Алматы, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Оңтүстiк Қазақстан, Талдықорған облыстары әкiмдерiнiң Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен және Су ресурстары жөнiндегi комитетiмен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк ономастика комиссиясымен келiсiлген:
а) есiмдер беру туралы
Алматы облысы бойынша Үлкен Алматы каналына - көрнектi мемлекет қайраткерi, ғалым, академик Дiнмұхамед Қонаевтың; Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша Шымкент қаласының "Южказводпроект" жобалау-iздестiру институтына - КСРО Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген құрылысшысы Мiркамал Үнембаевтың есiмiн беру туралы. б) қайта атау туралы: Алматы облысы бойынша Күртi ауданының КСРО-ның 60-жылдығы атындағы кеңшарын - "Күртi" кеңшары; Кеген ауданының Қазақ ССР-ның 50 жылдығы атындағы тәжiрибе шаруашылығы - "Шөладыр" тәжiрибе шаруашылығы; Қостанай облысы бойынша Таран ауданының "Николаев" кеңшарын - Бейiмбет Майлин атындағы кеңшар; Қызылорда облысы бойынша Сырдария ауданының "Первомай" кеңшарын - Мұстафа Шоқай атындағы кеңшар; Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша Арыс ауданының "Зардарья" кооперативтiк бiрлестiгiн - Арынбек Құлжабаев атындағы кооператив бiрлестiгi; Павлодар облысы бойынша Ақтоғай ауданының Октябрьдiң 25 жылдығы атындағы тәжiрибе шаруашылығы - Бағұстар Рамазанов атындағы тәжiрибе шаруашылығы; Талдықорған облысы бойынша Панфилов ауданының Киров атындағы ұжымшарын - Әбiлхан Қастеев атындағы ұжымшар;
Көксу ауданының Куйбышев атындағы ұжымшарын - Қабан жырау атындағы ұжымшар деп қайта атау туралы ұсыныстары қабылдансын.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi