1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Медетшi банкi, Өнеркәсiп және сауда министрлiгi, Қарағанды облысының әкiмi "Қарағандырезинотехника" акционерлiк қоғамының қаржы жағдайы мен оның қарыздары құрылымына бағалау жүргiзсiн. Он күн мерзiм iшiнде "Қарағандырезинотехника" акционерлiк қоғамының қаржы-шаруашылық қызметiн тұрақтандыру жөнiндегi бiрiншi кезектегi шаралар жоспарын әзiрлесiн.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, мемлекеттiк Медетшi банкi "Қарағандырезинотехника" акционерлiк қоғамы үшiн 1996 жылдың 25 наурызынан бастап 200 (екi жүз) млн. теңге сомасында кредит беру лимитiн белгiлесiн. Бұдан әрi ай сайын кредит беру қоймалардағы тауар өнiмi көлемiнiң кемiнде 85%-i есебiмен жүргiзiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi "Қарағандырезинотехника" акционерлiк қоғамының әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiн жергiлiктi атқарушы органдардың балансына өзара келiсiлген кесте бойынша берудi жүзеге асырсын.
4. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкi бөлген кредиттердi қайтаруды ескере отырып,
"Қарағандырезинотехника" акционерлiк қоғамын "Жекешелендiру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2771 заң күшi бар Жарлығына сәйкес, жекешелендiрудi жалғастыру жөнiнде дайындық жұмыстарын жүргiзсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi