Қазақстан Республикасы Парламентiнiң инженерлiк орталығын Сенат пен Мәжiлiстiң мәжiлiс залдарын жарақтандыру үшiн әкелiнетiн жабдықтарға қосылған құнға салық төлеуден босату туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 9 сәуiр N 413

      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235 Z952235_ Заң күшi бар Жарлығының 61-бабының 1-тармағына сәйкес, сондай-ақ Парламенттiң инженерлiк орталығы Сенат пен Мәжiлiс залдарын жарақтандыру үшiн жабдықтарды республикалық бюджет есебiнен сатып алатынын ескерiп, Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң инженерлiк орталығы Сенат пен Мәжiлiстiң мәжiлiс залдарын жарақтандыру үшiн PHILIPS COMMUNICATION & SEKURITY N 557.95.014.501 фирмасымен 1995 жылғы 11 қарашадағы контракт бойынша әкелiнетiн жабдықтарға және олардың босалқы бөлшектерiне қосылған құнға салық төлеуден босатылсын.
      2. Осы қаулы аталған контракт бойынша жабдықтарды жөнелткеннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi


Об освобождении Инженерного центра Парламента Республики Казахстан от уплаты налога на добавленную стоимость на ввозимое оборудование для оснащения залов заседаний Сената и Мажилиса

Постановление Правительства Республики Казахстан от 9 апреля 1996 г. N 413

      В соответствии с пунктом 1 статьи 61 Указа Президента Республики казахстан, имеющего силу Закона, от 24 апреля 1995 г. N 2235 Z952235_ "О налогах и других обязательных платежах в бюджет", а также учитывая, что оборудование для оснащения залов заседаний Сената и Мажилиса приобретается Инженерным центром Парламента за счет средств республиканского бюджета, Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Освободить Инженерный центр Парламента Республики Казахстан от уплаты налога на добавленную стоимость на ввозимое оборудование и запасные части к нему по контракту с фирмой PHILIPS COMMUNICATION & SEKURITY SYSTEMS N 557.95.014.501 от 11 ноября 1995 года для оснащения залов заседаний Сената и Мажилиса.
      2. Ввести в действие настоящее постановление с начала отгрузки оборудования по данному контракту.
     Премьер-Министр
   Республики Казахстан