Степной поселкесiндегi мүлiктiк кешен мен Қазақстан Республикасының аумағынан әкетiлетiн Ресей Федерациясы Қарулы Күштерiнiң 33738 әскери бөлiмшесiнiң материалдық-техникалық базасын одан әрi пайдалану туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 4 маусым N 689

      Торғай облысы Державин ауданы Степной поселкесiнiң өндiрiстiк-әлеуметтiк инфрақұралдарының және 33738 әскери бөлiмшесiнiң материалдық-техникалық базасының тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi Қазақстан Республикасының меншiгi болып табылатын әскери-техникалық мүлiктi қабылдасын.
      2. Торғай облысының әкiмi әлеуметтiк, мәдени-тұрмыстық, коммуналдық мақсаттағы объектiлер мен Степной поселкесiндегi тұрғын үй қорын жергiлiктi атқарушы органдардың қарауына қабылдасын.
      3. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi ведомстволық бағыныстағы кәсiпорындарға Степной поселкесiндегi электр беру желiсiн, басқа электр жүйелерi объектiлерiн "Головная" 35-10 кВт көмекшi станциясының балансына қабылдауды тапсырсын.
      4. "Қазақтелеком" ұлттық акционерлiк компаниясы Торғай облысы әкiмiнiң келiсiмi бойынша халық шаруашылығы кешенiнде пайдалануға мүмкiн болатын байланыс желiлерi мен басқа да объектiлердi балансқа қабылдасын.
      5. Тың темiр жол басқармасы кiрме жолдар мен бұрынғы әскери бөлiмшенiң тұйық шаруашылығын балансқа қабылдасын.
      6. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi Торғай облысының әкiмiне Тың темiр жол басқармасына, Есiл электр жүйелерi кәсiпорнына, Торғай облыстық телекоммуникациялар кәсiпорнына 33783 әскери бөлiмшесiнен бұрын қабылданылған, арнаулы техникалар мен тетiктер iшiнен, қабылданған объектiлердiң одан әрi пайдаланылуын қамтамасыз ету үшiн тiзбеге сәйкес қажеттiлерiн берсiн.
      7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi аталған мемлекеттiк мүлiктi қабылдау-берудi белгiленген тәртiппен жүргiзсiн.
      8. Степной поселкесiнiң тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн объектiлердiң iстен шығуын болдырмау үшiн, инженерлiк қамтамасыз ету үшiн берiлетiн объектiлердiң қызмет көрсетуi бойынша коммуналдық шаруашылық кәсiпорындар құру, оларды қысқы жағдайларда жұмысқа дайындау үшiн Торғай облысының әкiмiне төтенше жағдайларды қаржыландыруға арналған Қазақстан республикасы Үкiметiнiң резерв қорынан 100 млн. теңге бөлiнсiн.
      9. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қазақстан

Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi 1997 жылдан бастап
Торғай облысының әкiмi инвестициялық жобалар бойынша ұсынған
берiлетiн өндiрiстiк алаңдарды қайта жаңғыртуды қаржыландыру үшiн
кредиттiк ресурстар бөлудi қайта қарасын.
     10. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан
Республикасының аумағында стратегиялық шабуыл қару-жарақтарын жою
жөнiндегi Үкiмет комиссиясына жүктелсiн.

     Қазақстан республикасының
        Премьер-Министрi 
     
      
      


О дальнейшем использовании имущественного комплекса поселка Степной и материально- технической базы войсковой части 33738 Вооруженных Сил Российской Федерации, выводимой с территории Республики Казахстан

П о с т а н о в л е н и е Правительства Республики Казахстан от 4 июня 1996 г. N 689

      В целях обеспечения эффективного использования производственно-социальной инфраструктуры поселка Степной Державинского района Тургайской области и базы войсковой части 33738 Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Министерству обороны Республики Казахстан принять военно-техническое имущество, являющееся собственностью Республики Казахстан.
      2. Акиму Тургайской области принять объекты социального, культурно-бытового, коммунального назначения и жилой фонд поселка Степной в ведение местных исполнительных органов.
      3. Министерству энергетики и угольной промышленности Республики Казахстан поручить подведомственным предприятиям принять на баланс подстанцию 35-10 кВт "Головная", линии электропередачи, другие электросетевые объекты поселка Степной.
      4. Национальной акционерной компании "Казахтелеком" по согласованию с акимом Тургайской области принять на баланс линии и другие объекты связи, использование которых возможно в народнохозяйственном комплексе.
      5. Управлению Целинной железной дороги принять на баланс подъездные пути и тупиковое хозяйство бывшей войсковой части.
      6. Министерству обороны Республики Казахстан передать акиму Тургайской области, Управлению Целинной железной дороги, Есильскому предприятию электрических сетей, Тургайскому областному предприятию телекоммуникаций спецтехнику и механизмы из числа ранее принятых от войсковой части 33738, необходимые для обеспечения дальнейшей эксплуатации принимаемых объектов, по согласованному перечню.
      7. Государственному комитету Республики Казахстан по управлению государственным имуществом произвести в установленном порядке прием-передачу указанного государственного имущества.
      8. Во избежание вывода из строя объектов жизнеобеспечения поселка Степной, для создания предприятия коммунального хозяйства по обслуживанию передаваемых объектов инженерного обеспечения, подготовки их к работе в зимних условиях выделить акиму Тургайской области 100 млн.тенге из резервного фонда Правительства Республики Казахстан для финансирования чрезвычайных ситуаций.
      9. Министерству экономики Республики Казахстан, государственному Экспортно-импортному банку Республики Казахстан предусмотреть с 1997 года выделение кредитных ресурсов для финансирования реконструкции передаваемых производственных площадей по инвестиционным проектам, представленным акимом Тургайской области.
      10. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Правительственную комиссию по ликвидации стратегических наступательных вооружений на территории Республики Казахстан.
   Премьер-Министр
 Республики Казахстан