"Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1804 P951804_ қаулысына мынадай өзгерту енгiзiлсiн:
2-тармақ мынадай редакцияда баяндалсын: "2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне төрағаның 5 орынбасарын, оның iшiнде төрағаның бiр бiрiншi орынбасарын және төрағаның бiр орынбасарын - мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi Ақмола аумақтық комитетiнiң төрағасын, сондай-ақ 11 адамнан тұратын алқа ұстауына рұқсат етiлсiн". Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi