"Қазақстан Республикасынан экспортталатын шикiзат тауарларын кедендiк жариялау және оларға салық салу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 6 қарашадағы N 1461 P951461_ қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
3-тармақ мынадай мазмұндағы жаңа абзацтармен толықтырылсын:
"Қазақстан кәсiпорындарының салық салу мұқтаждары үшiн Қазақстан Республикасынан тауардың экспортталған фактiсiн растаудың қажеттi және жеткiлiктi шарттары мыналар болып табылады";
кәсiпорын орналасқан жердегi салық органына қазақстан кәсiпорнының шетелдiк фирмасымен немесе Қазақстан Республикасының резидентi болып табылмайтын өзге де тұлғасымен (бұдан әрi - шетелдiк сатып алушы) экспорттық контрактiсiн толық көлемде беруi, онда ТМД елдерiнен тысқары шығаруға арналған, соның iшiнде оларды ТМД кәсiпорындарында өңдеуден кейiн соңғысының сатып алатын қазақстан тауарлары да көрсетiлуi тиiс;
оған қазақстан кәсiпорны берген немесе қазақстан кәсiпорнынан шетелдiк сатып алушы сатып алған және ол ТМД кәсiпорнына берiлген шикiзат өңделiп, экспортқа шығарылатын өнiм туралы кеден жариялаудың көшiрмесi берiлiп, дайын өнiм құрамында ТМД-дан тысқары шығарылғаны туралы ТМД кәсiпорнының жазбаша растамасы.
Қазақстан Республикасында өндiрiлiп, ТМД-дан тысқары шығарылатын шикiзаттың шығарылымына жазбаша растама мен өнiмнiң экспортқа шығарылатыны туралы кеден жариялануының көшiрмесiн берiп, оларды салық органдарына беру көрсетiлген тауарларды экспортқа шығаруға, соның iшiнде кейiн ТМД елдерiнде өңдеу үшiн де жариялаған қазақстан кәсiпорнына жүктеледi. Кейiн ТМД-дан тысқары шығаруға арналып, өңдеу үшiн ТМД кәсiпорнына тауар беру қарастырылған контрактiнi шетелдiк сатып алушымен жасау кезiнде Қазақстан кәсiпорны өз кезегiнде жоғарыда аталған жазбаша растама мен өнiмнiң экспортқа шығарылуы туралы кеден жарияланымының көшiрiмдерiн берудi шетелдiк сатып алушы мiндетiне жүктеуге мiндеттi.
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235 Z952235_ Заң күшi бар Жарлығының 161-бабының 2-тармағына сәйкес салық органдары есептеме жүргiзу немесе қазақстан кәсiпорнының тiлегiмен қосылған құн салығының сомасын қайтару туралы шешiм қабылдайды. Мұнда қосылған құн салығының сомасын қайтару бюджетке салықтың осы түрi бойынша жалпы түсiмнiң есебiнен жүзеге асырылады.
Осы қаулының күшi 1995 жылғы 11 қазаннан кейiн қалыптасқан құқықтық қатынастарға қолданылады деп белгiленсiн".
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi