Қазақстан Республикасының министрлiктерiнде, мемлекеттiк комитеттерi мен өзге де орталық атқарушы органдарында заң қызметiнiң жай-күйiн жақсарту және оның жұмысының сапасын арттыру шаралары туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 29 сәуiр N 521. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.11.09. N 1072 қаулысымен.

      Министрлiктерде, мемлекеттiк комитеттер мен өзге де орталық атқарушы органдарда заң қызметiнiң ролiн арттыру, оның ұйымдық нығайтылуы мен құқықтық жұмысын жақсарту жөнiнде белгiлi бiр жұмыс iстейдi. 
      Жекелеген министрлiктер мен өзге де орталық атқарушы органдар заң қызметiнiң санын көбейтiп қана қоймай, дербес құрылымдық бөлiмшелер құруға, салаға құқықтық қызмет көрсету жүйесiн қайта ұйымдастыруға шаралар қолданды. 
      Заңгерлер орталық атқарушы органдарда және оларға бағынысты кәсiпорындар мен ұйымдарда, құқықтық мәселелер бойынша консультанттар болып қана қоймай, қызметтiң барлық учаскелерiнде заңдылықты қамтамасыз ету және құқықтық құралдарды тиiмдi пайдалану жөнiндегi жұмысты ұйымдастырушы болып табылады. 
      Бiрақ министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттер мен өзге де орталық атқарушы органдардың бәрiнде бiрдей заң қызметi жұмысының жоғары деңгейi қамтамасыз етiлмеген. Құқықтық жұмыстың маңызын бағаламау, заң консультанттарын мақсатсыз пайдалану фактiлерi әлi де жойылған жоқ. Басқару аппаратының штат санын заң консультанттары есебiнен қысқарту жағдайларына жол берiледi. Заң консультанттары басқа құрылымдық бөлiмшелер басшыларына қаншалықты бағынатын болса, олардың ролiнiң соншалықты төмендеуi фактiлерi орын алуда. Заң бiлiмi жоқ адамдардың заңгер болып жұмыс iстейтiнi жиi кездеседi. 
      Заң қызметiне орталық атқарушы органдардың басшылары тарапынан көңiл бөлудiң жоқтығы салдарынан мемлекеттiң мүлiктiк және басқа мүдделерiн қорғауды тиiстi деңгейде қамтамасыз етпейдi. Дебиторлық және кредиторлық берешектердi жоюда олардың ролi әлсiз. Заңсыз ведомстволық құқықтық актiлер шығарудың, құқықсыз шешiмдер қабылдаудың көптеген фактiлері әлi де орын алуда. Заң қызметi құқықтық бiлiмдi насихаттаумен, ведомствоға қарасты ұйымдарға құқықтық және әдiстемелiк көмек көрсетумен жеткiлiксiз шұғылданады. 
      Құқықтық жұмыстарды жақсарту, заң қызметiнiң ролiн арттыру, заңдылық пен құқық тәртiбiн нығайтуға оның ықпалын күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасының министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерi мен өзге де орталық атқарушы органдарының басшылары құқықтық жұмысты ұйымдастырудағы елеулi кемшiлiктерге назар аударсын. 
      2. Қазақстан Республикасының министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерi мен өзге де орталық атқарушы органдарының басшылары: 
      алқа жиналысында құқықтық жұмыстың жай-күйi туралы мәселенi талқыласын; 
      мемлекеттiк басқару органдары мен олардың ведомствоға қарасты кәсiпорындарының, ұйымдарының заң қызметi туралы ережесiнiң талаптарын орындауды қамтамасыз етсiн; 
      заң қызметтерiнiң мәртебесiн арттыру, олардың жұмысын өзiне тән емес функцияларды орындаудан босата отырып тәртiпке келтiру жөнiндегi шараларды iске асырсын; 
      заң консультанттары қызметтерiн қысқарту практикасы тоқтатылсын; 
      заң қызметтерiн кадрлармен қамтамасыз етуге және нығайтуға шаралар қабылдасын; 
      заң консультанттарына талапты арттырсын, олардың жұмысына қажеттi жағдайлар жасасын, министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттер мен өзге де орталық атқарушы органдардың қызметiнде заңдылықты нығайтудағы және олардың мүлiктiк және басқа мүдделерiн қорғаудағы заң қызметтерiне белсендi қатысуды қамтамасыз етсiн; 
      Қазақстан Республикасының Конституциясын және қолданылып жүрген заңды кеңiнен насихаттау мен түсiндiрудi, жалпыға бiрдей құқықтық оқуды ұйымдастыру мен өткiзудi қамтамасыз етсiн; 
      ведомствоға қарасты кәсiпорындар мен ұйымдардағы құқықтық жұмыс жағдайына басшылық ету мен бақылау жасау жөнiндегi шараларды әзiрлеп, бекiтсiн, олардың заң қызметтерiне тұрақты түрде әдiстемелiк және ұйымдық көмек көрсетсiн; 
      ведомстволық нормативтiк актiлердi қолданылып жүрген заңдарға сәйкес келуiне қарай қайта қарасын және белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне тiркеуге ұсынсын. 
      3.  күші жойылды
       Ескерту. 3-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.06.07. N  868  қаулысымен.  
      4. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi: 
      министрлiктердегi, мемлекеттiк комитеттер мен өзге де орталық атқарушы органдардағы құқықтық жұмысқа әдiстемелiк басшылықты күшейтсiн; 
      министрлiктерде, мемлекеттiк комитеттер мен өзге де орталық атқарушы органдарда құқықтық жұмысты ұйымдастыруды зерделесiн және жылына екi рет Қазақстан Республикасының Үкiметiне хабарласын; 
      Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыру институтымен бiрлесiп 1996-1997 жылдары орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, олардың ведомстволарына қарасты кәсiпорындар мен ұйымдардың заң қызметтерi қызметкерлерiн құқықтық оқытуды ұйымдастырсын.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi 

 

О мерах по улучшению состояния юридической службы в министерствах, государственных комитетах и иных центральных исполнительных органах Республики Казахстан и повышению качества ее работы

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 апреля 1996 г. N 521. Утратило силу постановлением Правительства РК от 9 ноября 2006 года N 1072

       Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 апреля 1996 г. N 521 утратило силу постановлением Правительства РК от 9 ноября 2006 года N  1072 .

      В министерствах, государственных комитетах и иных центральных исполнительных органах проделана определенная работа по повышению роли юридической службы, ее организационному укреплению и улучшению правовой работы. 
      Отдельными министерствами и иными центральными исполнительными органами приняты меры не только к увеличению численности юридической службы, но и к созданию самостоятельных структурных подразделений, реорганизации системы правового обслуживания отрасли. Юристы в центральных исполнительных органах и подведомственных им предприятиях и организациях являются не только консультантами по правовым вопросам, но и организаторами работы по обеспечению законности и эффективному использованию правовых средств на всех участках деятельности. 
      Однако не во всех министерствах, государственных комитетах и иных центральных исполнительных органах обеспечен высокий уровень работы юридической службы. Все еще не изжиты факты недооценки значения правовой работы, использования юрисконсультов не по назначению. Допускаются случаи сокращения штатной численности аппаратов управления за счет должностей юрисконсультов. Имеют место факты, когда юрисконсульты подчиняются руководителям других структурных подразделений, чем принижается их роль. Нередко юристами работают лица, не имеющие юридического образования. 
      Из-за отсутствия внимания к юридической службе со стороны руководителей центральных исполнительных органов юристы не в должной мере обеспечивают защиту государственных имущественных и других интересов. Слаба их роль в ликвидации дебиторской и кредиторской задолженности. Все еще имеют место многочисленные факты издания незаконных ведомственных правовых актов, принятия неправомочных решений. Юридические службы недостаточно занимаются пропагандой правовых знаний, оказанием правовой и методической помощи подведомственным организациям. 
      В целях улучшения правовой работы, повышения роли юридической службы, усиления ее воздействия на укрепление законности и правопорядка Правительство Республики Казахстан постановляет: 
      1. Обратить внимание руководителей министерств, государственных комитетов и иных центральных исполнительных органов Республики Казахстан на серьезные недостатки в организации правовой работы. 
      2. Руководителям министерств, государственных комитетов и иных центральных исполнительных органов: 
      обсудить вопрос о состоянии правовой работы на заседаниях коллегий; 
      обеспечить выполнение требований Положения о юридической службе органов государственного управления и подведомственных им предприятий, организаций; 
      осуществить меры по повышению статуса юридических служб, упорядочению их работы, освободив от выполнения несвойственных функций; 
      прекратить практику сокращения должностей юрисконсультов; 
      принять меры к кадровому обеспечению и укреплению юридических служб; 
      повысить требовательность к юрисконсультам, создать необходимые условия для их работы, обеспечить активное участие юридических служб в укреплении законности в деятельности министерств, государственных комитетов и иных центральных исполнительных органов и защите их имущественных и других интересов; 
      обеспечить широкую пропаганду и разъяснение Конституции Республики Казахстан и действующего законодательства, организацию и проведение правового всеобуча; 
      разработать и утвердить мероприятия по улучшению руководства и контроля за состоянием правовой работы в подведомственных предприятиях и организациях, постоянно оказывать методическую и организационную помощь их юридическим службам; 
      пересмотреть ведомственные нормативные акты на предмет их соответствия действующему законодательству и представить в установленном порядке на регистрацию в Министерство юстиции Республики Казахстан. 
      3. (Пункт 3 утратил силу - постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 июня 2000 года N 868  P000868_  ). 
      4. Министерству юстиции Республики Казахстан: 
      усилить методическое руководство правовой работой в министерствах, государственных комитетах и иных центральных исполнительных органах; 
      изучать организацию правовой работы в министерствах, государственных комитетах и иных центральных исполнительных органах и два раза в год информировать Правительство Республики Казахстан; 
      совместно с Институтом переподготовки и повышения квалификации государственных служащих при Правительстве Республики Казахстан в 1996-1997 годах организовать правовое обучение работников юридических служб центральных и местных исполнительных органов, подведомственных им предприятий и организаций. 

    Премьер-Министр

  Республики Казахстан