1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi 13588550 немiс маркасы сомасындағы герман кредитiн және оның 1994 жылдан 1995 жылға дейiнгi кезеңде төленген өсiмдерiн түпкi заемшы "Стройфарфор" акционерлiк қоғамына қайта ресiмдесiн.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне осы кредиттi өтеу жөнiнде қарсы кепiлдiк берсiн.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi "Стройфарфор" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн, контрактi бойынша алынған жабдықтарды сатып, түскен қаражатты "Стройфарфор"акционерлiк қоғамының iшкi қарыздарын төлеу және герман кредитiн өтеу үшiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiнiң арнаулы жинақтау шотына жiберсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi