1. Таратылатын Республикалық медицина училищесi мен Республикалық орта медицина қызметкерлерiнiң жетiлдiру училищесiнiң негiзiнде Республикалық медицина колледжiн құру, оған орта медицина қызметкерлерiнiң дипломға дейiнгi және кейiнгi даярлығын жүзеге асыруды шектеу жөнiндегi Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрлiгiнiң ұсынысы қабылдансын. 2.Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi, Қаржы министрлiгi Орта медицина қызметкерлерiн даярлау және қайта даярлау жөнiндегi республикалық колледждi ұстауға жыл сайын қаржы бөлудi қарастырсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi