Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының жерiн запастағы жер қорының құрамына беру туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 7 ақпан N 172

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының жерiн қосымшаға сәйкес Қарағанды, Павлодар және Семей облыстарының запастағы жер қорының құрамына көшiру жөнiнде Қарағанды, Павлодар және Семей облыстарының әкiмдерiмен, Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгiмен, Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен, Экономика министрлiгiмен келiсiлген ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi ауыл шаруашылығының, өнеркәсiптiң мұқтажы және басқа мақсаттар үшiн ядролық жарылыс жүргiзiлген запастағы жерлердi жеке меншiкке немесе жер пайдалануға беру Тәртiбiн бекiткенге дейiн, осы қаулының 1-тармағына сәйкес, запастағы жер қорына көшiрiлген жерлерден жер учаскелерiн аталған мақсаттар үшiн тек Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен, Экология және биоресурстар министрлiгiмен, Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығымен келiсiлген соң тиiстi облыстардың әкiмдерi бередi деп белгiленсiн.
      Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Экология және биоресурстар министрлiгi, Ауыл шаруашылығы министрлiгi және Ұлттық ядролық орталығы 3 ай мерзiмде аталған Тәртiптi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне енгiзетiн болсын.
      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бiрлесе отырып Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының жер учаскелерiмен жер пайдалану құқын, санитарлық-қорғаныштық аймақтар үшiн пайдаланылып отырған және тiкелей ядролық жарылыс жүргiзiлген орындардың жерлерiн қоса отырып, оның балансындағы салынған үйлер мен ғимараттарды беруi жөнiнде ұсыныс әзiрлеп, оны Қарағанды, Павлодар және Семей облыстары әкiмдерiнiң қарауына енгiзсiн.
      4. Қарағанды, Павлодар және Семей облыстарының әкiмдерi ядролық

қару сынау жүргiзiлген және радиациялық ластанған запастағы жерлердi
қорғау мен оның пайдаланылуына бақылауды ұйымдастыру жөнiнде қажеттi
шаралар қабылдайтын болсын.

     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi

                                            Қазақстан Республикасы
                                                 Үкiметiнiң
                                            1996 жылғы 7 ақпандағы
                                               N 172 қаулысына
                                                    ҚОСЫМША

             Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының жерiн
                     запастағы жер қорының құрамына
                                КӨШIРУ

                                                         мың гектар
___________________________________________________________________
 Жерлерi бұрынғы | Запастағы жер қорының құрамына көшiрiлетiн жер
  Семей ядролық  |             учаскелерiнiң аумағы
сынақ полигонының|_________________________________________________
  пайдалануында  |бар.|               оның iшiнде
 болған аудандар.|лығы|____________________________________________
    дың атауы    |    |ауыл шаруа.|          одан          |басқа
  (52605 әскери  |    |  шылығы   |________________________|да жер
      бөлiм)     |    | алаптары  |егiстiк|шабындық|жайылым|алаптары
_________________|____|___________|_______|________|_______|_______

                           Қарағанды облысы

Қазыбек би ауданы 131,7    100        -        -      100      31,7

                            Павлодар облысы

Май ауданы         706     615,3      21       2      592,3    90,7

                            Семей облысы

Абралы ауданы     899,3    593,1       -      10,3    582,8    306,2
Жаңасемей ауданы   79,6     54         -        -      54       25,6
Семей облысы
бойынша
қорытындысы       978,9    647,1       -      10,3    636,8    331,8
Бұрынғы Семей
ядролық сынақ
полигоны бойынша
барлығы          1816,6   1362,4       21     12,3   1329,1    454,2 
     
      
      


О переводе земель бывшего Семипалатинского испытательного ядерного полигона в состав земель запаса

Постановление Правительства Республики Казахстан от 7 февраля 1996 г. N 172

      Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Принять предложение Государственного комитета Республики Казахстан по земельным отношениям и землеустройству, согласованного с акимами Карагандинской, Павлодарской и Семипалатинской областей, Министерством экологии биоресурсов, Министерством сельского хозяйства и Министерством экономики Республики Казахстан, о переводе земель бывшего Семипалатинского испытательного ядерного полигона в состав земель запаса Карагандинской, Павлодарской и Семипалатинской областей согласно приложению.
      2. До утверждения Правительством Республики Казахстан Порядка о предоставлении в собственность или землепользование для нужд сельского хозяйства, промышленности и иных целей земель запаса, на которых производились ядерные взрывы, установить, что для указанных целей земельные участки из земель, переведенных в состав земель запаса в соответствии с пунктом 1 настоящего постановления, предоставляются акимом соответствующей области и только после согласования с Государственным комитетом Республики Казахстан по земельным отношениям и землеустройству, Министерством экологии и биоресурсов, Министерством сельского хозяйства и Национальным ядерным центром Республики Казахстан.
      Государственному комитету Республики Казахстан по земельным отношениям и землеустройству, Министерству экологии и биоресурсов, Министерству сельского хозяйства и Национальному ядерному центру Республики Казахстан в 3-месячный срок внести на утверждение Правительству Республики Казахстан указанный Порядок.
      3. Национальному ядерному центру Республики Казахстан совместно с Государственным комитетом Республики Казахстан по земельным отношениям и землеустройству разработать и внести на рассмотрение акимов Карагандинской, Павлодарской и Семипалатинской областей предложения по предоставлению Национальному ядерному центру Республики Казахстан права землепользования земельными участками, застроенными зданиями и сооружениями, находящимися на его балансе, включая земли, занятые под санитарно-защитные зоны, и места непосредственного проведения ядерных взрывов.
      4. Акимам Карагандинской, Павлодарской и Семипалатинской областей принять необходимые меры по организации охраны и контроля за использованием земель запаса, на которых проводились испытания ядерного оружия и они подвергались радиационному загрязнению.
    Премьер-Министр
 Республики Казахстан


                                                 Приложение

к постановлению Правительства Республики Казахстан от 7 февраля 1996 г. N 172


                            П Е Р Е В О Д

           земель бывшего Семипалатинского испытательного
              ядерного полигона в состав земель запаса
                                                           тыс.га
___________________________________________________________________
Наименование районов,! Площадь земельных участков, переводимых в
земли которых находи-!             состав земель запаса
лись в пользовании   !_____________________________________________
бывшего Семипалатин- ! всего !        в том числе
ского испытательного !       !_____________________________________
ядерного полигона    !       !сельско-!    из них          !прочих
(войсковая часть     !       !хозяйст-!____________________!земель-
52605)               !       !венных  ! пашни!сено-!пастбищ!ных
                     !       !угодий  !      !косов!       !угодий
_____________________!_______!________!______!_____!_______!_______
                         Карагандинская область

Казыбекбийский район   131,7   100        -     -     100     31,7

                         Павлодарская область

Майский район          706     615,3    21     2      592,3   90,7

                         Семипалатинская область

Абралинский район      899,3   593,1     -     10,3   582,8   306,2
Жанасемейский район    79,6    54        -      -     54      25,6

Итого по
Семипалатинской
области                978,9   647,1     -     10,3   636,8   331,8

Всего по бывшему
Семипалатинскому
испытательному
ядерному полигону      1816,6  1362,4   21     12,3   1329,1  454,2