк маңызы бар әлеуметтiк-тұрмыстық объектiлердiң жалпы тiзбесi;
      объектiлер туралы жалпы мәлiметтер - құрылымы, қызметiнiң түрi, жүйесi, объектiнiң штаты және құрамы, қаржыландыру көлемi;
      аталған объектiлердi беру кестесi (кезегi).
      6. Объектiлердi беру кезегi, әдеттегiдей, мынадай тәртiппен айқындалады:
      а) конверсияланатын кәсiпорындардың балансында тұрған және 1995 жылға арналған республикалық бюджетте аталған мақсаттар үшiн көзделiнген қаржылар шеңберiнде республика Үкiметiнiң шешiмiмен бекiтiлген тiзiлiмге сәйкес жергiлiктi әкiмдердiң балансына беруге жататын әлеуметтiк мәдени-тұрмыстық объектiлер (мектеп жасына дейiнгi балалар мекемелерi, медициналық-санитарлық бөлiмдер, тұрғын үй қоры);
      б) қала түзетiн кәсiпорындардың, ғылыми-мекемелер-агроқалашықтардың балансында тұрған әлеуметтiк мәдени-тұрмыстық объектiлер. Бұл объектiлер 1995-1996 жылдарда жергiлiктi әкiмдердiң балансына жергiлiктi бюджеттiң қаржылық мүмкiндiгiне қарай берiледi;
      в) а) және б) тармақшаларында ескерiлмеген әлеуметтiк мәдени-тұрмыстық объектiлер жергiлiктi бюджет қаражаты мен қосымша тартылған көздердiң есебiнен ұсталынып келiп 2000 жылға дейiн жергiлiктi әкiмдердiң балансына берiледi.
      7. Кәсiпорындардың балансында тұрған және жергiлiктi атқару органдарына беруге жататын әлеуметтiк мәдени-тұрмыстық объектiлердiң тiзбесiн жергiлiктi әкiмдер алдағы жылдың мемлекеттiк бюджеттiң жобасын жасау үшiн белгiленген мерзiмде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне және тиiстi салалық министрлiктерге (ведомстволарға) жыл сайын берiп отырады.
 
                  III. Беру тәртiбi
 
      8. Кәсiпорындардың қарамағында тұрған объектiлердi қабылдау-беру мәселелерiн жергiлiктi әкiмдер қарайды және беретiн жақтың келiсiмi бойынша қаржыландыру көздерiн көрсете отырып, оның берiлгенi туралы шешiм қабылданады.
      9. Қабылданатын объектiлер техникалық түзу күйiнде болуы керек. Объектiлердiң қызмет бөлмелерi, техникалық құжаттамаларымен және құрал-саймандарымен бiрге қабылданады. Аталған құжаттамалар болмаған кезде берушi жақ оларды қалпына келтiруге тиiс.
      10. Объектiлердi беру қабылдаушы мен берушi жақтар қол қойған және мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi аумақтық комитет бекiткен қабылдау-беру актiсiнiң негiзiнде жүзеге асырылады.
      Жекелеген жағдайларда әлеуметтiк мәдени-тұрмыстық объектiнi қабылдау-беру актiсiнде оны қаржыландырудың көздерiн анықтайтын қосымша шарттар берiлуi мүмкiн.
      11. Объектiлердi қабылдау-беру актiлерiнде:
      берiлетiн объектiлердiң жүйесi, штаты, құрамы;
      қажеттi техникалық сипаттамасы, олардың баланстық құны көрсетiлген қызмет бөлмелерiнiң тiзбесi нақты көрсетiлуге жатады.
      Кәсiпорындардың, ұйымдардың қаржылық жоспарында қарастырылған қаржылық және басқа көрсеткiштер әлеуметтiк-мәдени сала мекемелерiнiң бекiтiлген шығындар сметасына сәйкес берiледi. Бұл орайда ажыратылған баланс қоса берiледi.
      12. Объектiлердi қабылдау-беру актiсi барлық қосымшалармен бiрге 4 дана етiп жасалады, олардың бiреуi - жергiлiктi әкiмге, тағы бiрi - берiлетiн объектi тұрған жердегi қаржы органына жiберiледi.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады