1. Халықаралық минералдық ресурстар академиясының (ХМРА) құрамында дербес құрылымдық бөлiмше болып табылатын Қазақстан Республикасының Минералдық ресурстар академиясын құру мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Минералдық ресурстар академиясының қаржысы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес ұйымдары мен азаматтарының, шетелдiң заңды және жеке тұлғалары түсiмдерiнiң есебiнен, ғылыми-зерттеу, жабдықтау-конструкторлық және ақпараттық-баспа қызметi кiрiстерiнен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарымен тиым салынбаған өзге де түсiмдерден құралады деп белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiмен бiрлесiп заңда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Минералдық ресурстар академиясына Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi ұйымдарының ғимараттарынан қызметтiк үй-жайлар, сондай-ақ көбейту және компьютерлiк техникасын бөлсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi