"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2200 және "Сақтандыру туралы" 1995 жылғы 3 қазандағы N 2475 Заң күшi бар Жарлықтарын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Қазақстан Республикасының аумағындағы сақтандыру қызметiн
лицензиялау туралы Ереже 1-қосымшаға сәйкес;
сақтандыру қызметiн жүзеге асыруды лицензиялау нысаны,
2-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 19 сәуiрдегi
N 478 қаулысына
1 қосымша
Қазақстан Республикасының аумағындағы
сақтандыру қызметiн лицензиялау туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже "Сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 3 қазандағы N 2475 Заң күшi бар Жарлығына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сақтандыруды қадағалау (Қазақстан Республикасының Мемсаққадағалауы) туралы Ережеге және қолданылып жүрген заң актiлерiне сәйкес әзiрленген.
2. Сақтандыру қызметiн жүзеге асыруға лицензиясы болған кезде жол берiледi.
3. Сақтандыру қызметiн лицензиялауды Қазақстан Республикасының Мемсаққадағалауы жүзеге асырады.
4. Лицензиялау тәртiбi осы Ереже айқындайтын сақтандыру қызметi сақтандыру және қайта сақтандыру шарттарын жасасумен және оларды орындаумен байланысты сақтандырушының қызметi ретiнде түсiнiледi.
5. Адам өмiрiн сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алған сақтандыру ұйымның өзге сақтандыру қызметiмен айналысуға құқығы жоқ.
6. Сақтандыру ұйымы ретiнде тiркелген заңды тұлға сақтандырушы мәртебесiн алады және лицензия алған сәттен бастап сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына ие болады.
7. Сақтандыру агентiнiң, сақтандыру брокерiнiң қызметi,
сондай-ақ сақтандыру тәуекелдерiн бағалаумен, залалдың мөлшерiн,
сақтандыру төлемдерiнiң мөлшерiн анықтаумен, сақтандыру төлемдерi
өзге де консультациялық және зерттеу қызметтерiмен байланысты қызмет
лицензиялауды талап етпейдi.
8. Осы Ережеде көзделген шарттар өз қызметтерiн "Сақтандыру
туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына
сәйкес жүзеге асыратын заңды тұлғалардың барлығы үшiн бiрыңғай болып
табылады.
2. Сақтандыру қызметiн жүзеге асыруға арналған
лицензия ұғымы, оның түрлерi мен нысандары
9. Сақтандыру қызметiн жүзеге асыруға арналған лицензия - бұл
оның иесiнiң Қазақстан Республикасының аумағында осы қызметтi
қолданылып жүрген заңның шарттары мен талаптарын сақтай отырып,
жүзеге асыруға деген құқығын растайтын рұқсат.
Лицензия мерзiмсiз болып табылады және ол Қазақстан
Республикасының бүкiл аумағында қолданылады.
10. Лицензия нысанын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi
және төмендегiдей реквизиттерi болады:
лицензияға ие сақтандырушының атауы, оның заңды мекен-жайы;
сақтандырушының ұйымдық-құқықтық нысаны;
сақтандыру қызметi түрiнiң атаулары мен мiндеттiлiк дәрежесi;
лицензияның қолданылу мерзiмi;
сақтандыру аумағы;
лицензияның сериясы, номерi және берiлген күнi;
басшының (немесе басшының орынбасарының) қолы және Қазақстан
Республикасының Мемсаққадағалаудың ел таңбасы бар мөрi;
тiркеу нөмiрi;
лицензияны берген жер.
Ерiктi жеке және мүлiктiк сақтандыруды жүзеге асыруға берiлген
лицензияға сақтандырушының жүзеге асыруға құқы бар сақтандыру
түрлерiнiң тiзбелерi қоса берiледi.
11. Лицензиялар:
өмiрдi ерiктi сақтандыруды;
ерiктi жеке сақтандыруды;
ерiктi мүлiктiк сақтандыруды;
Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленген сақтандырудың мiндеттi түрлерiн жүзеге асыруға берiледi.
Өмiрдi сақтандыру сомасын төлеу көзделген сақтандыру шарттарын жасау мен оны орындау ретiнде түсiндiрiледi, олар мына жағдайларда төленедi:
сақтандырушының өлiмi;
сақтандыру мерзiмiнiң бiтуi немесе сақтандырылушының шартта белгiленген сақтандыру жасына жетуi;
сақтандырылушыға табыс-рента (зейнетақы) сақтандыру шартында көзделген (сақтандыру шартының қолданылу күшiнiң бiтуi, сақтандырылушының белгiлi бiр жасқа жетуi, сақтандыру шартының күшi бар кезеңiндегi ағымдағы төлемдерi) жағдайларында төленедi.
Жеке сақтандыруға азаматтың кездейсоқ оқиғалардан, денсаулығын,
еңбекке қабiлетiн және жеке басына байланысты өзге де мүдделерiн
сақтандыру жатады.
Мүлiктiк сақтандыруға мүлiктi және кәсiпкерлiк тәуекелдер мен
азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыруды қоса, сонымен
байланысты мүдделердi сақтандыру жатады.
3. Лицензиаттар
12. Сақтандыру қызметiн жүзеге асыруға лицензия Қазақстан
Республикасының аумағында тiркелген заңды тұлғаға Қазақстан
Республикасының заңдары мен осы Ережеде көрсетiлген талаптарды
сақтай отырып, берiлуi мүмкiн.
13. Заңды тұлғаның лицензияны алу үшiн қолданылып жүрген
заңдарға сәйкес төленген жарғылық қоры болуы тиiс.
4. Сақтандыру қызметiн жүргiзуге лицензия
беру тәртiбi
14. Заңды тұлғалар сақтандыру қызметiн жүзеге асыруға лицензия
алуы үшiн Қазақстан Республикасының Мемсаққадағалауына мынадай
құжаттарды тапсырады:
1) лицензия алу үшiн арыз;
2) құрылтайшы құжаттардың (нотариалды расталған) көшiрмелерi;
қолданылып жүрген заңдарға сәйкес әзiрленген жарғы;
құрылтайшы шарт;
3) заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелуi туралы актiсiнiң
көшiрмесi;
4) жарғылық қордың төленгендiгiн растайтын құжаттар (банк анықтамасы, жарғылық қордағы салымның бiр бөлiгi құрылтайшылардың мүлкiмен салынған жағдайда, салымның ақшалай құнын тәуелсiз аудиторлық тексеру деректерi және басқа құжаттар);
5) сақтандыру түрлерi бойынша ережеде (шарттарда) "Сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына және азаматтық заңдарда көзделген мәмiлелердiң ақиқаттығының жалпы шарттарына сәйкес мыналар болуға тиiс;
сақтандырудың субъектiлерiнiң шеңберiн көрсету;
сақтандырудың объектiлерiн көрсету;
сақтандырушының сақтандыру төлемi (негiзгi және қосымша шарттар) жөнiнде жауапкершiлiгi пайда болған жағдайда, сақтандыру тiзбесiн көрсету;
сақтандыру тарифтерi;
сақтандыру мерзiмдерiн көрсету; сақтандыру шарттарын жасау және сақтандыру жарналарын төлеу тәртiбi;
тараптардың сақтандыру шарттары жөнiндегi өзара мiндеттемелерi мен сақтандыру шарттары бойынша төлемнен бас тартудағы мүмкiн жағдайлар;
сақтандыру шарты жөнiндегi талаптарды қарау тәртiбi.
Сақтандыру ережелерiне (шарттарына) сақтандыру шарттары мен сақтандыру куәлiгi (полистер, сертификаттар) нысандарының, ал дәрiгерлiк сақтандыру бойынша дәрiгерлiк мекемелермен келiсiмiнiң үлгiлерi қоса берiлуге тиiс.
Сақтандыру ережесi (шарты) тiгiлген, нөмiрленген сақтандыру, ұйымының басшысы бекiткен, екi данада берiледi;
6) сақтандыру тарифтерiнiң есебi оған пайдаланылған әдiстемелiк есеп қосымшасымен және бастапқы мәлiметтер көзiн, сақтандыру ұйымының басшысы бекiткен, сондай-ақ тарифтiк құрылымын көрсетiп екi данада берiледi;
7) басшы және оның орынбасарлары туралы анықтама.
Лицензия алу кезiнде сақтандыру ережесiнiң (шартының) және тариф құрылымының бiр данасы Қазақстан Республикасы Мемсаққадағалауының белгiсiмен сақтандырушыға қайтарылады. Өзге құжаттар немесе олардың көшiрмелерi берiлмейдi.
Қазақстан Республикасы Мемсаққадағалауының лицензиясын алған сақтандырушылар сақтандыру қызметiнiң жаңа түрлерiн алу немесе сақтандырудың жаңа түрiн жүргiзуге рұқсат үшiн тiлек бiлдiрген кезде, 14-тармақта көрсетiлген, 2, 3, 4, 7-тармақшалардан басқа, егер олар жөнiндегi мәлiметтер өзгермесе, құжаттарды тапсырады.
15. Қазақстан Республикасының Мемсаққадағалауы лицензия беру туралы заңды тұлғалардың өтiнiшiн арыз берушiнiң соңғы қосымша ақпаратты немесе Мемсаққадағалау сұратқан құжатты ұсынған күнiнен бастап бiр ай мерзiм iшiнде қарайды.
16. Сақтандыру қызметiн жүзеге асыруға берiлген әрбiр лицензия үшiн сақтандыру ұйымынан Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген мөлшер мен тәртiпте төлем алынады. Төлем лицензия беру туралы шешiм қабылданғаннан кейiн енгiзiледi.
17. Лицензия алуға негiз болып табылатын құжаттарға енгiзiлген өзгертулер туралы сақтандырушы осы өзгертулер енгiзiлген сәттен бастап бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Мемсаққадағалауына дәлелдейтiн құжаттарды бере отырып, хабарлауға мiндеттi.
5. Лицензия беруден бас тарту
18. Лицензия беруден бас тарту мынадай негiздер бойынша болуы мүмкiн:
егер лицензия беру туралы арыз берушi арыз берген кезде осы Ереженiң 14-тармағына сәйкес талап етiлетiн барлық құжаттарды табыс етпесе;
егер "Сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында сақтандыру қызметiн жүзеге асыруға құқығы жоқ заңды тұлға лицензия алуға тiлек бiлдiрсе;
егер сақтандыру ұйымының басшысына сақтандыру қызметiмен айналысуға тыйым салынған сот шешiмi болса;
егер "Сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына сәйкес жарғылық қордың мөлшерi төленбесе;
егер сақтандыру ұйымы лицензия сұраушыға дайындаған сақтандыру
құжаттары (шарттары, ережелерi, сақтандыру жағдайлары және сол
сияқтылар) өз мазмұны бойынша сақтандыру туралы заң талаптарына
жауап бермесе.
Арыз берушi аталған кедергiлердi жойған кезде оның арызы және
оған қоса берiлген құжаттары жалпы негiзде қаралады.
19. Лицензия беруден бас тартқан жағдайда арыз берушiге жазбаша
түрде бас тарту себептерiн көрсете отырып, арызды қарау белгiленген
мерзiмде жазбаша нысанда дәлелдi жауап берiледi, бұл жағдайда
құжаттар қайтарылмайды.
6. Қорытынды ережелер
20. Қазақстан Республикасының Мемсаққадағалауы ай сайын
сақтандыру қызметiн жүзеге асыруға лицензия берiлген сақтандыру
ұйымдары туралы деректер жариялайды, онда:
сақтандырушының атауы;
заңды мекен-жайы;
ұйымдық-құқықтық нысаны;
лицензияның берiлген күнi;
лицензияның нөмiрi;
лицензиямен рұқсат етiлген сақтандыру түрлерi көрсетiледi.
21. Сақтандырушы Қазақстан Республикасының заңдарында
белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Мемсаққадағалауының
iс-әрекетiне шағымдануына құқығы бар.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 19 сәуiрдегi
N 478 қаулысына
2 қосымша
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК САҚТАНДЫРУДЫ
ҚАДАҒАЛАУЫ
Сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына
МЕМЛЕКЕТТIК ЛИЦЕНЗИЯ
Сериясы________ N__________
Берiлдi____________________________________________________________
(сақтандырушының атауы және оның
___________________________________________________________________
ұйымдық-құқықтық нысаны)
Заңды мекен-жайы___________________________________________________
Сақтандыру қызметiнiң түрi
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(ерiктi жеке және мүлiктiк сақтандыру түрлерi қосымшада көрсетiледi)
Мiндеттiлiк дәрежесi_______________________________________________
Лицензияның қолданылу мерзiмi мерзiмсiз
Лицензия Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады.
Мемсаққадағалау
төрағасы (орынбасары)
М.О. 199__ж. "__"________________
Тiркеу нөмiрi __________
Алматы қаласы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК САҚТАНДЫРУДЫ
ҚАДАҒАЛАУЫ
Сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына берiлген________
N_________сериялы мемлекеттiк лицензиясына
N______________ҚОСЫМША
(лицензиясыз жарамсыз)
___________________________________________________________________
(сақтандырушы ұйымның атауы)
сақтандырудың мынадай түрлерiн жүзеге асыруға құқық берiлген:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Ескерту. Сақтандыру түрлерiнiң тiзбесi Мемсаққадағалау төрағасының (орынбасарының) қолымен және мөрiмен расталады.