"Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1802 қаулысының қосымшасына мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
"Сәулет, қала құрылысы және жобаларды мемлекеттiк сараптау бас басқармасы", "Өнеркәсiптiк-азаматтық ғимараттар және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бас басқармасы", "Мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау және сәулет-құрылыс қызметiн мемлекеттiк
лицензиялау басқармасы" сөздерi "Сәулет, қала құрылысы және өнеркәсiптiк-азаматтық ғимараттар бас басқармасы", "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бас басқармасы", "Сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" сөздерiмен алмастырылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi