Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. "Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн акциздеуге жататын
тауарларға және құмар ойындар бизнесiне арналған акциздердiң
ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995
жылғы 14 шiлдедегi N 974
қаулысының қосымшасына (Қазақстан
Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 24, 281-бап) мынадай өзгертулер
енгiзiлсiн:
"Спирттiң барлық түрлерi (ликер-
арақ бұйымдарын, күшейтiлген сусындар,
күшейтiлген шырындар, шарап, бальзам
жасауға арналып Қазақстан Республикасының
тауар өндiрушiлерiне босатылғаннан басқа
(олардың аталған өнiмдердi өндiруге құқық
беретiн лицензиялары болған жағдайда) 3,5 экю/литр"
деген жолдар мынадай редакцияда берiлсiн:
"Спирттiң барлық түрлерi (ликер-
арақ бұйымдарын, күшейтiлген сусындар,
күшейтiлген шырындар, шарап, бальзам
жасауға арналған емдiк препараттар
даярлауға арналып Қазақстан Республикасының
тауар өндiрушiлерiне босатылғаннан басқа
(олардың аталған өнiмдердi өндiруге құқық
беретiн лицензиялары болған жағдайда) 3,5 экю/литр"
Өңделмеген этиль спиртi 0,1 экю/литр
2. Осы қаулы 1996 жылғы 20 сәуiрден бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi