1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi республикалық бюджет пен республикалық бюджетке заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы бойынша 74 (жетпiс төрт) млн. теңге сомасында берешегi бар "Алматыгортеплокоммунэнерго" акционерлiк қоғамы арасында берешек есептемесiн жүргiзсiн.
Аталған сома қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес тұтынылған жылу
энергиясы үшiн қарызы бар бюджеттiк ұйымдарды қаржыландыру шотына есептелсiн. 2. Берешектi есептеу аталған сома республикалық бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiмдерiнде көрсетiле отырып жүргiзiлсiн. 3. Алматы қаласының әкiмi жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттiк ұйымдар бойынша берешектердi қысқарту мақсатында осындай есептемелер жүргiзу туралы шешiм қабылдағаны ескерiлсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 22 мамырдағы N 625 қаулысына 1-қосымша Тұтынылған жылу энергиясы үшiн берешек есептемесi жүзеге асырылатын министрлiктердiң, ведомстволар мен республикалық мекемелердiң Тiзбесi ___________________________________________________________________ Ұйымның атауы Сомасы, мың теңге ___________________________________________________________________ Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы 10158 Республикалық ғылыми-техникалық кiтапхана 261 Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Архивтер мен құжаттама бас басқармасы 499 Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi 34300 Қазақстан Республикасының Президентi Iс басқармасының Медицина орталығы 11191 Қазақстан Республикасының Шекара әскерлерi әскери институты 13000 Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi 3761 Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi 330 Қазақстан Республикасының Орталық музейi 500 Жиыны 74000