Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң жанындағы Экономикалық зерттеулер институтының ғылыми-зерттеу және шаруашылық қызметiнiң мәселелерi

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 23 мамыр N 638

      "Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгi жанынан Экономикалық зерттеулер институтын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 9 қаңтардағы N 32 P960032_ қаулысын iске асыру және ғылыми-экономикалық зерттеулер сапасын арттыру, жалпы әлемдiк стандарттарға сәйкес болжамдық-талдау жұмыстарын ұйымдастыру және экономикалық проблемалар бойынша ғылыми-зерттеулер жүргiзу үшiн бөлiнетiн мемлекеттiк қаржы ресурстарын тиiмдi пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi жанындағы Экономикалық зерттеулер институты (бұдан әрi - Экономикалық зерттеулер институты) Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiмен, Қаржы министрлiгiмен, Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттiк басқару органдарымен, кәсiпорындарымен және ұйымдарымен, шетелдiк және халықаралық ұйымдармен және өкiлдiктермен тиiстi шарттар (контрактiлер) жасау жолымен ғылыми-зерттеулердi, консалтингтiк және ғылыми-ақпараттық сипаттағы басқа да қызмет көрсетулердi жүзеге асыратын мемлекеттiк мекеме болып табылады деп белгiленсiн.
      2. Экономикалық зерттеулер институты жүзеге асыратын және республикалық бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми-экономикалық зерттеулер мен болжамдық-талдау жұмыстарының басты тапсырыс берушiсi Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi болып белгiленсiн.
      1996 жылдың сәуiр айынан бастап 1996 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыруға арналған қаражаттар шеңберiнде аталған жұмыстарды қаржыландыруды Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi арқылы Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы жүзеге асырады деп белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi Қазақстан

Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясымен бiрлесе
отырып, Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi жанындағы
бұрынғы Экономика және нарықтық қатынастарын ғылыми-зерттеу
институтының қарыздарының құрылымдарын осы қарыздарды өтеудiң тәртiбi
мен мерзiмдерiн айқындау мақсатында оларды қайта құрылымдауды жүзеге
асыруды ескере отырып қарастырсын.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады