Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 19 ақпандағы N 211 P960211_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 8, 58-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
5-тармақта "Энергетика, индустрия және сауда министрлігі" деген сөздер
"Экономика және сауда министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген, Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ)
мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
6-тармақта "Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің" деген
сөздер "Экономика және сауда министрлігінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға қосымша қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 13 қаңтардағы
N 35 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымының
мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының
ҚҰРАМЫ
Жандосов - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Ораз Әлиұлы орынбасары, төраға
Құлекеев - Қазақстан Республикасының Экономика және
Жақсыбек Әбдірахметұлы сауда министрі, төрағаның орынбасары
Әбіқаев - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер
Нұртай Әбіқайұлы бірінші вице-министрі
Досаев - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі
Ерболат Асқарбекұлы
Зверьков - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуни.
Вадим Павлович кациялар вице-министрі
Кәкімжанов - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс
Зейнолла Халидоллаұлы министрі
Келімбетов - Қазақстан Республикасының Стратегиялық
Қайрат Нематұлы жоспарлау жөніндегі агенттігінің төрағасы
(келісім бойынша)
Құзытбаева - Қазақстан Республикасының Әділет
Ажар Қилымбекқызы вице-министрі
Марченко - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
Григорий Александрович төрағасы (келісім бойынша)
Мусина - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
Лилия Сәкенқызы вице-министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.