"Қазақселқорғау" өндiрiстiк бiрлестiгiн қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 26 сәуiрдегi N 510

      "Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарын басқару туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 27 қарашадағы N 1598 P951598_ қаулысын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының үкiметi қаулы етедi:
      1. "Қазселқорғау" өндiрiстiк бiрлестiгi (бұдан әрi - Қазселқорғау) "Қазақстан жолдары" мемлекеттiк акционерлiк компаниясынан бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      Селден қорғау шараларын жүзеге асыратын ұйымдардың құқықтық мәртебесiн заң тәртiбiмен айқындағанға дейiн Қазақ селден қорғау ұйымдық-құқықтық нысан бойынша қазыналық кәсiпорынға жатқызылсын және ол қайта ұйымдастырылған бiрлестiктiң құқықтық мұрагерi болып белгiленсiн.
      2. Мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функциясымен Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақ селден қорғауды мемлекеттiк басқарудың уәкiлеттi органы деп белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi белгiленген тәртiппен Комитетке Қазақ селден қорғаудың мүлкiн иеленуге, пайдалануға және басқаруға құқық берсiн.
      4. Комитет мүдделi орталық атқарушы органдармен бiрлесiп Қазақ селден қорғауды қайта ұйымдастыруға байланысты ұйымдық, қаржылық және басқа мәселелердi шешсiн.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi


О реорганизации производственного объединения "Казселезащита"

П о с т а н о в л е н и е Правительства Республики Казахстан от 26 апреля 1996 г. N 510

      В целях реализации постановления Правительства Республики Казахстан от 27 ноября 1995 г. N 1598 P951598_ "Об управлении автомобильными дорогами общего пользования Республики Казахстан" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Реорганизовать производственное объединение "Казселезащита" (далее - Казселезащита) путем его выделения из Государственной акционерной компании "Казакстан жолдары".
      До определения в законодательном порядке правового статуса организаций, осуществляющих селезащитные мероприятия, отнести Казселезащиту по организационно-правовой форме к казенному предприятию и определить его правопреемником реорганизованного объединения.
      2. Установить уполномоченным органом государственного управления Казселезащиты Государственный комитет Республики Казахстан по чрезвычайным ситуациям (далее - Комитет) с функциями субъекта права государственной собственности.
      3. Государственному комитету Республики Казахстан по управлению государственным имуществом в установленном порядке передать Комитету права на владение, пользование и управление имуществом Казселезащиты.
      4. Комитету совместно с заинтересованными центральными исполнительными органами решить организационные, финансовые и другие вопросы, связанные с реорганизацией Казселезащиты.

           Премьер-Министр
         Республики Казахстан