Қазақстан Республикасының Минералдық ресурстар академиясының мәселелерi

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 2 мамырдағы N 536

      Қазақстан Республикасында минералдық ресурстарды кешендi зерттеу және пайдалану, жаңа технологияларды әзiрлеу, минералдық шикiзат кешенiмен шұғылданушы ғалымдар мен мамандардың әлеуетiн интеграциялау, жер қойнауын пайдаланудың экономикалық және экологиялық мәселелерiн шешу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Халықаралық минералдық ресурстар академиясының (ХМРА) құрамында дербес құрылымдық бөлiмше болып табылатын Қазақстан Республикасының Минералдық ресурстар академиясын құру мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Минералдық ресурстар академиясының қаржысы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес ұйымдары мен азаматтарының, шетелдiң заңды және жеке тұлғалары түсiмдерiнiң есебiнен, ғылыми-зерттеу, жабдықтау-конструкторлық және ақпараттық-баспа қызметi кiрiстерiнен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарымен тиым салынбаған өзге де түсiмдерден құралады деп белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiмен бiрлесiп заңда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Минералдық ресурстар академиясына Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi ұйымдарының ғимараттарынан қызметтiк үй-жайлар, сондай-ақ көбейту және компьютерлiк техникасын бөлсiн.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады