Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын монополиясыздандыру және тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсетулерi үшiн есеп айырысуды тәртiпке келтiру туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 13 мамырдағы N 587 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы N 258 қаулысымен.

      Коммуналдық саладағы бәсекелестiктi дамыту және тұрғын үй иелерiнiң өзара қарым-қатынастары мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметiн тәртiпке келтiру, кәсiпорындар-табиғи монополистердiң көрсеткен қызметтерiне арналған тарифтердi мемлекеттiк реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
      шаруашылық жүргiзушi субъектiлер-табиғи монополистердiң Мемлекеттiк атаулы тiркелiмiне "Коммуналдық саладағы кәсiпорын" бөлiмiн енгiзсiн. Оған сумен жабдықтау және канализация, тұтынушыларды табиғи газбен, жылу және электр энергиясымен, байланыс қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi кәсiпорынды қоссын;
      1996 жылдың 10 маусымына дейiн Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiмен, Қаржы министрлiгiмен, Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгiмен, Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен келiсу бойынша коммуналдық саладағы шаруашылық жүргiзушi субъектiлер-табиғи монополистер өндiретiн және сататын өнiмдердiң (жұмыстар, қызмет көрсетулер) өзiндiк құнына енгiзiлген шығындардың құрамын қалыптастырудың ерекше тәртiбiн, онда өзiндiк құнға қосылатын шығынды реттеудi көздей отырып, бекiтсiн;
      1996 жылдың 1 шiлдесiнен бастап аталған ерекше тәртiптi ескере отырып, кәсiпорындар-табиғи монополистердiң өнiмдерiне (жұмыстар, қызмет көрсетулер) арналған бағалар мен тарифтердi қайта қарасын.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақтан сөздер алынып тасталды - ҚРҮ-нiң 1997.08.08. N 1243 қаулысымен .
      2. Кәсiпорындар-табиғи монополистер көрсететiн коммуналдық қызметке бағаның өзгеруi тоқсанына бiр реттен жиiлетпей тоқсан басталар айдың 1-күнiнен бастап, жаңа баға енгiзiлерден 15 күн бұрын тұтынушыларды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар ете отырып, жүргiзiлетiн болып белгiленсiн.
      Тұрғын үй-коммуналдық қызметiн көрсетуге арналған тарифтердi осы қызметтердi көрсететiн ұйымдардың шығасыларын жабатын деңгейге дейiн бiркелкi енгiзу мақсатында, облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерiне мәслихаттармен келiсiм бойынша 1996 жылдың 1 қазанына дейiн коммуналдық қызмет көрсетуге бағаны айдың 1-күнiнен бастап ай сайын өзгертуге рұқсат етiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi бес күн мерзiм iшiнде инфляцияның болжамды индекстерiн әзiрлеп, көрсетiлетiн коммуналдық қызметтiң әрбiр түрiнiң өзгерген бағасы туралы облыстардың әкiмдерiне хабарлайтын болсын;
      4. 1996 жылдың 1 шiлдесiнен бастап орындалған пайдалануға беру жұмыстары үшiн есеп айырысу тұрғын үйдегi (үй-жайдағы) тұрғын үй және тұрғын емес үй иелерi аталған жұмыстарды (қызмет көрсетулердi) жүргiзуге олармен шарт жасасқан шаруашылық жүргiзушi субъектiлермен тiкелей жүзеге асыратын болып белгiленсiн. Егер пәтер (үй) иелерi бiрiккен жағдайда, ол үйде болмаған кезде - жекелеген меншiк иесiмен осындай жұмысты орындауға шарт жасалмаған және оларды нақты орындау қабылданбаса, пайдалануға беру жұмысы үшiн (пайдалануға беру шығыстары) пәтер ақысын алуға жол берiлмейдi.
      Тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсету үшiн есеп айырысудың жаңа тәртiбiн енгiзу мақсатында облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi:
      1996 жылдың 1 маусымына дейiн:
      мәслихаттармен бiрлесiп, бiрыңғай пәтер ақы (пайдалануға беру шығыстары) ставкалары түрiндегi тұрғын үйдi ұстау жөнiндегi бұрын белгiленген пайдалануға беру жұмыстары үшiн төлем алу тәртiбiнiң күшiн жойсын;
      көрсетiлетiн коммуналдық және пайдалануға беру қызметi үшiн есеп айырысудағы монополизмдi жеңу жөнiнде, үй-жайлар мен басқа да тұрғын үй-пайдалануға беру ұйымдарын құрылымда пайдалану жөнiндегi дирекцияларды өзгертудi назарда ұстай отырып, коммуналдық қызмет көрсету жөнiнде тұтынушылармен шарттар жасасқан кезде немесе тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсету үшiн халықпен есеп айырысуды жүзеге асыруда басымдығы жоқтар жөнiнде шаралар қолдансын;
      коммуналдық қызмет көрсететiн меншiк нысанындағы барлық кәсiпорындарға және олар үшiн есеп айырысулар жүргiзетiн балама негiзде жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындар-монополистерге барынша қолайлылық пен ынталандыру жағдайын қамтамасыз етсiн;
      1996 жылдың 1 шiлдесiне дейiнгi мерзiмде:
      коммуналдық саладағы кәсiпорындар-табиғи монополистердiң Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi бекiткен Үлгi шартқа сәйкес орындалатын жұмысқа тұтынушылармен шарттар жасасуын қамтамасыз етсiн;
      тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық құрамындағы паспорт режимiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметi жойылсын;
      қосымшаға сәйкес, баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi аумақтық комитеттер 1996 жылдың 1 тамызына дейiн жүзеге асыруды көздеп ұсынған коммуналдық шаруашылық кәсiпорындарының құрылымын қайта ұйымдастыру жобасын заңды тұлғалар бiрлестiктерi қызметiнiң тиiмдiлiгiн талдау жөнiндегi облыстық, қалалық комиссияларының мәжiлiстерiнде қарасын;
      1996 жылдың 1 қазанына дейiнгi мерзiмде:
      бұзылуға немесе күрделi жөндеуге жататын қирайтын және тозығы жеткен тұрғын үйлердi анықтау мақсатында тұрғын үй қорына түгендеу жүргiзсiн;
      тозығы жеткен және қирайтын тұрғын үйдi ұстау, жаңғырту және күрделi жөндеу немесе бұзу жөнiнде шаралар әзiрлесiн, оларды қаржыландыру көздерiн айқындасын.
      ЕСКЕРТУ. 4-шi тармақтың 9-абзацына өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.06.23. N 922 қаулысымен .
      5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi 1996 жылдың 1 шiлдесiне дейiн:
      коммуналдық саладағы кәсiпорындар-табиғи монополистер құрамынан олардың негiзгi қызметiне қатысы жоқ бөлімшелердi шығарсын және осы бөлiмшелердiң мемлекеттiк меншiктерiн жекешелендiрудi 1996 жылдың аяғына дейiн жүзеге асырсын;
      Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетпен бiрлесiп коммуналдық салада мемлекеттiк қатысушылармен кәсiпорындар мен табиғи монополистер құрған және олардың негiзгi қызметiн қайталайтын шаруашылық жүргiзушi құрылымдарды анықтасын, құрылтай шарттарын бұзу жолымен басы артық буындарды жою қамтамасыз етсiн.
      6. Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
      1996 жылдың 1 маусымына дейiнгi мерзiмде:
      Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгiмен бiрлесiп тұрғын үйлердегi тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар кооперативi меншiк иелерiнiң Үлгi жарғысын бекiтсiн және оны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркесiн;
      паспорт режимiн жүзеге асыру жөнiнде iшкi iстер органдары көрсететiн қызметтер үшiн төлем мөлшерiн бекiтсiн;
      1996 жылдың 1 шiлдесiне дейiнгi мерзiмде:
      жылу энергиясына, суық суға, канализацияны пайдалануға арналған тариф саясаты туралы ереженi әзiрлеп, оны облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерiне жеткiзсiн.
      7. Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерiнiң, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң ұсынуы бойынша айдың басындағы 10-күнге дейiн Қазақстан Республикасының Үкiметiне осы қаулының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң       
1996 жылғы 13 мамырдағы  
N 587 қаулысына     
қосымша       

Қайта ұйымдастыруға жататын коммуналдық шаруашылық кәсiпорындарының тiзбесi

      Сумен жабдықтау және канализация кәсiпорны
      Электр және жылу энергиясымен жабдықтау кәсiпорны
      Табиғи және сұйытылған газбен қамтамасыз ету кәсiпорны
      Қоқыстарды жинау, әкету және өңдеу кәсiпорны
      Елдi мекендердi көгалдандыру мен көркейту кәсiпорны
      Лифт шаруашылығы кәсiпорны
      Телеантенналар орнату және пайдалануға беру кәсiпорны
      Радиохабарлар тарату кәсiпорны

О демонополизации жилищно-коммунального хозяйства и упорядочении расчетов за жилищно-коммунальные услуги

Постановление Правительства Республики Казахстан от 13 мая 1996 г. N 587. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 17 марта 2003 г. N 258

      В целях развития конкуренции в коммунальной сфере, упорядочения взаимоотношений собственников жилья и служб жилищно-коммунального хозяйства, государственного регулирования тарифов на услуги предприятий - естественных монополистов Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Государственному комитету Республики Казахстан по ценовой и антимонопольной политике:
      ввести в государственный поименный регистр хозяйствующих субъектов - естественных монополистов раздел "Предприятия коммунальной сферы". Включить в него предприятия по водоснабжению и канализации, обеспечению потребителей природным газом, тепловой и электрической энергией, услугами связи;
      до 10 июня 1996 года по согласованию с Министерством экономики, Министерством финансов, Министерством строительства, жилья и застройки территорий Республики Казахстан, Государственным комитетом Республики Казахстан по статистике и анализу утвердить особый порядок формирования состава затрат, включаемых в себестоимость продукции (работ, услуг), производимой и реализуемой хозяйствующими субъектами - естественными монополистами в коммунальной сфере, предусмотрев в нем регулирование затрат, включаемых в себестоимость;
      с 1 июля 1996 года с учетом названного особого порядка, пересмотреть цены и тарифы на продукцию (работы, услуги) предприятий - естественных монополистов.
      Сноска. В абзац второй внесены изменения - постановлением Правительства РК от 8 августа 1997 г. N 1243 .
      2. Установить, что изменение цен на коммунальные услуги, оказываемые предприятиями - естественными монополистами, может производиться не чаще одного раза в квартал с 1 числа месяца начала квартала с извещением потребителей через средства массовой информации за 15 дней до введения новых цен.
      В целях равномерного доведения тарифов на жилищно-коммунальные услуги до уровня, покрывающего издержки организаций, оказывающих эти услуги, разрешить акимам областей и г. Алматы по согласованию с маслихатами до 1 октября 1996 года изменять цены на коммунальные услуги ежемесячно с 1 числа месяца.
      3. Министерству экономики Республики Казахстан в пятидневный срок разработать и довести до акимов областей прогнозные индексы инфляции и изменения цен на каждый вид коммунальных услуг на период до 1 октября 1996 года.
      4. Установить, что с 1 июля 1996 года расчеты за выполненные эксплуатационные работы осуществляются собственниками жилых и нежилых помещений в жилом доме (здании) напрямую с теми хозяйствующими субъектами, которые заключили с ними договоры на проведение указанных работ (услуг). Не допускается взимание квартирной платы (эксплуатационных расходов) за эксплуатационные работы в случаях, если с объединением собственников квартир (домов), а при его отсутствии - с отдельным собственником не заключены договоры на выполнение таких работ и не принято их фактическое выполнение.
      В целях введения нового порядка расчетов за жилищно-коммунальные услуги акимам областей и г. Алматы:
      в срок до 1 июня 1996 года:
      совместно с маслихатами отменить ранее установленный порядок взимания платы за эксплуатационные работы по содержанию жилья в виде ставок единой квартирной платы (эксплуатационных расходов);
      принять меры по преодолению монополизма в расчетах за коммунальные и эксплуатационные услуги, имея в виду трансформацию дирекций по эксплуатации зданий и других жилищно-эксплуатационных организаций в структуры, не имеющие преимуществ при заключении договоров с потребителями по оказанию коммунальных услуг или в осуществлении расчетов с населением за жилищно-коммунальные услуги;
      обеспечить условия наибольшего благоприятствования и стимулирования предприятиям всех форм собственности, оказывающим коммунальные услуги и производящим расчеты за них на альтернативной действующим предприятиям-монополистам основе;
      в срок до 1 июля 1996 года:
      обеспечить заключение договоров предприятиями - естественными монополистами в коммунальной сфере на выполняемые работы с потребителями согласно Типовому договору, утвержденному Государственным комитетом Республики Казахстан по ценовой и антимонопольной политике;
      ликвидировать службы по осуществлению паспортного режима, находящиеся в составе жилищно-коммунального хозяйства;
      рассмотреть на заседаниях областных, городских комиссий по анализу эффективности деятельности объединений юридических лиц проекты реорганизаций структуры предприятий коммунального хозяйства согласно приложению, предложенные территориальными комитетами по ценовой и антимонопольной политике, с реализацией их до 1 августа 1996 года;
      в срок до 1 октября 1996 года:
      провести инвентаризацию жилищного фонда с целью выявления аварийного и ветхого жилья, подлежащего сносу или капитальному ремонту;
      разработать мероприятия по содержанию, реновации и капитальному ремонту или сносу ветхого и аварийного жилья, определить источники их финансирования.
      Сноска. Абзац девятый пункта 4 - в редакции постановления Правительства Республики Казахстан от 23 июля 1996 г. N 922.
      5. Государственному комитету Республики Казахстан по управлению государственным имуществом до 1 июля 1996 года:
      вывести из состава предприятий - естественных монополистов коммунальной сферы подразделения, не относящиеся к их основной деятельности, и до конца 1996 года осуществить приватизацию государственной собственности этих подразделений;
      совместно с Государственным комитетом Республики Казахстан по ценовой и антимонопольной политике выявить хозяйствующие структуры, созданные предприятиями - естественными монополистами с государственным участием в коммунальной сфере и дублирующие их основную деятельность, путем расторжения учредительных договоров обеспечить ликвидацию лишних звеньев.
      6. Государственному комитету Республики Казахстан по ценовой и антимонопольной политике:
      в срок до 1 июня 1996 года:
      утвердить совместно с Министерством строительства, жилья и застройки территорий Республики Казахстан Примерный устав кооперативов собственников жилых и нежилых помещений в жилых зданиях и зарегистрировать его в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      утвердить размеры платы за услуги, оказываемые органами внутренних дел по осуществлению паспортного режима;
      в срок до 1 июля 1996 года:
      разработать и довести до акимов областей и г. Алматы Положение о тарифной политике на тепловую энергию, холодную воду, пользование канализацией.
      7. Государственному комитету Республики Казахстан по ценовой и антимонопольной политике по представлению акимов областей и г. Алматы, Государственного комитета Республики Казахстан по управлению государственным имуществом ежемесячно до 10 числа начала месяца представлять Правительству Республики Казахстан информацию о ходе выполнения данного постановления.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Приложение       
к постановлению Правительства
Республики Казахстан   
от 13 мая 1996 г. N 587 

Перечень предприятий коммунального
хозяйства, подлежащих реорганизации

      Предприятия по водоснабжению и канализации
      Предприятия по снабжению электрической и тепловой энергией
      Предприятия по обеспечению природным и сжиженным газом
      Предприятия по сбору, вывозу и переработке мусора
      Предприятия по озеленению и благоустройству населенных пунктов
      Предприятия лифтового хозяйства
      Предприятия по установке и эксплуатации телеантенн
      Предприятия по радиотрансляции