Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1802 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 14 наурыз N 313. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1996.12.20. N 1573 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1802 қаулысының қосымшасына мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
      "Сәулет, қала құрылысы және жобаларды мемлекеттiк сараптау бас басқармасы", "Өнеркәсiптiк-азаматтық ғимараттар және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бас басқармасы", "Мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау және сәулет-құрылыс қызметiн мемлекеттiк

лицензиялау басқармасы" сөздерi "Сәулет, қала құрылысы және
өнеркәсiптiк-азаматтық ғимараттар бас басқармасы", "Тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық бас басқармасы", "Сәулет-құрылыс бақылау
басқармасы" сөздерiмен алмастырылсын.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi

      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады