1. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi жанындағы Экономикалық зерттеулер институты (бұдан әрi - Экономикалық зерттеулер институты) Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiмен, Қаржы министрлiгiмен, Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттiк басқару органдарымен, кәсiпорындарымен және ұйымдарымен, шетелдiк және халықаралық ұйымдармен және өкiлдiктермен тиiстi шарттар (контрактiлер) жасау жолымен ғылыми-зерттеулердi, консалтингтiк және ғылыми-ақпараттық сипаттағы басқа да қызмет көрсетулердi жүзеге асыратын мемлекеттiк мекеме болып табылады деп белгiленсiн.
2. Экономикалық зерттеулер институты жүзеге асыратын және республикалық бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми-экономикалық зерттеулер мен болжамдық-талдау жұмыстарының басты тапсырыс берушiсi Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi болып белгiленсiн.
1996 жылдың сәуiр айынан бастап 1996 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыруға арналған қаражаттар шеңберiнде аталған жұмыстарды қаржыландыруды Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi арқылы Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы жүзеге асырады деп белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi Қазақстан
Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясымен бiрлесе отырып, Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi жанындағы бұрынғы Экономика және нарықтық қатынастарын ғылыми-зерттеу институтының қарыздарының құрылымдарын осы қарыздарды өтеудiң тәртiбi мен мерзiмдерiн айқындау мақсатында оларды қайта құрылымдауды жүзеге асыруды ескере отырып қарастырсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi