"Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасы
Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар
туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 26
желтоқсандағы N 2731
өкiмiне сәйкес Қазақстан
Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Мемлекеттiк қызметтегi бос лауазымға орналастыру конкурсын
өткiзу тәртiбi туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 27 мамырдағы
N 649 қаулысымен
Бекiтiлген
Мемлекеттiк қызметтегi бос лауазымға орналастыру
конкурсын өткiзу тәртiбi туралы
Ереже
Жалпы ережелер
Осы Ереже мемлекеттiк қызметтегi бос лауазымға орналастыру
конкурсын (бұдан әрi - конкурс) өткiзудiң тәртiбiн белгiлейдi.
Конкурс:
азаматтардың мемлекеттiк қызметке бiрдей қол жеткiзу құқығын
қамтамасыз етедi;
мемлекеттiк қызмет лауазымдарының үшiншiден бастап жетiншiге
дейiнгi санаттардағы бос лауазымдарға орналасу үшiн өткiзiледi.
Конкурстарды өткiзу тәртiбi
1. Мемлекеттiк орган бос лауазымға орналасу конкурсын өз бетiнше жариялайды. Лауазымға орналасу конкурсын жариялау туралы шешiмдi мемлекеттiк органның басшысы қабылдайды.
2. Конкурс:
жарияланған сәттен бастап бiр айдан аспайтын мерзiм iшiнде оған қатысуға өтiнiш берген азаматтар арасында;
құжаттар конкурсы нысанында өткiзiледi.
3. Конкурс қатысушылар арасында мемлекеттiк қызметшiлерге қойылатын талаптарға неғұрлым сай келетiн адамдарды анықтау үшiн өткiзiледi.
4. Мемлекеттiк қызметшiлер конкурс өткiзiлетiн сәтте өздерiнiң қандай лауазым атқаратындарына қарамастан оған қатысуға хақылы.
5. Конкурсты өткiзу күнi мен орны, өтiнiштi беру тәртiбi мен мерзiмi туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
6. Конкурсқа қатысушылар мынадай талаптарға сай болуға тиiс;
Қазақстан Республикасының азаматы болуға;
мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдарының тиiстi санаттарына қатысты республика заңдарында өзгеше көзделмесе, жасы он сегiз жастан кем болмауға;
бiлiктiлiк талаптарына сай келетiн қажеттi бiлiмi мен кәсiптiк даярлығының деңгейi, сондай-ақ заңдарда көзделген жағдайларда мамандығы бойынша жұмыс стажы болуға тиiс.
7. Конкурсқа қатысқысы келетiндер конкурс өткiзiп отырған мемлекеттiк орган басшысының атына мынадай құжаттарды бередi:
өтiнiш;
кадрлар есебi жөнiндегi жеке iс парағы;
бiлiмi, ғылыми атағы туралы құжаттардың және ғылыми атақ тағайындау жөнiндегi аттестаттың (бар болса) белгiленген тәртiппен расталған көшiрмелерi;
өмiрбаяны.
8. Конкурсқа түскен құжаттарды конкурсты жариялаған мемлекеттiк органның басшысы алдын ала қарайды. Оның тиiстi қорытындысы жазбаша нысанда конкурстық комиссияға жiберiледi.
9. Мемлекеттiк органда басшының шешiмi бойынша тұрақты жұмыс iстейтiн конкурстық комиссия құрылады. Конкурстық комиссия туралы Ереженi басшы бекiтедi.
10. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысушыларды бiлiмi туралы, мемлекеттiк қызметтi немесе өзге еңбек жолын өткеруi туралы құжаттардың, сондай-ақ ұсыныстардың, тест нәтижелерi мен тиiстi мемлекеттiк органдардың шешiмi бойынша берiлетiн басқа құжаттардың негiзiнде бағалайды.
11. Конкурсқа қатысушы адамдар конкурстық комиссияның мәжiлiсiне қатыса алады.
12. Конкурстық комиссияның шешiмi тиiстi мемлекеттiк лауазымға ұсынылған азаматпен контракт жасауға немесе осындай контракт жасаудан бас тартуға негiз болып табылады.
13. Дауыс беруге комиссияның жалпы құрамының кемiнде 2/3 мүшесi қатысса, конкурсты өткiзуде конкурстық комиссияның шешiмi заңды болып табылады. Конкурстық комиссияның қатысушы мүшелерiнiң көпшiлiк дауысын алған кандидат конкурстан өткен болып саналады.
Егер екi немесе одан да көп кандидат қатысқан конкурсты өткiзгенде дауыстар теңдей бөлiнсе, конкурстық комиссия төрағасының дауысы шешушi болып табылады.
Конкурс өткiзiлмей қалған жағдайда мемлекеттiк органның басшысы бос лауазымға орналастыру туралы шешiмдi өз бетiнше қабылдайды.
14. Конкурстық комиссияның шешiмi, егер ол осы Ереженiң талаптарын сақтай отырып қабылданған болса, түпкiлiктi болып табылады. Комиссияның шешiмi заңда белгiленген тәртiппен жойылуы мүмкiн.
15. Конкурсқа қатысушылардың әрқайсысына конкурстың нәтижелерi туралы ол аяқталған күннен кейiнгi бiр айдың iшiнде жазбаша нысанда хабарланады.