"Алматыгортеплокоммунэнерго" акционерлiк қоғамы бойынша есептеме жүргiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 22 мамырдағы N 625

      Бюджеттiк ұйымдардың тұтынылған жылу энергиясы үшiн берешектерiн қысқарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi республикалық бюджет пен республикалық бюджетке заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы бойынша 74 (жетпiс төрт) млн. теңге сомасында берешегi бар "Алматыгортеплокоммунэнерго" акционерлiк қоғамы арасында берешек есептемесiн жүргiзсiн.
      Аталған сома қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес тұтынылған жылу

энергиясы үшiн қарызы бар бюджеттiк ұйымдарды қаржыландыру шотына
есептелсiн.
     2. Берешектi есептеу аталған сома республикалық бюджеттiң кiрiс
және шығыс бөлiмдерiнде көрсетiле отырып жүргiзiлсiн.
     3. Алматы қаласының әкiмi жергiлiктi бюджеттен
қаржыландырылатын бюджеттiк ұйымдар бойынша берешектердi қысқарту
мақсатында осындай есептемелер жүргiзу туралы шешiм қабылдағаны
ескерiлсiн.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi
                                    Қазақстан Республикасы
                                         Үкiметiнiң
                                    1996 жылғы 22 мамырдағы
                                        N 625 қаулысына
                                           1-қосымша

         Тұтынылған жылу энергиясы үшiн берешек есептемесi
         жүзеге асырылатын министрлiктердiң, ведомстволар
                  мен республикалық мекемелердiң
                           Тiзбесi

___________________________________________________________________
    Ұйымның атауы                      Сомасы, мың теңге
___________________________________________________________________
     Қазақстан Республикасының Ғылым
     министрлiгi - Ғылым академиясы              10158

     Республикалық ғылыми-техникалық
     кiтапхана                                     261

     Қазақстан Республикасының Үкiметi
     жанындағы Архивтер мен құжаттама
     бас басқармасы                                499

     Қазақстан Республикасының Денсаулық
     сақтау министрлiгi                          34300

     Қазақстан Республикасының Президентi
     Iс басқармасының Медицина орталығы          11191

     Қазақстан Республикасының Шекара
     әскерлерi әскери институты                 13000

     Қазақстан Республикасының
     Қорғаныс министрлiгi                         3761

     Қазақстан Республикасының Статистика
     және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi    330

     Қазақстан Республикасының
     Орталық музейi                                500

             Жиыны                               74000
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады