Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: "Меншiктiң барлық нысандарындағы кәсiпорындар мен ұйымдардан қолда бар ақшаның банк мекемелерiнiң кассаларына түсуiн бақылауды күшейту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 8 маусымдағы N 483 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 23, 286-бап) мынадай өзгертулер енгiзiлсiн: 7-тармақтағы "және түсiмдi банк кассаларына уақтылы өткiзбедi, оны мақсатқа сай пайдаланбады" сөздерi алынып тасталсын; 9-тармақ алынып тасталсын; 11-тармақтың үшiншi абзацы алынып тасталсын; 12-тармақтың екiншi, бесiншi, және жетiншi абзацтары алынып тасталсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi