Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 8 маусымдағы N 483 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 22 ақпан N 229. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.01.15. N 1050 қаулысымен. ~P970067


     Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
     "Меншiктiң барлық нысандарындағы кәсiпорындар мен ұйымдардан
қолда бар ақшаның банк мекемелерiнiң кассаларына түсуiн бақылауды
күшейту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993
жылғы 8 маусымдағы N 483 қаулысына (Қазақстан Республикасының
ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 23, 286-бап) мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
     7-тармақтағы "және түсiмдi банк кассаларына уақтылы өткiзбедi,
оны мақсатқа сай пайдаланбады" сөздерi алынып тасталсын;
     9-тармақ алынып тасталсын;
     11-тармақтың үшiншi абзацы алынып тасталсын;
     12-тармақтың екiншi, бесiншi, және жетiншi абзацтары алынып
тасталсын.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады