1. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiнiң Өнеркәсiп және сауда министрлiгiмен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Дүниежүзiлiк сауда ұйымына мүшелiкке кiруi туралы Дүниежүзiлiк сауда ұйымы Бас директорының атына Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң атынан өтiнiш әзiрлесiн және берсiн.
2. Дүниежүзiлiк сауда ұйымының мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы ереже (қоса берiлiп отыр);
қосымшаға сәйкес Дүниежүзiлiк сауда ұйымының мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамы бекiтiлсiн.
3. Ведомствоаралық комиссия мүдделi министрлiктердi, мемлекеттiк комитеттердi және басқа орталық атқарушы органдарды тарта отырып Қазақстан Республикасының Дүниежүзiлiк сауда ұйымына кiруi үшiн қажеттi барлық құжаттарды әзiрлесiн.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1996 жылдың 1 наурызына дейiн Дүниежүзiлiк сауда ұйымына Қазақстан Республикасының мүшелiк жарнасын енгiзсiн.
5. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi Қазақстан Республикасының мүдделi министрлiктерiмен, мемлекеттiк комитеттерiмен және басқа орталық атқарушы органдарымен бiрлесiп сыртқы сауданың заң негiздерi мен тәртiбiн Дүниежүзiлiк сауда ұйымының принциптерi мен келiсiмдерiне сәйкес келтiру жөнiнде ұсыныс енгiзсiн. <*>
Ескерту. 5-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.01.13. N 35
қаулысымен. P010035_
5-1. Министрліктер мен ведомстволар Қазақстан Республикасының
Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына кіруі жөніндегі барлық мәселелерді, өтініштерді және ұсыныстарды Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымы мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиямен келіссін. <*> ЕСКЕРТУ. 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1998.09.16. N 910 қаулысымен. P980910_ 6. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1996 жылғы 11 қаңтардағы N 9 өкiмiнiң күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 19 ақпандағы N 211 қаулысына қосымша <*> ЕСКЕРТУ. Құрам өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.09.16. N 910 қаулысымен. P980910_ ЕСКЕРТУ. Құрам өзгерді - ҚРҮ-нің 1999.04.22. N 453 қаулысымен. P990453_ ЕСКЕРТУ. Құрам жаңа редакцияда - ҚРҮ-нің 1999.12.29. N 2015 қаулысымен. P992015_ Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.01.13. N 35 қаулысымен. P010035_ ЕСКЕРТУ. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.04.19. N 520 қаулысымен. P010520_ Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымының мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының ҚҰРАМЫ Жандосов - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Ораз Әлиұлы орынбасары, төраға Құлекеев - Қазақстан Республикасының Экономика және Жақсыбек Әбдірахметұлы сауда министрі, төрағаның орынбасары Әбіқаев - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер Нұртай Әбіқайұлы бірінші вице-министрі Досаев - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Ерболат Асқарбекұлы Зверьков - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуни. Вадим Павлович кациялар вице-министрі Кәкімжанов - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс Зейнолла Халидоллаұлы министрі Келімбетов - Қазақстан Республикасының Стратегиялық Қайрат Нематұлы жоспарлау жөніндегі агенттігінің төрағасы (келісім бойынша) Құзытбаева - Қазақстан Республикасының Әділет Ажар Қилымбекқызы вице-министрі Марченко - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Григорий Александрович төрағасы (келісім бойынша) Мусина - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Лилия Сәкенқызы вице-министрі Имашев - Қазақстан Республикасының Табиғи Берік Мәжитұлы монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің төрағасы <*> Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 19 ақпандағы N 221 қаулысымен БЕКIТIЛГЕН Дүниежүзiлiк сауда ұйымының (ДСҰ) мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы ЕРЕЖЕ
1. Дүниежүзiлiк сауда ұйымы (ДСҰ) (бұдан әрi - Комиссия деп аталады) мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның негiзгi мiндеттерi Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланыстар тетiгiне және Қазақстан Республикасының заңдарына, олардың ДСҰ принциптерi мен ережелерiне сәйкес келуi мақсатында шаралар әзiрлеу, қажеттi өзгертулер мен нақтылаулар енгiзу туралы ұсыныстар дайындау, ДСҰ шеңберiндегi көпжақты сауда келiссөздерiнiң қорытындылары есепке алынып Қазақстан Республикасының Ұлттық мүдделерiн қамтамасыз ету жөнiнде тиiстi шаралар қабылдау болып табылады.
2. Комиссия:
Қазақстанның ДСҰ-дағы келiссөз позициясына Қазақстанның ДСҰ-ға қосылуының түрлерi, кезеңдерi мен шарттарын қоса алғанда экономикалық саясаттың нақты мәселелерi бойынша, сондай-ақ көпжақты сауда келiссөздерiнiң барысында жасалған және ДСҰ қамқорлығымен күшiне енген келiсiмдерге ұсыныстар дайындайды;
Қазақстанның ДСҰ-ға қосылуы туралы келiссөзге әзiрлiктi қамтамасыз етедi;
Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметi жөнiндегi нормативтiк заңдылық актiлерiне, олардың ДСҰ-ның принциптерi мен ережелерiне сәйкестiгiн айқындау мақсатында сараптама жүргiзудi қамтамасыз етедi;
ДСҰ шеңберiндегi көпжақты сауда келiссөздерiнде Қазақстан позициясы бойынша ұсыныстар дайындайды және осы келiссөздерге Қазақстанның қатысуын қамтамасыз етедi;
мүдделi атқарушы өкiмет органдарының ДСҰ қызметiнiң негiзгi бағыттары жөнiнде ақпараттар алуына, ДСҰ қызметiнiң мәселелерi жөнiнде симпозиумдар, конференциялар ұйымдастыруға және өткiзуге, ғылыми зерттеулер мен жарияланымдар әзiрлеуге, сондай-ақ кадрлар даярлауға көмектеседi;
ДСҰ хатшылығына белгiленген тәртiппен Қазақстанның нормативтiк актiлерiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экономика және сыртқы экономикалық байланыстары жөнiнде статистикалық және басқа ақпараттық материалдарын жiбередi.
3. Осы Ереженiң 2-тармағында көрсетiлген мiндеттердi орындау үшiн Комиссия:
ДСҰ қызметiне Қазақстанның қатысуына байланысты мәселелердi шешу үшiн проблемаларды талдауға және ұсыныстар жасауға ғылыми мекемелердi, сондай-ақ отандық және шетелдiк сарапшыларды тартады;
өз қызметiнiң негiзгi бағыттары бойынша тиiстi салада маманданған ғылыми және тәжiрибелi адамдар қатысуы мүмкiн жұмыс топтарын құрады. Жұмыс тобының құрамын және оның жетекшiсiн Комиссия төрағасы немесе оның орынбасары бекiтедi.
4. Комиссияның жеке құрамын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
5. Комиссия жиналысы әр айдың соңғы бейсенбісінде өткізіледі, сондай-ақ олар қажетiне қарай Комиссия төрағасының шешiмi бойынша, ал ол болмағанда Комиссия төрағасы орынбасарының шешiмi бойынша өткiзiлуi мүмкiн. Егер оған мүшелердiң жартысынан көбi қатысса комиссия жиналысы күшi бар деп саналады. <*>
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi қажет болатын мәселелер бойынша комиссия тиiстi ұсыныстар енгiзедi. ЕСКЕРТУ. 5-тармақ өзгерді - ҚРҮ-нің 1999.04.22. N 453 қаулысымен. P990453_ 6. Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң бiр құрылымдық бөлiмшесi Комиссия қызметiн қамтамасыз ететiн жұмысшы орган болып табылады. <*> ЕСКЕРТУ. 6-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.09.16. N 910 қаулысымен. P980910_ ЕСКЕРТУ. 6-тармақ өзгердi - ҚР Үкіметінiң 2001.01.13. N 35 қаулысымен. P010035_