1. БҰҰ Халық саны Қорының Атқарушы Директоры Д-р Нафиз Садиктiң және Қазақстандағы БҰҰ өкiлдiгiнiң ЭЫҰ елдерiнде Каир конференциясының Iс-қимыл бағдарламасын (бұдан әрi - Конференция) жүзеге асыру жөнiндегi халықаралық БҰҰ конференциясын 1996 жылғы 18-20 сәуiрде Алматы қаласында өткiзу туралы ұсынысы қабылдансын.
2. ЭЫҰ елдерiнде Каир конференциясының Iс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру жөнiндегi БҰҰ халықаралық конференциясын дайындау мен өткiзу жөнiндегi Ұйымдастыру комитетi қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.
3. Ұйымдастыру комитетi, тиiстi министрлiктер, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдар БҰҰ халықаралық конференциясын дер кезеңде дайындау мен өткiзудi қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Конференцияға қатысушылардың Алматы қаласы бойынша жүрiп-тұруына, қабылдау және мәдени бағдарламаларын ұйымдастыруға, сондай-ақ конференция залын техникалық жабдықтауға байланысты шығыстарды, шығыстар сметасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң 1996 жылғы орталықтандырылған шараларына арнап көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырсын.
5. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi Алматы
қаласының әкiмiмен бiрлесе отырып, Конференцияға қатысушылар үшiн мәдени шараларды дайындауды қамтамасыз етсiн. 6. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Конференцияға қатысушыларға визалық қолдау көрсету мәселелерiн шешсiн. 7. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi, Алматы қаласының әкiмi Конференция шараларына көлiкпен қызмет көрсетудi, оған қатысушылардың келуi мен керi қайтуын ұйымдастырсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 6 наурыздағы N 283 қаулысына ҚОСЫМША ЭЫҰ елдерiнде Каир конференциясының Iс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру жөнiндегi БҰҰ Халықаралық конференциясын дайындау мен өткiзу жөнiндегi Ұйымдастыру комитетiнiң ҚҰРАМЫ 1996 жылғы 18-20 сәуiр Есенғарин Н.Қ. - Қазақстан Республикасы Премьер- Министрiнiң бiрiншi орынбасары, төраға Тасмағамбетов И.Н. - Қазақстан Республикасы Премьер- Министрiнiң орынбасары, төрағаның орынбасары Тәжин М.М. - Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары, төрағаның орынбасары (келiсiм бойынша) Ұйымдастыру комитетiнiң мүшелерi: Девятко В.Н. - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрi Каюпова Н.А. - Бала мен ананың денсаулығын қорғау республикалық ғылыми-зерттеу орталығының директоры, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Отбасы әйелдер және демографиялық саясат проблемалары жөнiндегi кеңестiң төрағасы Кенжетаева Р.А. - Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Отбасы, әйелдер және демографиялық саясат проблемалары жөнiндегi кеңестiң хатшысы (келiсiм бойынша) Құлмаханов Ш. - Алматы қаласының әкiмi Лавриненко Ю.И. - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрi Мамашев Т.А. - Қазақстан Республикасының Мәдениет министрi Павлов А.С. - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi Сәрсенбаев А.С. - Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiгiнiң төрағасы (келiсiм бойынша) Сүлейменов Қ.Ш. - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi Тоқаев Қ.Қ. - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрi