1. "Қазселқорғау" өндiрiстiк бiрлестiгi (бұдан әрi - Қазселқорғау) "Қазақстан жолдары" мемлекеттiк акционерлiк компаниясынан бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
Селден қорғау шараларын жүзеге асыратын ұйымдардың құқықтық мәртебесiн заң тәртiбiмен айқындағанға дейiн Қазақ селден қорғау ұйымдық-құқықтық нысан бойынша қазыналық кәсiпорынға жатқызылсын және ол қайта ұйымдастырылған бiрлестiктiң құқықтық мұрагерi болып белгiленсiн.
2. Мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функциясымен Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақ селден қорғауды мемлекеттiк басқарудың уәкiлеттi органы деп белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi белгiленген тәртiппен Комитетке Қазақ селден қорғаудың мүлкiн иеленуге, пайдалануға және басқаруға құқық берсiн.
4. Комитет мүдделi орталық атқарушы органдармен бiрлесiп Қазақ селден қорғауды қайта ұйымдастыруға байланысты ұйымдық, қаржылық және басқа мәселелердi шешсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi