"Бюджетке салық және басқада мiндеттi төлем туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн акциздеуге жататын тауарларға арналған акциздердiң ставкалары белгiленсiн.
Салық төлеушi есеп жүргiзудiң кассалық әдiсiн қолданған жағдайда акциздердiң аталған ставкалары 1995 жылғы 20 шiлдеден бастап жөнелтiлген және сол бойынша төлем жүргiзiлген акциздеуге жататын өнiмдерге қолданылады.
Салық төлеушi есептi есептеу әдiсiмен жүргiзген жағдайда акциздердiң аталған ставкалары ол бойынша төленген фактiлердi есепке алмастан, 1995 жылғы 20 шiлдеден бастап жөнелтiлген акциздеуге жататын өнiмдерге қолданылады.
Егер акциздердiң ставкалары құнның процентiне белгiленсе, онда 1995 жылғы 20 шiлдеден бастап жөнелтiлген өнiмдер бойынша акциздеуге жататын өнiмдердi сату жөнiндегi айналым салық салынатын объектi болып табылады, ол қосылған құнға және акциздеуге арналған салық салынбай жiберiлетiн бағамен белгiленедi.
Егер акциздердiң ставкалары экю жағдайында белгiленсе, өнiмнiң бiрлiгiмен айқындалған жағдайда, онда 1995 жылғы 20 шiлдеден бастап жөнелтiлген өнiм бойынша акциздеуге жататын өнiмдердiң нақты сатылу көлемi салық салынатын объект болып табылады, бұл ретте таңдалып алынған есеп әдiсiне (кассалық немесе есептеу әдiсiне) тәуелсiз жағдайда экю акциздеуге жататын өнiмдер жөнелтiлген күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң белгiленген бағамы бойынша есептелiнедi.
2.2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
"Құнды мех түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 27 шiлдедегi N 645 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 31, 358-бап);
"Халық тұтынатын тауардың жекелеген түрлерiне қойылатын акциздердiң ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы N 557 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 жылғы N 23, 241-бап);
"Отандық және импортталатын акциздiк тауарлардың жекелеген
түрлерiне қойылатын акциз ставкалары туралы" Қазақстан
Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 13 ақпандағы N 146
қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 6, 69-бап);
"Халық тұтынатын отандық өндiрiс тауарларының жекелеген
түрлерiне қойылатын акциздердiң ставкалары туралы" Қазақстан
Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 14 сәуірдегi N 475
қаулысы.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1995 жылғы 14 шiлдедегi
N 974 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн акциздеуге жататын
тауарларға және құмар ойын бизнесiне арналған
АКЦИЗДЕРДIҢ СТАВКАЛАРЫ
_________________________________________________________________
| Қосылған құнға салына.
|тын салық пен акциздер.
|дi есептемей босатыла.
Тауарлардың аттары |тын бағада және өлшем
|бiрлiгi үшiн және экю-де
|құнның процентiндегi
|акциздердiң ставкалары
_________________________________________|________________________
Спирттiң барлық түрлерi (өңдеу үшiн
босатылған ликер-арақ бұйымдарынан,
күшейтiлген сусындардан, күшейтiлген
шырындардан, шараптардан, Қазақстан
Республикасының тауар өндiрушiлерi
шығаратын бальзамнан басқа (олардың
аталған өнiмдердi өндiруге құқығының
бар екендiгiне лицензиялары бар болған
жағдайда)
3,5 экю/литр
Өңделмеген этиль спиртi 0,1 экю/литр
Арақ 0,7 экю/литр
Ликер-арақ бұйымдары 0,6 экю/литр
Күшейтiлген сусындар, күшейтiлген шырын.
дар және бальзамдар 0,6 экю/литр
Шараптар 0,2 экю/литр
Маркалы шараптар 0,15 экю/литр
Коньяктар 0,3 экю/литр
Шампан шараптары 0,3 экю/литр
Сыра 0,05 экю/литр
Шарап материалдары /шарап жасау
өнiмдерiн шығару үшiн босатылғаннан
басқа аталған өнiмдi өндiру құқығына
лицензиясы болғанда/ 0,2 экю литр
Темекi бұйымдары, құрамында темекi 0,75 экю/литр
бар басқа да бұйымдар 1000 дана
Бекiре және қызыл балық, бекiре және
қызыл балық уылдырығы, бекiре және қызыл
балықтан дайындалған деликатестер және
уылдырықтар 100
Алтыннан, платинадан немесе күмiстен
жасалған зергерлiк бұйымдар 40
Өңделген және өңделмеген мех терiлерi
(көртышқан, үй қояны, ит, бұғы, қой
терiсiнен басқа) 7
Өңделген және өңделмеген қаракөл терiлерi 7
Пәлтенi, қысқа пәлтенi, жакеттi, желбегейдi,
палантиндi, боаны, шарфты, бас киiмдi,
жағаны, тонды, пластинды қоса алғанда
қаракөлден жасалған бұйымдар 10
Өңделген қаракөлдi қолдана отырып жасалған
пәлте, қысқы пәлте, жакет, желбегей 10
Пальтоны, шолақ пальтоны, күртешелердi,
жамылғыларды, палантиндердi, бао-ны,
шарфты, бас киiмдер мен жағаларды, тондар.
ды, пластиндердi, қоса алғанда (көртышқан,
үй қояны, ит, бұғы, қой терiсiнен жасалған
бұйымдардан басқа) нақты мехтан жасалған
бұйымдар 10
Пальто, шолақ пальто, күртешелер, мехтан
жапсырмалар салынып жасалған жамылғылар
көртышқан, үй қояны, ит, бұғы, қой
терiсiнен басқа 50
Табиғы терiден тiгiлген киiмдер 50
Хрустальдан жасалған бұйымдар, хрусталь-
дық жарық беретiн приборлар 50
Бензин (авиация бензинiнен басқа), дизель
отыны 20
Ататын және газ қаруы (мемлекеттiк өкiмет
органдары үшiн сатып алынғандардан басқа) 20
Құмар ойындарының бизнесi 20
Жанар май 8
Ескерту. Қосымшаға өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлген -
ҚРМК-нiң 1995.11.08. N 1487 қаулысымен.
Ескерту. Қосымшаға өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1996.01.15.
N 15 қаулысымен.
Ескерту. Қосымшаға өзгертулер енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң
1996.04.16. N 450 қаулысымен.
Ескерту. Қосымшаға өзгертулер енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң
1996.03.25. N 341 қаулысымен.
Ескерту. Қосымшаға өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.07.11.
N 891 қаулысымен.
Ескерту. Қосымшаға өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.06.28.
N 827 қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. Қосымшаға өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.10.31.
N 1318 қаулысымен.