"Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының құрылымын жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 қазандағы N 2541 U952541_ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Гидрометеорология жөнiндегi бас басқармасы туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
2. Мыналар:
"Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Гидрометеорология жөнiндегi бас басқармасының мәселелерi" жөнiндегi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 10 наурыздағы N 206 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, N 10, 177-бап);
"Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Гидрометеорология жөнiндегi бас басқармасы жөнiндегi Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 8 маусымдағы N 509 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 23, 362-бап);
"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 6 ақпандағы N 115 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 5, 62-бап) бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiне енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулардың 10-тармағы күшiн жойған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 13 мамырдағы
N 590 қаулысымен
БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасының Гидрометеорология
жөнiндегi бас басқармасы туралы
Е Р Е Ж Е
1. Қазақстан Республикасының Гидрометеорология жөнiндегi бас басқармасы (Қазгидромет) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқармасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Қазақстан Республикасы Гидрометеорология жөнiндегi бас басқармасы гидрометеорологиялық мониторинг және табиғи орта мониторингi саласындағы мемлекеттiк басшылықты жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының атқарушы өкiмет органдарын, ұйымдары мен халқын табиғи орта және климатының жай-күйi, гидрометеорологиялық жағдай және табиғи орта жай-күйiндегi нақты және күтiлетiн өзгерiстер, өзгерiстердiң себептерi туралы ақпараттармен қамтамасыз етедi, сондай-ақ осы саланың одан әрi дамуына жауап бередi.
Қазгидромет, басты ұйымдар, аумақтар органдар, ғылыми-зерттеу мекемелерi, байқау стансалары мен постары және басқа да оған қарасты мемлекет пен кәсiпорындар бiрегей жүйенi құрайды. Қазгидрометтiң құрамына кiретiн ұйымдардың тiзiмi ұсынылып отыр.
Қазгидромет Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджетi есебiнен ұсталады, заңды ұйым болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген қазақ және орыс тiлдерiнде өз атаулары жазылған дөңгелек мөрi, сондай-ақ фирмалық үлгi қағаздары болады.
2. Қазгидромет өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларын және осы Ереженi басшылыққа алады және қолданылып жүрген заңдардың ведомствоға бағынысты кәсiпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда дұрыс қолданылуын қамтамасыз етедi, өз құзырына қатысты мәселелерде заңдардың ведомствоға бағынысты кәсiпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда дұрыс қолданылуын қамтамасыз етедi, өз құзырына қатысты мәселелерде заңдардың қолданылу практикасын пысықтайды, оны одан әрi жетiлдiру туралы ұсыныс әзiрлеп, оны белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзедi.
3. Қазақстан Республикасының Гидрометеорология жөнiндегi бас басқармасының негiзгi мiндеттерi мыналар:
республикада гидрометеорологиялық мониторинг және табиғи орта мониторингi саласында бiрiңғай ғылыми-техникалық саясат жүргiзу;
атқарушы өкiмет органдарына, құқық қорғау органдарына, бұқаралық ақпарат құралдарына, республика ұйымдары мен кәсiпорындарына, мекемелерiне және басқа да тұтынушыларға тегiн және шарттық негiзде гидрометеорологиялық ақпараттар мен мәлiметтер беру. Бюджеттiк қаржыландыру есебiнен республикалық ұйымдарға тегiн берiлетiн ақпараттардың тiзбесi мен көлемi жыл сайын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң келiсiмiмен белгiленедi;
мемлекеттiк гидрометеорологиялық жүйелер мен табиғи ортаның ластану жайын бақылау пунктерiн ұстау және дамыту;
қысқа және ұзақ мерзiмдi метеорологиялық, гидрологиялық және агрометеорологиялық болжауды әзiрлеу мен жасау, гидрометеорологиялық құбылыстарды, климат өзгерiстерiн, жер бетiнiң радиациялық ахуалын зерттеу;
гидрометеорологиялық табиғи құбылыстардың алдын алу;
Қазақстан Республикасы ұйымдарының, кәсiпорындары мен мекемелерiнiң мүддесiндегi гидрометеорологиялық процестер мен құбылыстарға белсендi әсер ету жұмыстарын ұйымдастыру;
гидрометеорологиялық және табиғи ортаның жай-күйi жөнiндегi Республикалық қорды жүргiзу;
Қазақстан Республикасы аумағында өзге ұйымдардан алынған гидрометеорологиялық мәлiметтерге мемлекеттiк сараптау жүргiзу;
өз құзыры шеңберiнде заң және заңға қосымша актiлердiң жобаларын әзiрлеу;
өзге мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен гидрометеорологиялық және табиғи ортаның мониторингi саласында белгiленген тәртiппен ынтымақтастық орнату болып табылады.
4. Қазгидромет өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мына қызметтердi жүзеге асырады:
ғылым мен техниканың жаңа жетiстiктерi негiзiнде сенiмдi тiршiлiк етудi, табиғи ортаның жағдайын байқау мемлекеттiк жүйенiң одан әрi дамуын қамтамасыз етедi;
атмосфераның, су бетiнiң, ауыл шаруашылығы дақылдары мен жайылымдардың, жер бетiндегi радиациялық жағдайдың жай-күйiне ұдайы байқау жүргiзедi;
табиғи орта мен климаттың жай-күйiне әртүрлi табиғи факторлар мен адамның өндiрiстiк қызметiнiң әсерiне талдау жасайды, төтенше жағдайлар мен апатқа соқтыратын гидрометеорологиялық табиғи құбылыстарды болжаудың әдiстерiн жетiлдiредi;
арнайы уәкiлеттi органдармен бiрлесе отырып Қазақстан Республикасы үшiн бiртұтас жүйе бойынша судың сандық және сапалық көрсеткiштерi және оларды пайдаланудың мемлекеттiк есебiн сондай-ақ шарттық жағдайда Мемлекеттiк су кадастарын жүргiзудi жүзеге асырады;
мүдделi министрлiктермен, мемлекеттiк комитеттермен және басқа да орталық атқарушы органдармен бiрлесе отырып Қазақстан Республикасының құрылыстарын жобалауға арналған гидрометеорологияның сипаттама есебiнiң әдiсi бойынша нормаларды, ережелердi және шаруашылық саласына гидрометеорологиялық қызмет көрсету жоспарын жасайды және бекiтедi, олардың орындалуын қамтамасыз етедi;
гидрометеорологиялық өлшеулер мен табиғи ортаның жай-күйiн бақылауға арналған аспаптар мен жабдықтардың номенклатурасын белгiлейдi, осы аспаптар мен жабдықтарға техникалық талаптарды әзiрлейдi;
табиғи ортаның жай-күйiн бақылаудың мемлекеттiк жүйесiндегi өлшемдер нәтижелерiнiң бiрлiгi мен салыстырмалылығын, Қазгидрометтiң кәсiпорындары, ұйымдары мен мекемелерiнiң қызметiн метеорологиялық қамтамасыз етудiң негiзгi қағидаларын, ережелерi мен нормаларын стандарттауды қамтамасыз етедi, метеорологиялық бақылауды, метеорологиялық, гидрологиялық, актинометриялық, теңiз гидрометеорологиялық, агрометеорологиялық аспаптар мен құрғыларды тексеру мен аттестацияларды жүзеге асырады;
министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, басқа да орталық атқарушы органдардың, кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың гидрометеорологиялық станциялар мен постарын ұйымдастыру мен таратуға келiсiм бередi;
гидрометеорологиялық, геофизикалық байқау материалдарын, сондай-ақ табиғи ортаның жай-күйi туралы мәлiметтерiн орталықтандырылған есепке алуды, сақтауды және берудi жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының аумағындағы табиғи ортаның жай-күйi, климаттың, агроклиматтың жағдайы және су ресурстары туралы ғылыми-техникалық және ғылыми-қолданбалы әдебиеттердi дайындауды және басып шығаруды жүзеге асырады;
Қазгидромет кәсiпорындарының, мекемелерi мен ұйымдарының басшы, инженерлiк-техникалық және басқа қызметкерлерiн даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
Қазақстан Республикасының аумағында басқа ұйымдар алған гидрометеорологиялық деректердiң барлық түрiн, сондай-ақ олардағы гидрометеорологиялық ақпараттың пайдаланылуына қатысты кез-келген жобаларды сараптамадан өткiзедi;
белгiленген тәртiппен басқа да шет ел мемлекеттерiмен және халықаралық ұйымдармен байланыс және ақпарат алмасуды жүзеге асырады, олармен өз құзырына жататын мәселелер бойынша шарттар жасасады, гидрометеорология және табиғи ортаның мониторингi мәселелерi жөнiндегi жұмысқа министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттер мен ведомстволардың қатысуын үйлестiредi.
5. Қазгидрометке өзiне жүктелген мiндеттер мен қызметтерiн шешу үшiн мынадай:
Қазақстан Республикасы Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитеттiң келiсiмiмен белгiленген тәртiппен өз меншiгiндегi гидрометеорологиялық өнiмдерiне бағаны әзiрлеу және бекiту;
белгiленген тәртiппен барлық министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, басқа орталық атқарушы органдар, кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар үшiн мiндеттi гидрометеорология және табиғи ортаның жай-күйiн бақылау саласында жұмыстарды жүргiзу жөнiндегi ережелердi, техникалық және әдiстемелiк нұсқауларды, сондай-ақ Қазгидрометке бақылаудың және техникалық есеп берудiң нәтижелерiн беру нысандары мен тәртiбiн бекiту;
жүктелген мiндеттердi шешу үшiн және тұтастай алғанда салада және жекелеген кәсiпорынның өндiрiстiк қызметiнде гидрометеорологиялық ақпаратты пайдаланудың тиiмдiлiгiн бағалау үшiн қажеттi материалдарды министрлiктерден, мемлекеттiк комитеттерден, басқа да орталық атқарушы органдардан, кәсiпорындардан, мекемелерден, ұйымдардан алу;
күтiлген табиғи гидрометеорологиялық құбылыстар және ауа-райының күрт өзгерiстерi туралы хабардар ету тәртiбiн министрлiктермен, мемлекеттiк комитеттермен, басқа да орталық атқарушы органдармен және облыс әкiмдерiмен келiсу;
министрлiктермен, мемлекеттiк комитеттермен, басқа да атқарушы органдармен және облыс әкiмдерiмен бiрлесе отырып, табиғи гидрометеорологиялық құбылыстардың зардаптарын және басқа да гидрометеорологиялық факторлар тудырған табиғи ортаның жай-күйiнiң өзгерiстерiн зерттеуге қатысу;
белгiленген тәртiппен өзiне қарасты кәсiпорындарды, ұйымдар мен мекемелердi құруға, таратуға және қайта құруға, осы кәсiпорындар, ұйымдар мен мекемелердi құруға, таратуға және қайта құруға, осы кәсiпорындар, ұйымдар мен мекемелер туралы ережелердi (жарғыларды) бекiту;
гидрометеорология және табиғи ортаның жай-күйiн бақылау саласындағы көкейтестi мәселелерге орай кеңес алысу, зерттеу және шешу үшiн ғалымдарды, мамандар мен сарапшыларды тарту;
Қазгидрометтiң құзырына кiретiн мәселелер жөнiнде кеңестер, семинарлар, конференциялар және халықаралық симпозиумдар өткiзу құқығы берiлген.
6. Қазгидромет өзiне жүктелген мiндеттердi Қазақстан Республикасының мүдделi министрлiктерiмен, мемлекеттiк комитеттерiмен, басқа да орталық атқарушы органдарымен және облыс әкiмдерiмен ынтымақтаса отырып шешедi.
7. Қазгидромет мерзiмдi және жылдың жиынтық қаржылық есебiн құрастырады және оны тиiстi орталық атқарушы органдарға ұсынады.
8. Қазгидрометтi Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын бастық басқарады.
Қазгидромет бастығының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын (босататын) екi орынбасары болады.
9. Қазгидромет бастығы Қазгидрометке жүктелген мiндеттердi орындалуына толығымен жауап бередi, орынбасарлары мен бөлiмшелерi жетекшiлерiнiң дербес жауапкершiлiк деңгейiн белгiлейдi.
10. Қазгидромет бастығы:
барлық мемлекеттiк органдарда, ұйымдарда Қазгидрометтiң мүддесiн бiлдiредi, шарттар жасайды, банктерде бюджеттiк есеп айырысу және өзге де шоттарын ашады;
Қазгидромет бекiтiлген адам саны мен еңбекке төлеу шегiндегi орталық аппараттың штаттық кестесiн бекiтедi;
Қазгидромет аумақтық органдарының қызметiн ұйымдастырады, Қазгидрометтiң қарамағындағы кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың жұмысын үйлестiредi, олардың құрылымы мен ережесiн бекiтедi;
облыс әкiмдерiмен келiсiм бойынша Қазгидрометтiң гидрометеорология және мониторинг жөнiндегi аумақтық органдарының басшыларын тағайындайды және босатады;
Қазгидрометтiң құзырындағы қолданылып жүрген заңдар негiзiнде және орындау үшiн бұйрықтар, өкiмдер шығарады, саланың барлық қызметкерлерi, қарамағындағы кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң орындауы үшiн мiндеттi нұсқаулар бередi.
11. Қазгидрометте саланың өндiрiстiк мiндеттерiн дамыту мен шешудiң басты желiсiн белгiлеу үшiн Қазгидрометтiң бастығы (алқа төрағасы) лауазымы бойынша оның орынбасарлары және Қазгидрометтiң жетекшi бөлiмшелерiнiң басшылары құрамында алқа құрылады. Алқа құрамы және алқа қызметi осыған байланысты жүзеге асырылатын ереженi Қазгидромет бастығы бекiтедi.
Алқаның шешiмi Қазгидромет бастығының бұйрықтарымен жүзеге асырылады.
12. Гидрометеорологиялық бақылаулар мен жұмыстар әдiстемесiнiң, табиғи ортаның жай-күйiн бақылаудың негiзгi мәселелерiн, ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарлары мен нәтижелерiн қарау, саланың проблемаларына байланысты режимдiк анықтамаларды, шолуларды және басқа басылымдарды қорыту мен шығару үшiн Қазгидромет жанынан
ғылыми-техникалық кеңес құрылады. Қазгидромет бастығы кеңес төрағасы
болып табылады.
Ғылыми-техникалық кеңес құрамы және ол туралы ереженi
Қазгидромет бастығы бекiтедi.
13. Қазгидромет бюджеттен тыс қаржы есебiнен гидрометеорология
және табиғи орта мониторингi проблемалары бойынша "Гидрометеорология
және экология" атты журнал шығарады.
Қазақстан Республикасы Гидрометеорология жөнiндегi
бас басқармасының құрамына енетiн ұйымдардың
Т I З Б Е С I
Қазақстан Республикасы Гидрометеорология
жөнiндегi бас басқармасының басты ұйымдары
Ауа райы Бюросы, Алматы қ.
Мониторинг орталығы, Алматы қ.
Ақпарат жинау және өңдеу жөнiндегi орталық, Алматы қ.
Өлшеу құралдары қызметi, Алматы қ.
Бiрiккен мамандандырылған орталық, Алматы қ.
Авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету басқармасы, Алматы қ.
Гидрометеорология және табиғи ортаның ластануы жөнiндегi
Республикалық қор, Алматы қ.
Қазақтың қоршаған орта мониторингi және климаты ғылыми-зерттеу
институты, Алматы қ.
Тәжiрибелiк жөндеу-өндiрiстiк кәсiпорны, Алматы қ.
Автошаруашылық, Алматы қ.
Қазақстан Республикасының Гидрометеорология
жөнiндегi бас басқармасының облыстық ұйымдары
Гидрометеорология және мониторинг жөнiндегi Ақмола облыстық
орталығы, Ақмола қ.
Гидрометеорология және мониторинг жөнiндегi Ақтөбе облыстық
орталығы, Ақтөбе қ.
Гидрометеорология және мониторинг жөнiндегi Атырау облыстық
орталығы, Атырау қ.
Гидрометеорология және мониторинг жөнiндегi Шығыс Қазақстан
облыстық орталығы, Өскемен қ.
Гидрометеорология және мониторинг жөнiндегi Жамбыл облыстық
орталығы, Жамбыл қ.
Гидрометеорология және мониторинг жөнiндегi Жезқазған облыстық
орталығы, Жезқазған қ.
Гидрометеорология және мониторинг жөнiндегi Батыс Қазақстан
облыстық орталығы, Орал қ.
Гидрометеорология және мониторинг жөнiндегi Қарағанды облыстық
орталығы, Қарағанды қ.
Гидрометеорология және мониторинг жөнiндегi Көкшетау облыстық
орталығы, Көкшетау қ.
Гидрометеорология және мониторинг жөнiндегi Қостанай облыстық
орталығы, Қостанай қ.
Гидрометеорология және мониторинг жөнiндегi Қызылорда облыстық
орталығы, Қызылорда қ.
Гидрометеорология және мониторинг жөнiндегi Маңғыстау облыстық
орталығы, Ақтау қ.
Гидрометеорология және мониторинг жөнiндегi Павлодар облыстық
орталығы, Павлодар қ.
Гидрометеорология және мониторинг жөнiндегi Солтүстiк Қазақстан
облыстық орталығы, Петропавл қ.
Гидрометеорология және мониторинг жөнiндегi Семей облыстық
орталығы, Семей қ.
Гидрометеорология және мониторинг жөнiндегi Талдықорған облыстық
орталығы, Талдықорған қ.
Гидрометеорология және мониторинг жөнiндегi Торғай облыстық
орталығы, Арқалық қ.
Гидрометеорология және мониторинг жөнiндегi Оңтүстiк Қазақстан
облыстық орталығы, Шымкент қ.