Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан Қазақстан
Республикасының Сыртқы iстер министрi қол қойған Ислам даму банкiнiң
Құрылтайшы шартына қосылу мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрi Депозитарийдi
Ислам даму банкiнiң Құрылтайшы шартына қосылу туралы жазбаша хабардар
етсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
ИСЛАМ ДАМУ БАНКIНIҢ
ҚҰРЫЛТАЙШЫЛЫҚ ШАРТЫ
Солардың атынан осы Шартқа қол қойылған Үкiметтер,
мұсылман елдерi халықтарының игiлiгiне жәрдемдесудiң және ислам принциптерi мен мұраттарының негiзiнде осы елдердiң үйлесiмдi және теңдестiрiлген дамуына қол жеткiзудiң қажеттiгiн жете түсiне отырып;
мұндай дамуға Ислам Конференциясының мүшелерi болып табылатын мұсылман елдерiнiң арасындағы өзара қаржылық және экономикалық ынтымақтастық жолымен тезiрек қол жеткiзуге болатынын еске ала отырып;
Ислам Конференциясының мақсаттарының бiрi, оның Жарғысында жазылғандай, оның мүшелерiнiң арасында экономика, әлеумет және қызметтiң басқа салаларындағы ынтымақтастықты күшейтуге көмектесу болып табылатынын атай отырып;
мүше-елдердiң iшiнде сондай-ақ олардан тысқары жерлерде, қаржылық және басқа ресурстарды жұмылдырудың, iшкi жиналған қор мен инвестицияларды көбейтудiң және мүше-елдерге капиталдың ағымын тартудың қажеттiгiн түсiне отырып;
исламның принциптерi мен мұраттарына негiзделген және дамуға, инвестициялауға және игiлiкке бағытталған және мұсылман қоғамдастығы бiрлiгiнiң және ынтымақтастығының iс жүзiндегi көрiнiсi болып табылатын халықаралық қаржы институтын құрудың қажеттiгiне осы контексте кәмiл сене отырып;
арабша аты ______ , ағылшынша Islamic Development Bank және французша Banque Islamique de Development деген атпен мына төмендегiдей принциптерде әрекет ететiн қаржы институтын құруға осы келiсiмдi жасады:
ШАРТТЫҢ БАПТАРЫ
I БӨЛIМ
МАҚСАТТАРЫ, ФУНКЦИЯЛАРЫ,
ӨКIЛЕТТIКТЕРI ЖӘНЕ МҮШЕЛЕРI
1-бап
МАҚСАТЫ
Ислам Даму Банкiн құрудың мақсатты (бұдан әрi Банк деп аталатын) шариғаттың принциптерiне сәйкес бiрге, сондай-ақ әрқайсысын жеке алғанда, Банкке мүше-елдердiң және мұсылман қауымдастықтарының экономикалық дамуына және әлеуметтiк iлгерiлеуiне көмектесу болып табылады.
2-бап
ФУНКЦИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ӨКIЛЕТТIКТЕРI
Өзiнiң мiндеттерiн орындау үшiн Банк мына төмендегiдей
функциялар мен өкiлеттiктерге ие болады:
(I) Банкке мүше-елдердiң келешегi бар жобаларына және
кәсiпорындарына акционерлiк капиталымен қатысу;
(II) тiкелей қатысу немесе басқа қаржылық мүмкiндiктер жолымен
осы елдердегi экономикалық және әлеуметтiк инфрақұрылым
объектiлерiн инвестициялау;
(III) өндiрiстiк объектiлерiн, кәсiпорындарын және
бағдарламаларын қаржыландыру үшiн мүше-елдер
экономикасының жеке және қоғамдық секторына заемдар
беру;
(IY) Банктiң мүшелерi болып табылмайтын елдердегi мұсылман
қауымдастықтарына жәрдем қорларын қоса алғанда, ерекше
мақсаттар үшiн арнайы қорларды құру және басқару;
(Y) траст (несие) қорларын басқару;
(YI) депозит салымдарын қабылдау және басқа да әдiстермен
ақшалай қаражаттарды көбейту;
(YII) әсiресе өндiрiс құралдарымен мүше-елдердiң арасында,
сыртқы сауданың дамуына жәрдем көрсету;
(YIII) уақытша еркiн қаражаттарды тиiмдi инвестициялау;
(IX) Банкке мүше-елдерге техникалық көмек көрсету;
(X) Банкке мүше-елдердiң даму бағдарламаларына қатысушы
персоналды оқытып-үйрету және даярлау мүмкiндiктерiн
кеңейту;
(XI) мұсылман елдерiндегi экономикалық, қаржылық және банк
қызметiнiң шариғат принциптерiне сәйкес келуiне көмегiн
тигiзетiн зерттеулердi жүзеге асыру;
(XII) мақсаттары ұқсас барлық органдармен, институттармен және
ұйымдармен Банк қолайлы деп санайтын және осы Шарттан
туындайтын нысандарда халықаралық экономикалық
кооперацияны өткiзуде ынтымақтастықты жүзеге асыру;
(XIII) Банктiң мақсаттарына жауап беретiн кез келген басқа
қызметтi жүзеге асыру.
3-бап
МҮШЕЛIК
1. Ислам Конференциясының "А" қосымшасында аталған, 66-бапта көрсетiлген күн аяқталғанға дейiн осы Шартқа қол қоятын және мүшелiктiң басқа да барлық шарттарын осы күннен бастап алты (6) ай iшiнде орындайтын мүшелер Банктiң мүше-құрылтайшылары болып саналады.
2. Ислам Конференциясының мүшесi болып табылатын кез келген басқа мемлекет кiру туралы мәлiмдей алады және Банкке мүше-елдердiң жалпы дауыс санының көпшiлiгiн бiлдiретiн, Басқарушылар Кеңесi жалпы санының дауыс көпшiлiгiмен белгiленген шарттарда осы Шарт күшiне енген соң қабылдана алады.
II БӨЛIМ
ҚАРЖЫЛЫҚ РЕСУРСТАР
4-бап
ЖАРҒЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЖАЗЫЛУ КАПИТАЛЫ
1. (а) Банк шотының валютасы Халықаралық Валюта Қоры ААҚ-ның (Ала Тұрудың Арнайы Құқықтары) бiр өлшем бiрлiгiне құны тең болатын ислам динары болып табылады.
(б) Банктiң жарғылық капиталы әрқайсысының нақты бағасы 10 мың (10 000) ислам динары болатын, 200 мың (200 000) акцияларға бөлiнген 2 млрд. (2 000 000 000) ислам динарына тең болады. Олар 5-баптың талаптарына сәйкес Банк мүшелерiнiң арасында жазылу үшiн жарияланатын болады. Банктiң жазылу капиталы бастапқы 750 млн. (750 000 000) ислам динарын құрайды.
2. Банктiң жарғылық капиталы қажет болуы мүмкiн кезде және сондай шарттарда Банк мүшелерi дауысының жалпы санының кем дегенде төрттен үшiн бiлдiретiн, Басқарушылар Кеңесi мүшелерi жалпы санының үштен екiсi болатын көпшiлiгiнiң, Басқарушылар Кеңесiнiң шешiмiмен көбейтiлуi мүмкiн.
5-бап
АКЦИЯЛАРҒА ЖАЗЫЛУ ЖӘНЕ БӨЛУ
1. Банктiң әрбiр мүшесi Банк Жарғы капиталының акцияларына жазылуға тиiс. Әрбiр мүшеге акциялардың ең аз саны екi жүз елу (250) болуға тиiс.
2. Банктiң әрбiр мүшесi 66-баптың 1 параграфында көрсетiлген уақыт бiткенше Жарғы капиталынан алған акцияларының бастапқы санын мәлiмдеуге тиiс.
3. 3-баптың 2 параграфына сәйкес Банк мүшелiгiне жiберiлген мемлекет 1-параграфқа орай Басқарушылар Кеңесi белгiлейтiн Банк Жарғы капиталының бөлiнбеген акцияларының сондай санына жазылуға тиiс.
4. Егер Басқарушылар Кеңесi Банктiң акционерлiк капиталын көбейту өзiн-өзi ақтайды деп анықтаса, Банктiң әрбiр мүшесi Жарғы капиталын көбейткенге дейiнгi акциялардың жалпы санындағы осы мүшенiң үлесiне тең болатын, өскен акционерлiк капиталдың сол үлесiне Басқарушылар Кеңесi белгiлеген шарттарда жазылу мүмкiндiгiне ие болады; бiрақ жоғарыда аталған ереже осы Баптың 3 және 5-параграфтарын негiзге ала отырып, Басқарушылар Кеңесiнiң шешiмiн қолданысқа енгiзуге ғана арналған, акционерлiк капиталдың кез келген көбеюiне және кез келген үлесiнiң көбеюiне қатысты қолданылмайтын болады. Мүшелердiң ешқайсысы акционерлiк капиталдың көбеюiнiң қайсыбiр бөлiгiне жазылуға мiндеттi емес.
5. Банктiң кез келген мүшесiнiң өтiнiшi бойынша Басқарушылар Кеңесi белгiлеген шарттарда, Банк мүшелерi дауысының жалпы санының көпшiлiгiн бiлдiретiн, Кеңес мүшелерi дауысының көпшiлiгiнiң шешiмiн қабылдау жолымен Банктiң осы мүшесi үшiн жазылу жөнiндегi таратылған акциялардың санын көбейте алады.
6. Құрылтайшы-мүшелердiң акцияларға бастапқы жазылуы олардың нақты бағасы бойынша жүргiзiледi. Егер Басқарушылар Кеңесi Банк мүшелерi дауысының жалпы санының кем дегенде төрттен үшiн бiлдiретiн. Кеңес мүшелерi дауысы санының үштен екiсiнiң көпшiлiгi басқа шарттарда ерекше бiр жағдайларда оларды шығару жөнiнде шешiм қабылдамаса, басқа акциялар нақты бағасымен шығарылады.
6-бап
ЖАЗЫЛУ ҮШIН ТӨЛЕМДЕР
1. Құрылтайшы-мүшелер бастапқыда жазылған акциялар үшiн төлем әрқайсысы жиырма (20) процент болатын бес (5) теңдей жарналармен жүргiзiлуге тиiс.
2. Бiрiншi жарнаны мүше Банк қабылдайтын еркiн өтiмдi валютада осы Шарт күшiне енген күннен бастап отыз (30) күн iшiнде немесе Банк мүшесiне кейiнiрек қабылданған бекiту құжаттарын тапсырған күннен бастап төлейдi.
3. Акциялардың бастапқы жазылуының қалған 90 % де Банк қабылдайтын еркiн өтiмдi валютада, төрт (4) теңдей жарналармен төленуге тиiс. Бұлардың әрқайсысы осы баптың 2-параграфында көзделген бiрiншi төлем енгiзiлген күннен бастап жыл аяқталғанша енгiзiлуге тиiс, сондай-ақ Банк мүшесiнiң тiлегi бойынша ол жазылудың қалған сомасын белгiленген мерзiмге дейiн енгiзе алады.
4. Банк осы бапта көзделген кез келген төлемнiң орнын белгiлейдi. Бұған дейiнгi осы баптың 2-параграфының күшi жүретiн бастапқы жарналар Банк депозитарийi болып табылатын Сауд Арабиясының Монетарлық Агенттiгiнiң (Monetary Agency) есебiне жүргiзiледi.
7-бап
АКЦИОНЕРЛIК КАПИТАЛҒА ҚАТЫСТЫ ЖАҒДАЙЛАР
1. Акционерлiк капиталдық акциялары ешқандай да нысанда кепiл бола алмайды немесе кепiлдiкке берiлмейдi және 6 Бөлiмге сәйкес Банктен басқа жерге аударылмайды.
2. Банк мүшесiнiң акциялар жөнiндегi мiндеттемелерi жазылу капиталының төленбеген үлесiмен шектеледi.
3. Банк мүшелерiнiң ешқайсысы Банктегi мүшелiгiн ғана негiзге ала отырып, Банк мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
8-бап
ДЕПОЗИТТЕР
Банк әзiрлеген ережелерге сәйкес орналастырылатын және басқарылатын депозиттiк салымдарды Банк қабылдай алады.
9-бап
ҚАРАПАЙЫМ КАПИТАЛ РЕСУРСТАРЫ
Осы Шарттағы "Қарапайым капитал ресурстары" терминiне мыналар
кiредi:
(I) 5-бапқа сәйкес жазылу капиталы;
(II) 8-бапқа сәйкес орналастырылған Банк депозиттерi;
(III) берiлген несиелер үшiн, бағалы қағаздарды сатудан және
кәдiмгi операциялардан түскен кiрiстерден төлем түрiнде
алынған сомалар;
(IY) Банк алған кез келген басқа ақшалай қаражаттар немесе оның
меншiгiнде бар немесе ол алған және Арнайы немесе Траст
қорларының бөлiгi болып табылмайтын тиiсiнше 10 және 11
баптарға сәйкес табыс.
10-бап
АРНАЙЫ ҚОРДЫҢ РЕСУРСТАРЫ
Осы Шарттағы "Арнайы қордың ресурстары" терминiне мыналар кiредi:
(I) Банк мүшелерiнiң кез келген арнайы қорға қосу үшiн енгiзген
қаражаттары;
(II) кәдiмгi операциялар бойынша таза табыстың есебiне кез келген
арнайы қорға қосу үшiн Банк арнаған қаражаттар;
(III) арнайы қорлардан қаржыландыру нәтижесiнде алынған
қаражаттар;
(IY) Арнайы қордың қаражаттары операцияларынан алынған табыс,
сондай-ақ;
(Y) алынған немесе кез келген арнайы қордың меншiгiнде бар кез
келген басқа көздер.
11-бап
ТРАСТ ҚОРЫНЫҢ РЕСУРСТАРЫ
Осы Шарттағы "Траст қорының ресурстары" терминiне мыналар кiредi:
(I) траст шартына сәйкес басқару үшiн Банк алған қаражаттар;
(II) Траст қорларының қаражаттары операцияларының нәтижесiнде
алынған немесе төленген қаражаттар, сондай-ақ;
(III) Траст қорлары қаржыландыратын операциялардан алынған
табыс.
III БӨЛIМ
ОПЕРАЦИЯЛАР
12-бап
ҚАРАЖАТТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
Банктің қаражаттары мен мүмкiндiктерi дұрыс мағынадағы экономикалық принциптерi негiзiнде 1 және 2 баптарында белгiленген мiндеттердi және қызметтердi орындау үшiн ғана пайдалануға тиiс.
13-бап
ҚАРАПАЙЫМ, АРНАЙЫ ЖӘНЕ ТРАСТ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ
1. Банк операцияларына қарапайым, арнайы және траст операциялары кiредi.
2. Қарапайым операциялар - Қарапайым капитал ресурстары есебiнен қаржыландырылатын операциялар.
3. Арнайы операциялар - Арнайы қордың қаражаттарынан қаржыландырылатын операциялар.
4. Траст операциялары - Траст қорының қаражаттарымен қаржыландырылатын операциялар.
14-бап
ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ БӨЛЕК ЖҮРГIЗУ
1. Банктiң Қарапайым капитал ресурстары, Арнайы қордың ресурстары және Траст қорының ресурстары әрқашанда және барлық жағдайларда бiр-бiрiнен бөлек ұсталады, инвестицияланады немесе басқа әдiспен пайдаланылады. Банктiң қаржылық есептерi қарапайым, арнайы және траст операцияларын бөлек көрсетуге тиiс.
2. Банктiң Қарапайым капитал ресурстары ешқандай жағдайларда арнайы операциялар жүргiзуден немесе Арнайы және Траст қорлары арналған басқа қызметтен туындайтын шығындарды, зияндарды және мiндеттемелердiң есесiн толтыру үшiн пайдаланылмауға тиiс.
3. Қарапайым операцияларға тiкелей байланысты шығасылар Банктiң Қарапайым капитал ресурстары қаражаттарынан өтелуге тиiс. Арнайы және траст операцияларын жүргiзуге байланысты тiкелей шығасылар тиiсiнше Арнайы және Траст қорларының қаражаттары есебiнен өтелуге тиiс. Кез келген басқа шығасылар Банктiң өзi анықтайтын шотқа жатқызылуға тиiс.
15-бап
ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ЖҮРГIЗУДIҢ ӘДIСТЕРI
1 және 2 баптарда белгiленген мақсаттарын және мiндеттерiн
орындау жөнiнде Банк өз қызметiнде өзiнiң тәртiптерiн және ережелерiн
басшылыққа алады.
16-бап
ҚАРЖЫЛАНДЫРУ
1. Өзiнiң операцияларын орындау кезiнде Банк мына төмендегiлерге
тиiстi назар аударуға тиiс:
(I) өзiнiң заемдары үшiн кепiлдiк алуды қоса алғанда,
қаржыландыруды жүзеге асыру кезiнде өзiнiң мүдделерiн
қорғауды қамтамасыз ету;
(II) кредиттi алушы және оның кепiлi, егер ондай болса, контракт
бойынша өзiнiң мiндеттемелерiн орындау жағдайында болғанда
келешегiне;
(III) Банктiң аса дами қоймаған мүше-елдерiне қатысты
қажеттiлiктер;
(IY) Банкке мүше-елдер экономикасының жан-жақты дамуын қамтамасыз
ету;
(Y) экономикалық және әлеуметтiк даму және жұмысқа орналастыру
мүмкiндiктерiн кеңейту арқылы Банкке мүше-елдер
халықтарының әл-ауқатына жәрдемдесу, сондай-ақ;
(YI) Банктiң сол немесе оның өзге мүшелерiне бөлiнген
қаражаттарда сәйкессiздiктердiң болмауына назар аудару.
2. Қаржыландыруды алуға өтiнiш бiлдiрушi тиiстi ұсыныс жасауға тиiс, содан соң Банктiң Президентi атқару директорлары Кеңесiнiң қарауына осы ұсынысқа қатысты зерделеудiң негiзiнде жасалған ұсыныстармен бiрге жазбаша баяндама тапсырады.
3. Банк оның берген қаражаттарының бағытталған жерiне қатаң пайдалануы үшiн қажеттi iс-шаралар қабылдауға тиiс.
4. Акционерлiк капиталдың инвестициясына зор маңыз бере отырып, Банк қандай да бiр елге жұмсалған және осы елге берiлген кредиттердiң арасындағы ұтымды ара қатынасты қолдауға тиiс.
5. Банкке мүше-елдердiң арасындағы экономикалық кооперацияны қамтамасыз ететiн жобаларға, бiрлескен кәсiпорындарды қоса алғанда, Банк мүмкiндiгiнше басымдық беруге тиiс.
6. Қаржыландыруға арналған әрбiр контракт тиiмдi инспекциямен қамтамасыз етiлуге және Банкпен бақылануға тиiс.
7. Банкке мүше-елдiң аумағында осы елдiң тiлегiне қарсы ешқандай да қаржыландыруды жүргiзе алмайды.
8. Банк жобаның жалпы бағасының бөлiгiн шет елдiк валютамен қаржыландыруды қамтамасыз ете алады, ал кейбiр жағдайларда Банктiң аса дами қоймаған мүше-елдерi үшiн елдiң iшкi ресурстарын жұмылдыру жөнiндегi күш-жiгердiң осындай қаржыландыруды ақтайтынына көзiн жеткiзген соң жергiлiктi валютамен де қаржыландыруды қамтамасыз ете алады.
9. Бәсекелестiк негiзде әдетте халықаралық сауданың тақырыбы болып табылатын көздерге ешқандай да шектеулер қойылмайды. Банк тиiстi және мұқият зерделеуден соң Банкке мүше-елдердiң қаржыларына жеңiлдiктi маржаны бере алады.
17-бап
АКЦИОНЕРЛIК КАПИТАЛҒА ҚАТЫСУ
1. Өзiнiң капиталымен акционерлiк қатысуы кезiнде Банк ұйғарылып отырған объектiнiң немесе кәсiпорынның табыс әкелуге қабiлеттi екендiгiнiң және олардың тиiстi түрде басқарылатынына және одан әрi де осылайша басқарылатынына көзiн жеткiзуге тиiс.
2. Банк ол қатысатын объектiлердiң және кәсiпорындардың акциялары бақылау пакетiн, бұның Банк мүдделерiн қорғау үшiн немесе осындай объектiнiң немесе кәсiпорынның табысын қамтамасыз ету үшiн қажет болған жағдайларды қоспағанда, сатып алмауға тиiс.
3. Банк осы жобаға талаптарды, Банк барып отырған тәуекелдiң дәрежесiн, әншейiнде осындай жобаларда инвесторлар ие болатын шарттарды еске ала отырып, қаржыландырылып отырған жобаның басшы кеңесiне бiр немесе одан көп директорларды тағайындаудағы дауыс құқығын және тағайындау құқығын қоса алғанда, ол қажет деп санайтын шарттарды қолдануға тиiс.
4. Банк өзi қолайлы деп санайтын шарттарда қатысудағы өзiнiң үлесiн сату құқығын өзiнде сақтайды. Бiрақ Банк өз акцияларының ешқандай санын Банкке мүше-елдердiң резиденттерi еместерге Банкке осындай мүше-елдiң келiсiмiнсiз сата алмайды.
5. Банк ол қаражаттарын инвестициялаған жобаларды немесе кәсiпорындарды басқару үшiн, Банк мүдделерiн қорғау үшiн қажет болған жағдайлардан басқа, жауап бермейдi.
6. Банк өзi акционерлiк капиталына қатысатын кәсiпорындарға, оның мүшелерi дауысы жалпы санының үштен екiсi мақұлдаған ерекше жағдайларды қоспағанда, кредиттер беруге тиiс емес.
7. Банк оның қаражаттарының өзiнiң инвестицияларын сату жолымен, ол қажет деп санаған кезде, айналымда болуына ұмтылуға тиiс.
8. Банк өзiнiң инвестицияларын акционерлеу нысандарын алуан түрлi етуге ұмтылуға тиiс.
18-бап
КРЕДИТТIК ЖОБАЛАР
Инфрақұрылымды дамытудың өзгешелiгi бар жобаларына кредиттер бере отырып, Банк қаражаттардың қайтарудың мүмкiндiгiн, сондай-ақ осындай жобалардың алушы ел үшiн маңызын және басымдығын еске алуға тиiс.
19-бап
КРЕДИТТЕРДIҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
Банкке мүше-елдерге кредиттердi берудiң бағдарламаларын әзiрлеу кезiнде, олардың институттары мен органдарын қоса алғанда, Банк берiлетiн кредиттердiң мақсаты экономикалық және әлеуметтiк даму арқылы халықтың әл-ауқатын көтеру болып табылатынына көзiн жеткiзуге тиiс.
20-бап
ЖОБАЛАР ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАЛАР БОЙЫНША КРЕДИТТЕРДIҢ ШАРТТАРЫ
1. Банкке мүше-елдiң ресурстарының жалпы жағдайын және оның төлем балансының жай-күйiн еске ала отырып, Банк 18-19-баптарға сәйкес берiлетiн кредиттер бойынша төлемдер сызбасын белгiлейдi.
2. Банкке мүше-ел шет елдiк валютаға зәру болғанда және осы елдiң немесе оның кез келген органының бұрынырақ ескерiлген шарттарда жасаған немесе кепiлдiк берген заемды орындауды қамтамасыз ете алмаған жағдайларда Банк өзiнiң қалауы бойынша кредиттi өтеудiң шарттарын өзгерте немесе заемның мерзiмiн ұзарта алады немесе оны да және басқасын да бiрге мұндай қадам нақты алушының мүдделерiн және Банктiң операцияларын ақтайтын болғанда ұзарта алады.
3. Банк әкiмшiлiк шығасыларын өтеу үшiн қызметтер үшiн төлем алады. Төлемнiң көлемiн және оны алудың әдiсiн Банк белгiлейдi.
21-бап
ҚАРАПАЙЫМ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ШЕКТЕУ
Инвестициялардың жалпы сомасы, мерзiмi өтiп кеткен заемдардың
сомасы және Банктің басқа қарапайым операциялары төленбеген жазылу
капиталының, резервтердiң, депозиттердiң және Қарапайым капитал
ресурстарына кiретiн басқа қорлар мен қалдықтардың жалпы сомасынан
еш уақытта да аспауға тиiс.
22-бап
АРНАЙЫ ҚОРЛАР
Арнайы қорларды Банк мыналар үшiн құрады:
(I) банктiң мүшелерi болып табылмайтын елдердегi мұсылман
қауымдарына көмек көрсету;
(II) техникалық көмек көрсету, немесе
(III) басқа өзгеше мақсаттар.
Бұл қорлар Банк белгiлеген ережелерге сәйкес басқарылады.
23-бап
ТРАСТ ҚОРЛАРЫ
Банк мақсаттары траст келiсiм - шартының шарттарына және Банк
әзiрлеген ережелерге сәйкес Банктiң мақсаттарымен және мiндеттерiмен
үйлесiмдi емес болып табылмайтын Траст қорларын өзiнiң басқаруына
қабылдай алады.
IV БӨЛIМ
ВАЛЮТАЛАР
24-БАП
АЛМАСУ БАҒАМЫН ЖӘНЕ ӨТIМДIЛIКТI БЕЛГIЛЕУ
1. Валюталардың ислам динарына бағамын анықтау, алмасу бағамына қатысты кез келген мәселенi шешу Банктiң құзырына жатады. Осы мақсаттар үшiн Банк, егер мұны қажет деп тапса, Халықаралық Валюта Қорының ақпаратын пайдалана алады.
2. Осы Шарттың шеңберiнде қажет болғанда барлық жағдайларда сол немесе өзге валюта еркiн өтiмдi болып табыла ма немесе жоқ па, мұндай анықтауды Банк жасайды. Қажет болғанда Банк консультация алу үшiн ХБК-ға өтiнiш жасай алады.
25-бап
ВАЛЮТАЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ АЙНАЛЫМЫ
1. Банкке мүше-ел Банктiң шоттарындағы өзiнiң валютасын немесе кез келген басқа валютаны алуға және пайдалануға шектеулер жасамауға тиiс.
2. Банкке мүше-ел Банктiң сұрауы бойынша Банк шоттарындағы өз валютасының 24-бапқа сәйкес валюталар айналымының күнiне қарай осы валюта үшiн белгiленген алмасу бағамы бойынша еркiн өтiмдi валютаға тез айналуына жәрдемдесуге тиiс.
3. Банктiң иелiгiнде тұрған, Банкке мүше болып табылмайтын елдердiң валюталары, ағымдағы банк операцияларының немесе соған қатысы бар Банкке мүше-елдiң келiсiмiмен болған жағдайлардан басқа, Банкке мүше-елдердiң валюталарын сатып алу үшiн пайдаланылмайды.
4. Банкке мүше-ел Банк қабылдаған еркiн өтiмдi валютада Банктiң табыстарын аударуға және репатриациясына ешқандай шектеу қоймауға тиiс.
26-бап
МӘМIЛЕЛЕР БАҒАСЫНЫҢ КӨРIНIСI
Банк кредиттерi, Банк басқаша белгiлей алатын арнайы
жағдайлардан басқа, АҚШ долларында көрсетiлуi тиiс. Кредит
келiсiмдерi бойынша Банк алдындағы барлық мiндеттемелер Банк
қабылдаған еркiн өтiмдi валютада төленуге тиiс.
V БӨЛIМ
ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ
27-бап
ҚҰРЫЛЫМЫ
Банкте Басқарушылар Кеңесi, Атқарушы директорлардың Кеңесi, Президент, бiр немесе одан көп президенттiң орынбасарлары, басқа да лауазымды адамдар және ол қажет деп санайтын персоналдар бар.
28-бап
БАСҚАРУШЫЛАР КЕҢЕСI: ҚҰРАМЫ
1. Банкке мүше-елдiң әрқайсысының Басқарушылар Кеңесiнде өкiлi болуға тиiс және ол бiр Басқарушыны және бiр Альтернатты тағайындайды. Әрбiр Басқарушы және әрбiр Альтернат оларды тағайындаған елдiң мүдделерiн бiлдiредi. Альтернат өзiнiң Басқарушысы жоқ болған жағдайда ғана дауыс беру құқығына ие болады. Өзiнiң жыл сайынғы жиналысында Басқарушылар Кеңесiнiң бiреуiн Кеңестiң төрағасы етiп тағайындайды, ол бұл орында Кеңестiң келесi жыл сайынғы жиналысында төраға сайланғанша отырады.
2. Басқарушылар және Альтернаттар өздерiнiң мiндеттерiн Банк тарапынан сыйақы алмай орындайды. Бiрақ Банк жыл сайынғы жиналыстарға байланысты ақылға сыйымды шамаларда шығындардың есесiн толтыра алады.
29-бап
БАСҚАРУШЫЛАР КЕҢЕСI: ӨКIЛЕТТIКТЕР
1. Банктiң толық билiгi Басқарушылар Кеңесiне жүктелген.
2. Басқарушылар Кеңесi Атқарушы директорлардың Кеңесiне
өкiлеттiктердiң барлығын немесе бiр бөлiгiн бере алады, мынадай
өкiлеттiктердi қоспағанда:
(I) жаңа мүшелердi қабылдау немесе оларды қабылдаудың шарттарын
белгiлеу;
(II) Банктiң жарғы капиталын көбейту немесе азайту туралы
шешiмдер қабылдау;
(III) мүшелердi шығарып тастау;
(IY) өзге түсiнiктен немесе осы Шартты атқарушы директорлары
Кеңесiнiң қолдануынан туындайтын шешiмдердi қабылдау;
(Y) басқа халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық туралы жалпы
келiсiмдер жасауды бекiту;
(YI) Банк президентiн сайлау;
(YII) Банктiң атқарушы директорларын сайлау;
(YIII) Атқарушы директорлардың жалақысы сомасын, Президенттiң
жалақысын және контрактiсiнiң басқа да шарттарын белгiлеу;
(IX) қараудан кейiн аудиторлық есептi, баланс есебiн және
банктiң табыстары мен шығындары туралы есептi бекiту;
(X) Банк резервтерiнiң көлемiн белгiлеу және таза пайдасы мен
қалдықтарын бөлу;
(XI) осы Шартқа өзгерiстер енгiзу;
(XII) банк операцияларын тоқтату және оның активтерiн бөлу
туралы шешiм қабылдау, сондай-ақ
(XIII) осы Шартқа сәйкес Басқарушылар Кеңесiне ғана жүктелетiн
басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асыру.
3. Осыған өкiлеттi Басқарушылар Кеңесi және Атқарушы Директорлардың Кеңесi, персонал үшiн ережелердi, зейнетақыларды және басқа да жәрдем ақыларды бөлу ережелерiн қоса алғанда, Банк iстерiн тиiстi түрде жүргiзу үшiн қажеттi ережелер мен тәртiптi қабылдай алады.
4. Басқарушылар Кеңесi оған Атқарушы Директорлар Кеңесiнiң осы Баптың 2 және 3-параграфтарына сәйкес берген өкiлеттiктерiн бақылау құқығын өзiнде сақтайды.
30-бап
БАСҚАРУШЫЛАР КЕҢЕСI: ПРОЦЕДУРАЛАР
1. Басқарушылар Кеңесi Кеңестiң жұмысы үшiн қажеттi немесе Атқарушы Директорлар Кеңесi шақыратын жыл сайынғы жиналысты және басқа кездесулердi шақырады. Басқарушылар Кеңесi жиналысын банк мүшелерiнiң 1/3 талабы бойынша Атқарушы Директорлардың Кеңесi шақыра алады.
2. Басқарушылар Кеңесiнде көпшiлiк дауыспен шешiм қабылдау үшiн кворум банк мүшелерi дауысы жалпы санының 2/3 құруға тиiс.
3. Басқарушылар Кеңесi, ол қажет деп санаған жағдайларда, Басқарушылар Кеңесiн шақырусыз ерекше мәселелер жөнiнде Басқарушылардың дауыс беруiнiң нәтижесiн ала алатын процедураларды белгiлеуге тиiс.
4. Басқарушылар Кеңесi мен Атқарушы Директорлар Кеңесi оның өкiлеттiктерiнiң шеңберiнде олар Банк жұмысы үшiн қажет деп санайтын қосымша органдарды құра алады.
31-бап
АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЛАРДЫҢ КЕҢЕСI: ҚҰРАМЫ
1. Атқарушы Директорлардың Кеңесi Басқарушылар Кеңесiнде мүше болмауға тиiс. Оның құрамында он (10) мүше бар. Атқарушы Директор болып экономика және қаржы мәселелерiнде жоғары бiлiктi және Басқарушылар Кеңесi белгiлеген ережелерге сәйкес сайланатын адам болуға тиiс.
2. Басқарушылар Кеңесi мезгiл-мезгiл Атқарушы Директорлар Кеңесiнiң саны мен құрамын қайта қарауға тиiс, олардың Кеңестегi санын қажет болғанда, Атқарушы Директорлар Кеңесiнiң өкiлдiгiн кеңейтуге ерекше назар аудара отырып, көбейте алады. Осы параграфқа сәйкес шешiмдер Банк мүшелерiнiң дауысы жалпы санының кем дегенде 2/3 бiлдiретiн Басқарушылардың дауыс көпшiлiгiмен қабылданады.
3. Атқарушы директорлар өздерiнiң қызмет орнында 3 жыл болады және қайта сайлануы мүмкiн. Олар қызметте өзiнiң мирасқоры сайланғанша немесе тағайындалғанша отырады. Егер атқарушы директорлардың қызметi өкiлеттiктерiнiң мерзiмi бiткенше 90 күн бұрын босаса, бұрынғы атқарушы директорды сайлаған сол басқарушылар қалған мерзiмге жаңа атқарушы директорды тағайындауға тиiс. Мұндай тағайындау үшiн басқарушылардың дауыс көпшiлiгi талап етiледi.
32-бап
АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЛАРДЫҢ КЕҢЕСI: ӨКIЛЕТТIКТЕРI
Атқарушы Директорлардың Кеңесi Банктiң жалпы операцияларын
өткiзуге жауап бередi және бұл мақсат үшiн осы Шартпен белгiленген
өкiлеттiктерге қосымша оған Басқарушылар Кеңесi берген өкiлеттiктердi
орындайды, атап айтқанда:
(I) Басқарушылар Кеңесiнiң жұмысын әзiрлейдi;
(II) Басқарушылар Кеңесiнiң жалпы директиваларға сәйкес Банк
iстерiн және оның операцияларын жүргiзуге қатысты
шешiмдер қабылдау;
(III) Басқарушылар Кеңесiн бекiту үшiн жыл сайын жылдық қаржы
есебiн беру;
(IY) Банк бюджетiн бекiту.
33-бап
АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЛАРДЫҢ КЕҢЕСI: ПРОЦЕДУРАЛАР
1. Атқарушы Директорлардың Кеңесi өзiнiң қызметiн Банктiң бас офисiнде жүзеге асыруға тиiс және Банк iстерiнiң талабына қарай жиналып отыруға тиiс.
2. Атқарушы Директорлардың Кеңесiндегi көпшiлiк Кеңестiң кез келген жиналысы үшiн, мұндай көпшiлiк Банк мүшелерi дауысы жалпы санының кем дегенде үштен екiсiн құрайтын болғанда, кворумды бiлдiруге тиiс.
3. Басқарушылар Кеңесi атқарушы директор болмаған жағдайда ережелер қабылдауға тиiс. Соларға сәйкес Банкке мүше-ел өзiнiң өкiлiн дауыс беру құқығынсыз осы елге қатысты мәселелердi қарау кезiнде Атқарушы Директорлар Кеңесiнiң жиналысына қатысу үшiн жiберуге тиiс.
34-бап
ДАУЫС БЕРУ
1. Банктiң әрбiр мүшесi бес жүз (500) негiзгi дауысқа және қол қойылған акцияның әрқайсысы үшiн бiр дауысқа ие.
2. Басқарушылар Кеңесiнде дауыс беру кезiнде әрбiр басқарушы өзi өкiлдiк ететiн мүше-елдердiң атынан дауыс бере алады. Басқарушылар Кеңесiнде барлық мәселелер, осы Шартта арнайы айтылып кеткен жағдайларды қоспағанда, дауыс көпшiлiгiмен шешiледi.
3. Атқарушы Директорлардың Кеңесiнде дауыс беру кезiнде әрбiр атқарушы директор оны сайлау кезiндегi есептелген дауыс санына ие. Атқарушы Директорлардың Кеңесiндегi барлық мәселелер, егер бұл осы Шартта арнайы айтылмаған болса, дауыс көпшiлiгiмен шешiледi.
35-бап
ПРЕЗИДЕНТ
1. Басқарушылар Кеңесi Банк мүшелерiнiң дауысы жалпы санының кем дегенде үштен екiсiн бiлдiретiн басқарушылар жалпы санының көпшiлiк дауысымен Банк Президентiн сайлайды. Ол Банкке мүше-елдiң азаматы болуға тиiс. Президент өзiнiң мiндеттерiн атқару кезiнде басқарушы немесе атқарушы директор болмауға тиiс.
2. Президент сайланатын мерзiм бес (5) жылға созылады. Президент қайта сайлануы мүмкiн. Бiрақ ол өзiнiң мiндеттерiн Банк мүшелерi дауысының жалпы санының кем дегенде үштен екiсiн бiлдiретiн, Кеңес мүшелерiнiң дауыс көпшiлiгiмен Басқарушылар Кеңесiнiң шешiмiмен тоқтатады.
3. Президент атқарушы дауыстар Кеңесiнiң Төрағасы болып табылады, бiрақ, ол шешушi дауыс беру құқына ие болғанда "ия" және "қарсы" дауыстарының тең болған жағдайларын қоспағанда, дауыс беру құқығы жоқ.
4. Президент Банктiң заңды өкiлi болып табылады.
5. Президент Банктiң басты атқарушы тұлғасы болып табылады және Басқарушылар Кеңесiнiң директиваларын басшылыққа ала отырып, Банктiң ағымдағы iстерiн өмiрде жүзеге асыруға тиiс. Ол iстi ұйымдастыру, лауазымды адамдар мен персоналды Банк ережелерiне сәйкес қызметке тағайындау және босату үшiн жауап бередi.
6. Лауазымды адамдарды және персоналды тағайындау кезiнде Президент ең көп географиялық өкiлдiктiң негiзiнде персоналды iрiктеуге тиiстi назар аудара отырып, тиiмдiлiк және техникалық бiлiктiлiктiң жоғары стандарттарын қамтамасыз етудiң маңыздылығын басшылыққа алуға тиiс.
36-бап
ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТ
1. Бiр немесе одан көп Вице-Президенттердi Президенттiң ұсынысы бойынша Атқарушы Директорлардың Кеңесi тағайындайды. Вице-Президент Банкке мүше-елдiң азаматы болуға тиiс. Ол Атқарушы Директорлар Кеңесi белгiлеген мерзiмде қызмет етедi, өкiлеттiктерге ие болады және қызметтердi орындайды. Президент болмағанда немесе оның мiндеттердi орындауға мүмкiндiгi болмағанда, Вице-Президент, ал егер олар бiрнешеу болса, онда дәрежесi бойынша бiрiншiсi Президенттiң өкiлеттiктерiне ие болады және Президенттiң мiндеттерiн орындайды. Вице-Президент осы қызметке отырғанда басқарушы немесе атқарушы директор болмауға тиiс.
2. Вице-Президент Атқарушы Директорлар Кеңесiнiң жиналыстарында қатыса алады, бiрақ, Вице-Президент немесе Президенттiң орында отырған дәрежесi бойынша бiрiншi Вице-Президент шешушi дауысқа ие болған жағдайларды қоспағанда, дауыс беру құқына ие болмайды.
37-бап
БАНКТIҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИПАТЫ ЖӘНЕ САЯСИ ҚЫЗМЕТКЕ ТЫЙЫМ САЛУ
1. Банк өзiнiң мақсаттары мен мiндеттерiн қандай да бiр түрмен шектейтiн, оларға ықпал ететiн немесе оларды өзгертетiн қарыздар, немесе көмектi бере алмайды.
2. Банк, оның Президентi, Вице-Президентi, атқарушы директорлары, лауазымды адамдары және персоналы Банктiң бiрде-бiр мүшесi саяси қызметке араласпауы тиiс, сол сияқты олардың шешiмдерiне осы шешiмдердiң қатысы бар Банкке мүше-елдердiң саяси сипаты да ықпал етпеуге тиiс. Олардың шешiмдерiне экономикалық мақсаткерлiк қана ықпал етуге тиiс. Мұндай ойлар Банктiң мақсаттары мен мiндеттерiне қол жеткiзу үшiн әдiл салмақталуға тиiс.
3. Банктiң Президентi, Вице-Президентi, лауазымды адамдары және персоналы қызмет бабындағы мiндеттерiн атқару кезiнде басқа ешқандай органның емес, Банктiң алдында ғана жауап бередi. Банктiң әрбiр мүшесi өз мiндеттерiнiң интернационалдық сипатын құрметтеуге тиiс және мiндеттерiн атқару кезiнде оларға ықпал ететiн барлық әрекеттерден тартынуға тиiс.
38-бап
БАНКТIҢ ОФИСI
1. Банктiң бас офисi Сауд Арабиясы корольдiгi, Джидда қаласында орналасады.
2. Банктiң басқа жерлерде де агенттiктерi мен өкiлдiктерi болуы мүмкiн.
39-бап
Қыжра жылы Банктiң қаржы жылы болып табылады.
40-бап
КОММУНИКАЦИЯ АРНАЛАРЫ, ДЕПОЗИТАРИЙЛЕР
1. Банкке мүше-елдiң әрбiрi лауазымды адамды тағайындайды. Банк онымен осы Шарттан туындайтын кез келген мәселе бойынша байланыса алады.
2. Банкке мүше-елдiң әрбiрi депозитор ретiндегi Банкпен келiсе отырып, өзiнiң орталық банкiн немесе басқа осындай органын белгiлеуге тиiс, онда Банк осы елдiң валютасы түрiндегi өз қаражатын, сондай-ақ Банктiң басқа да активтерiн ұстай алады.
41-бап
ЕСЕП БЕРУ
1. Банк өз мүшелерiне аудиторлық тексеруден өткен шоттарының деректерi бар Жылдық есептi табыс етуге, сондай-ақ осындай есептi жариялауға тиiс. Ол өз мүшелерiне өз операциялары нәтижелерiнiң тоқсан сайынғы есебiн де табыс етiп отыруға тиiс.
2. Банк сондай-ақ өз мақсаттары мен мiндеттерiн орындауда қажет деп тапқан басқа да есептердi жариялай алады. Мұндай есептер Банк мүшелерiне берiлуге тиiс.
42-бап
ТАЗА ПАЙДАНЫ ОРНАЛАСТЫРУ
1. Басқарушылар Кеңесi жыл сайын Банктiң жай операциялардан түскен таза пайдасының немесе кiрiстерiнiң қандай бөлiгiн резервтерге, депозиттерге, Арнаулы қорларға орналастыру керек немесе өз мүшелерiне төлеу керегiн анықтайды, оның үстiне Банктiң таза пайдасы немесе кiрiстерi Банк мүшелерiне, Банктiң резервтiк қоры қол қойылған капиталдың жиырма бес (25) процент деңгейiне жеткенше дивидендтер түрiнде төлене алмайды.
2. Арнаулы қор қаражатымен жасалған операциялардан түскен таза пайда Банк мүшелерiне дивидендтер түрiнде бөлiнбейдi, тиiстi арнаулы қорлар шоттарына жатқызылады.
3. Егер траст шартында басқа нәрсе айтылмаған болса, Траст қордары қаражатымен жасалған операциялардан түскен таза пайда өз мүшелерiне дивидендтер түрiнде бөлiне алмайды, Траст қорының шотына жатқызылады.
4. Банкке мүше-елдерге осы Баптың 1-параграфына сәйкес қаражат бөлу Басқарушылар Кеңесi белгiлегендей үлгiде және валютамен әр мүшеде бар акциялардың санына пропорционалды түрде жүзеге асырылады.
VI БӨЛIМ.
БАНК МҮШЕЛIГIНЕН ШЫҒУ ЖӘНЕ ШЫҒАРУ, БАНК ОПЕРАЦИЯЛАРЫН УАҚЫТША
ТОҚТАТА ТҰРУ ЖӘНЕ ТОҚТАТУ
43-бап
БАНК МҮШЕЛIГIНЕН ШЫҒУ
1. Банктiң бiрде-бiр мүшесiнiң мүшелiгiнiң бесжылдық мерзiмдi аяқталғанға дейiн Банк мүшелiгiнен шығуға құқығы жоқ.
2. Осы баптың 1-параграфын басшылыққа ала отырып, Банктiң кез келген мүшесi Банктiң бас офисiне жазбаша хабар беру жолымен Банкке мүшелiгiн тоқтата алады.
3. Осы Баптың 1-параграфын негiзге ала отырып, елдiң Банк мүшелiгiнен шығуы хабарды табыс еткен күннен бастап күшiне енедi, бiрақ ол ешбiр жағдайда Банк хабарды алған күннен бастап (6) алты айдан ерте болмауға тиiс. Алайды осы мерзiм аяқталғанға дейiн кез келген уақытта шығу туралы арыз берген ел өзiнiң Банктен шығу ниетiнiң күшiн жойғаны туралы Банкке хабар бере алады.
4. Банк мүшелiгiнен шығатын ел оның шығу күнiне қарай сақталған Банк алдындағы барлық тiкелей және жанама мiндеттемелер бойынша жауап берудi жалғастыра бередi. Сол сияқты Банк мүшелiгiнен шығатын елге Банктiң пiкiрi бойынша осы Шарттың сол елдегi оның инвестицияларын қозғайтын баптарының, Банк пен осы елдiң арасында аталған инвестицияларды реттейтiн, Банк үшiн қолайлы уағдаластықтар жасалмайынша, күштерi жүредi. Банк мүшелiгiнен елдiң шығуы күшiне енген кезде ел Банк мiндеттемелерi және осы күннен кейiнгi оның операциялары бойынша жауап бермейдi.
5. Ислам Конференциясының ендiгi жерде мүшесi болмайтын кез келген ел осы Баптың шарттарын сақтай отырып, Банктен шығу туралы өтiнiшiн беруге тиiс. Осы Баптың 1-параграфын негiзге ала отырып, Банктегi мүшелiктiң бiржолата тоқтайтын күнiн Басқарушылар Кеңесi белгiлейдi.
44-бап
МҮШЕЛIКТЕН ШЫҒАРУ
1. Банк мүшесiнiң Банк алдындағы өзiнiң кез келген мiндеттемесiн орындамаған кезде Басқарушылар Кеңесi оны Банк мүшелерi дауысы кем дегенде жалпы санының төрттен үшiн бiлдiретiн дауыс берумен оны шығара алады.
2. Банк мүшелiгiнен шығарылған ел өзiнiң шығарылған күнiнен бастап бiр (1) жылдың iшiнде, егер Басқарушылар Кеңесi осы жыл iшiнде осындай көпшiлiкпен Банктiң бұл мүшесiн қайта қабылдау туралы шешiм қабылдамаса, оның мүшелiгiн өздiгiнен тоқтатады.
3. Банк мүшелiгiнен шығару мерзiмiнiң түгел бойында ел, өзi бiрақ мiндеттемелерiнiң бәрiн сақтай отырып, осы Шартта белгiленген құқықтардың бәрiн жоғалтады.
45-бап
МҮШЕЛIКТI ТОҚТАТУ КЕЗIНДЕ ЕСЕП АЙЫРУДЫ РЕТТЕУ
1. Ендiгi жерде Банктiң мүшесi болмайтын күннен бастап ел осы күнге дейiн Банк алдындағы өзi алған тiкелей мiндеттемелердi сақтайды. Ол сол сияқты Банк алдындағы өзiнiң жанама мiндеттемелерi бойынша кредиттiң кез келген бөлiгi немесе оның өзi берген кепiлдiктерi мүшелiктi тоқтатқанға дейiн төленбеген уақыттың бойында жауапты болып қалады, бiрақ Банктiң кредиттерi мен кепiлдiктерi жөнiндегi мiндеттемелерге, сондай-ақ осы күннен кейiнгi Банктiң табыстары мен шығындары бойынша ешқандай жауап бермейдi.
2. Ел Банктегi мүшелiгiн тоқтатқан кезде Банк осы елмен есеп айырысуды реттеудiң бөлiгi ретiнде осы елге тиесiлi акцияларды осы Баптың 3 және 4-параграфтарының шарттарына сәйкес сатып алуға тиiс. Осы мақсат үшiн сатып алынатын акциялардың бағасы елдiң Банктен шығу күнiне қарай Банктiң шоттары бойынша белгiленедi.
3. Банк сатып алынатын акциялар үшiн төлем мынандай жағдайларда жүргiзiледi:
(I) сатып алынған акциялар үшiн елге тиесiлi кез келген сома
осы елдiң, оның орталық Банкiнiң немесе оның қандай да
бiр техникалық немесе саяси органының Банк алдындағы
төленбеген мiндеттемелерi болғанша Банкте ұсталады;
(II) сатып алынған акциялар (осы баптың 2-параграфына сәйкес)
бағасының артығына теңдей, елдiң Банк алдындағы
бiрiктiрiлген мiндеттемелерiнiң шамасынан көп таза
пайданың көлемiн тиiстi акцияларды тапсырған соң Банк
белгiлеуi мүмкiн бес (5) жылдан асырмай Банк төлеуге тиiс;
(III) төлем еркiн өтiмдi валютада жүргiзiледi;
(IY) егер қандай да бiр төленбеген кредит немесе кепiлдiктер
бойынша елдiң Банктен шығу күнiне қарай Банк шеккен
шығындар және осы шығындардың көлемi сондай шығындарды
өтеу резерв қорларының көлемiнен асатын болса, Банктiң
талабы бойынша сатып алынатын акциялардың бағасындағы
және бұл акциялардың осы шығындарды ескере отырып
белгiленетiн аз бағасының айырмашылығын төлеуге тиiс.
4. Осы Шарттың 47-Бабына сәйкес Банктiң өз операцияларын тоқтату кезiнде елдiң Банк мүшелiгiнен шыққан күнiнен бастап алты (6) ай iшiнде осы елдiң барлық құқықтары Шарттың 47-49-Баптарына сәйкес белгiленедi. Мұндай ел осы Баптарда белгiленген бөлiгiнде Банктiң мүшесi болып санала бередi, бiрақ дауыс құқы болмайды.
46-бап
ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ УАҚЫТША ТОҚТАТУ
Атқарушы Директорлар Кеңесi қажет болғанда Басқарушылар Кеңесiнiң iс-қимылдарын одан әрi қарауды күте отырып, жаңа мiндеттемелерге қатысты операцияларды уақытша тоқтата алады.
47-бап
ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ УАҚЫТША ТОҚТАТУ
1. Банк өзiнiң операцияларын Басқарушылар Кеңесiнiң Банк мүшелерi дауыстары жалпы санының кем дегенде төрттен үшiнiң өкiлi болып отырған басқарушылар дауысы үштен екiсiнiң дауыс беруiмен мақұлданған шешiмiмен тоқтата алады. Бұл орайда Банк өз активтерiн сақтауға және мiндеттемелерiн реттеуге бағытталған операциялардан басқа барлық операцияларды дереу тоқтатуға тиiс.
2. Мұндай мiндеттемелердi толық реттеп, активтердi бөлгенге дейiн Банк жұмыс iстеген күшiнде қала бередi және Банк пен оның мүшелерiнiң өзара барлық құқықтары мен мiндеттемелерi күшiнде қалады.
48-бап
МҮШЕЛЕРДIҢ МIНДЕТТЕМЕЛЕРI ЖӘНЕ ТАЛАПТАР БОЙЫНША ТӨЛЕМДЕР
1. Банк операцияларын тоқтатқан жағдайда Банктiң қол қойылған капиталының ақы төленбеген бөлiгiне қатысты оның барлық мүшелерiнiң мiндеттемелерi Банк жанама мiндеттемелердi қоса несие берушiлердiң барлық талаптарын қанағаттандырғанша қала бередi.
2. Банкке тiкелей талап қоятын барлық несие берушiлерге бiрiншi кезекте Банк активтерiнен, одан кейiн қол қойылған капиталдың ақы төленбеген бөлiгi есебiнен төленедi. Банкке тiкелей талап қоятын несие берушiлерге қандай да бiр төлем жасалғанға дейiн Атқарушы Директорлар Кеңесi тiкелей және жанама қойылған талаптарды пропорционалды түрде қанағаттандыруды қамтамасыз ету үшiн өзi қажет деп тапқан шараларды қолдануға тиiс.
49-бап
АКТИВТЕРДI БӨЛУ
1. Банк несие берушiлер алдындағы өз мiндеттемелерiн қанағаттандырғанға дейiн Банк мүшелерiн қол қойылған капиталдағы үлестерiне сәйкес олардың арасында активтердi ешқандай да бөлу жүргiзiлмейдi. Мұндай бөлудi Банк мүшелерi дауысы жалпы санының кем дегенде төрттен үшiнiң өкiлi болып отырған Кеңес мүшелерiнiң басым дауысымен Басқарушылар Кеңесi мақұлдауға тиiс.
2. Банк активтерiн оның мүшелерi арасында бөлу, әрбiр мүшенiң Банктiң Жарғылық капиталындағы үлесiне сәйкес Банк салымшылар басымдығын сақтай отырып, адал әрi әдiл деп санайтын мерзiмде және шарттарда жүргiзiледi. Банктiң бiрде-бiр мүшесi Банк алдындағы өз
мiндеттемелерiн толық реттегенге дейiн Банк активтерiндегi өз бөлiгiн
ала алмайды.
3. Осы бапқа сәйкес Банк активтерiндегi өз бөлiгiн алған Банктiң
әрбiр мүшесi осы активтерге қатысты осындай бөлуге дейiн Банкте
болған құқықтарға ие болады.
VII БӨЛIМ
СТАТУС, ИММУНИТЕТ, САЛЫҚТАРДАН БОСАТУ ЖӘНЕ АРТЫҚШЫЛЫҚТАР
50-бап
БӨЛIМНIҢ МАҚСАТЫ
Банк өзiнiң мақсаттарын тиiмдi орындауды және өзiне тапсырылған
мiндеттердi орындауды қамтамасыз ету үшiн Банктiң Банкке
мүше-елдердiң бәрiнiң аумағында осы Бөлiмде белгiленген заңды
статусы, иммунитетi және артықшылықтары болуға тиiс.
51-бап
ЗАҢДЫ СТАТУС
Банк толықтай заңды тұлға құқықтары бар тәуелсiз халықаралық
орган болып табылады, әсiресе оның мыналарға толық құқығы бар:
(I) шарттар жасасу,
(II) қозғалмайтын және қозғалмалы мүлiк сатып алу және иелену;
сондай-ақ
(III) юрисдикциясын толық көлемде пайдалану.
52-бап
СОТ ПРОЦЕДУРАЛАРЫНАН ИММУНИТЕТ
1. Банк өзiнiң негiзгi немесе еншiлес өкiлдiгi бар немесе Банк онда айналымға бағалы қағаздар шығарған елдiң аумағында Банкке қарсы iс қозғалуы мүмкiн кезде ақшалай операцияларға, бағалы қағаздар сатып алуға, сатуға немесе шығаруға байланысты жағдайларды қоспағанда, Банк кез келген сот процедураларынан босатылуға тиiс.
2. Осы баптың 1-параграфының шарттарына қарамастан Банкке қарсы оның мүшелерiне қатысты Банк мүшелерi мен олардың кез келген органдары және тұлғалар ешқандай сот iсiн қозғай алмайды. Банктiң мүшелерi Банкпен арадағы қайшылықтарды реттеудiң осы Шартпен, Банк инструкцияларымен және ережелерiмен белгiленген немесе Банкпен жасалған келiсiм-шарттарда ескертiлген процедураларын қолдануға тиiс.
3. Банктiң меншiгi мен салымдары олардың қай жерде болғанына
және оларды кiмдердiң сақтағанына қарамастан сот Банкке қарсы талапты
түпкiлiктi шешкенге дейiн тартып алудың және жауып қоюдың барлық
түрлерiнен иммунитетi болуға тиiс.
53-бап
САЛЫМДАРҒА ТИIСПЕУ
Банктiң меншiгi мен салымдары қай жерде тұрғанына және кiмнiң
сақтағанына қарамастан тiнтiлмеуге, реквизицияланбауға, тәркiленбеуге,
экспроприацияланбауға тиiс немесе әкiмшiлiк не заң жолымен құқығынан
айырудың кез келген түрiне ұшырамауға тиiс.
54-бап
АРХИВКЕ ТИIСПЕУ
Банктiң архивiне, сонымен қатар Банкке тиесiлi немесе онда
сақтауда тұрған оның барлық құжаттарына қай жерде болса да тиiсуге
болмайды.
55-бап
САЛЫМДАР ҚҰПИЯСЫ
Банк салымшылар шотының барлық құпиясын сақтауға тиiс және
Банктiң барлық мүшесi салым жөнiнде ақпарат айтуға және тиiсуге жол
бермеуге тиiс.
56-бап
ШЕК ҚОЮШЫЛЫҚТАН САЛЫМНЫҢ БОСТАНДЫҒЫ
Қажеттi кезде Банк мақсаты мен қызметi үшiн және осы Шартқа сәйкес Банктiң кез келген меншiгi және салымдары шектеуден, реттеушiлiктен, бақылаудан және мораторийдiң барлық түрiнен босатылуы керек.
57-бап
КОММУНИКАЦИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ЖЕҢIЛДIКТЕР
Банк коммуникациясының ресми құралдары басқа кез келген халықаралық ұйымдарға қарағанда қолайлы жағдайларды пайдалануға тиiс.
58-бап
БАНК ПЕРСОНАЛЫНЫҢ ИММУНИТЕТI ЖӘНЕ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
Барлық Басқарушылар, Альтернаттар, Атқарушы директорлар,
Президент, Банктiң лауазымды адамдары және персоналы;
(I) өз қызметтiк мiндеттерiн атқаруға қатысты сот қудалауына
мәжбүр етiлмейдi;
(II) елдiң азаматтары болмағанда, олар осы елге, оның өкiлдерiне,
ресми адамдарына және осыған ұқсас дәрежедегi
қызметкерлерге Банкке басқа мүше-елдер жасайтын сондай
иммиграциялық шектеулердi, иммунитеттi, тiркелу
талаптарын және басқа да мүмкiндiктердi пайдалануға тиiс,
сондай-ақ
(III) олар қатынас құралдарына қатысты Банк мүшелерiнiң Банктiң
басқа мүше-елдерiнiң өкiлдерiне, ресми адамдарына және
қызметкерлерiне жасайтын сол мүмкiндiктердi пайдаланады.
59-бап
САЛЫҚТАН БОСАТУ
1. Банктiң салымдары, оның меншiгi, табысы, операциялары және мәмiлелерi салықтар мен баж салықтарының бәрiнен босатылуға тиiс. Банк сондай-ақ төлемнiң, ұстап қалулардың және алымдардың кез келген нысандарынан босатылуға тиiс.
2. Банктiң Президентке, атқарушы Директорларға, лауазымды
адамдарға және Банк персоналына төлейтiн жалақысы мен сыйақыларына
салықтың ешқайсысының күшi жүрмейдi.
3. Кiмнiң иелiгiнде болса да кез келген дивидендтердi қоса
алғанда, Банк шығарған бағалы қағаздардан ешқандай салық алынбайды:
(I) егер бұл салықтар бағалы қағаздарға қатысты оларды Банктiң
шығарғаны үшiн ғана кемсiтушiлiк болып табылса;
(II) егер мұндай салық салудың жалғыз-ақ заңды негiзi олар
шығарылған жер немесе олар төленген валюта болса, немесе
Банк iстерiн жүргiзетiн қандай да бiр офис немесе орын
болып табылғанда.
4. Кiмнiң иелiгiнде болса да олар бойынша дивидендтердi қоса
алғанда, Банк кепiлдiк беретiн бағалы қағаздарға ешқандай салық
салынбайды:
(I) егер бұл салықтар бағалы қағаздарға қатысты оларды Банктiң
шығарғаны үшiн ғана кемсiтушiлiк болып табылса;
(II) егер мұндай салық салудың жалғыз-ақ заңды негiзi Банк
iстерiн жүргiзетiн қандай да бiр офис немесе орын болып
табылғанда.
60-бап
ОРЫНДАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
Банктiң әрбiр мүшесi өз жүйесiне сәйкес осы Бөлiм талаптарының өз аумағында орындалуы үшiн қажеттi iс-қимылдарды қабылдауға, сондай-ақ Банкке аталған мәселе бойынша ол қабылдаған қадамдар туралы мәлiмдеуге тиiс.
61-бап
ШЫҒАРУДАН ЖӘНЕ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРДАН БАС ТАРТУ
Банк өзiнiң қалауы бойынша оның мүдделерiне жауап беретiн жағдайларда, түрде және сондай шарттарда осы Бөлiмде баяндалған кез келген артықшылықтардан, босатулардан және шығарудан бас тарта алады.
VIII БӨЛIМ
ӨЗГЕРIСТЕР, ТҮСIНДIРУ, ТӨРЕЛIК СОТ
62-бап
ӨЗГЕРIСТЕР
1. Осы Шарт Банк мүшелерi дауысы жалпы санының кем дегенде төрттен үш бөлiгiн бiлдiретiн, Кеңес мүшелерi дауысының үштен екiсiнiң көпшiлiгiмен мақұлданған, Басқарушылар Кеңесiнiң шешiмiмен ғана өзгеруі мүмкiн.
2. Осы Баптың 1-параграфындағы айқындамаларға қарамастан, Басқарушылар Кеңесiнiң бiрауыздан қабылдаған шешiмi мына төмендегi ережелердi өзгерту үшiн талап етiледi:
(I) Банк мүшелiгiнен шығу құқы;
(II) 7-баптың 2 және 3-параграфтарында белгiленген
жауапкершiлiктi шектеулер, сондай-ақ
(III) 5-Баптың 4-параграфында баяндалған Жарғы капиталының
акцияларын сатып алуға қатысты құқықтар.
3. Осы Шартты өзгерту туралы Банк мүшесiнiң немесе Атқарушы Директорлар Кеңесiнен айтылған кез келген ұсыныс оны Кеңестiң қарауына қоятын Басқарушылар Кеңесiнiң Төрағасына тапсырылуға тиiс. Өзгерiстi қабылдаған жағдайда Банк бұл туралы өзiнiң мүшелерiне ресми нысанда мәлiмдеуге тиiс. Өзгерiс, егер Басқарушылар Кеңесi басқа мерзiмдi белгiлемесе, ресми мәлiмдеме күнiнен бастап үш ай iшiнде барлық мүшелер үшiн күшiне енедi.
63-бап
ТIЛДЕР, ТҮСIНДIРУ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУ
1. Банктiң ресми тiлi - араб тiлi болып табылады. Оған қосымша ағылшын және француз тiлдерi жұмыс тiлдерi болып табылады. Осы Шарттың арабша мәтiнi басқа тiлдерге аудару үшiн, сондай-ақ оның ережелерiн түсiндiру және қолдану үшiн түпнұсқаға дәлме-дәл келетiн мәтiн ретiнде қарастырылуға тиiс.
2. Банктiң мүшелерi, мүшелерi мен Банктiң арасында осы Шарттың ережелерiн түсiндiру немесе қолдану жөнiнде туындайтын кез келген пiкiр алшақтықтары атқарушы директорлар Кеңесiнiң шешiмiне қойылуға тиiс. Егер Банкке мүше-елдiң Кеңесте өз өкiлi болмаса, 33-баптың 3-параграфы қолданылады.
3. Кез келген ел шешiм қабылданған күннен бастап алты (6) ай iшiнде шешiмi соңғы болып табылатын Басқарушылар Кеңесiнiң қарауына тапсырылуын талап ете алады. Мұндай шешiмдi күткен кезде Банк, егер қажет деп тапса, атқарушы директорлар Кеңесiнiң шешiмiн басшылыққа ала алады.
64-бап
Банк пен Банк мүшелiгiнен шыққан елдiң немесе Банк пен кез келген оның мүшесi арасында Банк операцияларын тоқтату туралы шешiмнен соң пiкiр алшақтығы пайда болған жағдайда үш төрешiден: бiр төрешiнi Банк тағайындайды, екiншiсiн - мүдделi тарап, ал үшiншiсiн егер, тараптар өзгеше шешпесе, - халықаралық соттың Президентi немесе Банктiң Басқарушылар Кеңесi бекiткен ережелермен белгiленетiн басқа бiр беделдi адам тағайындайтын, үш төрешiден тұратын төрелiк сотта қойылуға тиiс. Көпшiлiк дауыспен қабылдаған төрешiлердiң шешiмi соңғы және мiндеттi болып табылады. Үшiншi төрешi тараптар арасындағы пiкiр алшақтығы болған барлық жағдайда процедуралық мәселелердiң бәрiн реттеуге өкiлеттi болуға тиiс.
65-бап
АЛЫНДЫ ДЕП САНАЛАТЫН КЕЛIСIМ
Банк қандай да бiр iс-қимылдар жасар алдында Банкке мүше-елдiң
келiсiмi талап етiлетiн жағдайлардың бәрiнде, егер Банктiң мүшесi
ұйғарылып отырған iс-қимылды мәлiмдеу кезiнде Банк белгiлей алатын
ақылға сыйымды кезең бойында өзiнiң қарсылығын бiлдiрмесе, келiсiм
алынды деп саналады.
IX БӨЛIМ
ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
66-бап
ҚОЛ ҚОЮ ЖӘНЕ САҚТАУ
1. Осы Шарттың түпнұсқасы жалғыз данада араб, ағылшын және француз тiлдерiнде осы Шартқа А Қосымшасында аталған елдердiң үкiметтерi 1974 жылғы 31 қазанға дейiн қол қою үшiн ашық және Сауд Арабиясының Монетарлық Агенттiгiнiң офисiнде болады. Шарттың барлық мүшелерi оған қол қойған соң Банктiң бас офисiнде сақталуға тиiс.
2. Депозитарий Шарттың куәландырылған көшiрмелерiн оған қол қойған Банк мүшелерiнiң бәрiне жiберуге тиiс.
67-бап
БЕКIТУ ЖӘНЕ МАҚҰЛДАУ
Шартты оған қол қойған елдер бекiтуге және мақұлдауға тиiс. Бекiту грамоталары қол қоюшыға күнiн көрсете отырып ресми мәлiмдейтiн Депозитарийге сақтауға тапсырылуы тиiс.
68-бап
КҮШIНЕ ЕНУI
Шарт қол қойған елдердiң жазылу капиталының жалпы көлемi 500 млн. (500 000 000) ислам динарынан кем болмайтын жағдайда Депозитарийге бекiту грамоталарының бәрi тапсырылған соң күшiне енедi.
69-бап
ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ БАСТАЛУЫ
1. Шарт күшiне енген соң Банкке мүше-елдiң әрқайсысы Басқарушыны
және Альтернатты тағайындауға тиiс.
2. Басқарушылар Кеңесi өзiнiң бiрiншi жиналысында мына
төмендегiлердi сайлауға тиiс:
(I) Банк Президентi;
(II) Банктiң атқарушы директорларын сайлау үшiн қажеттiнiң бәрiн
әзiрлеу, сондай-ақ
(III) Банк операцияларының басталу күнi.
3. Банк өзiнiң мүшелерiне операциялардың басталатын күнi туралы
мәлiмдеуге тиiс.
Джидда қаласында, Сауда Арабиясының Корольдiгi, 1974 жылғы 12 тамызда бiр дана болып араб, ағылшын, француз тiлдерiнде жасалды.
Қазақстан Республикасының Үкiметi үшiн