"Ақмола облысының Степногорск қаласында санкерамикалық бұйымдар өндiрiсiн ұйымдастыру" жобасы бойынша герман кредитiн өтеу жөнiндегi мiндеттемелердi орындауды қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 19 наурыз N 325

      "Ақмола облысының Степногорск қаласында санкерамикалық бұйымдар өндiрiсiн ұйымдастыру" жобасы бойынша герман кредитiн өтеу жөнiндегi мiндеттемелердi орындауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:
      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi 13588550 немiс маркасы сомасындағы герман кредитiн және оның 1994 жылдан 1995 жылға дейiнгi кезеңде төленген өсiмдерiн түпкi заемшы "Стройфарфор" акционерлiк қоғамына қайта ресiмдесiн.
      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне осы кредиттi өтеу жөнiнде қарсы кепiлдiк берсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi "Стройфарфор" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн, контрактi бойынша алынған жабдықтарды сатып, түскен қаражатты "Стройфарфор"акционерлiк қоғамының iшкi қарыздарын төлеу және герман кредитiн өтеу үшiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiнiң арнаулы жинақтау шотына жiберсiн.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады