1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi Қазақстан Республикасының меншiгi болып табылатын әскери-техникалық мүлiктi қабылдасын.
2. Торғай облысының әкiмi әлеуметтiк, мәдени-тұрмыстық, коммуналдық мақсаттағы объектiлер мен Степной поселкесiндегi тұрғын үй қорын жергiлiктi атқарушы органдардың қарауына қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi ведомстволық бағыныстағы кәсiпорындарға Степной поселкесiндегi электр беру желiсiн, басқа электр жүйелерi объектiлерiн "Головная" 35-10 кВт көмекшi станциясының балансына қабылдауды тапсырсын.
4. "Қазақтелеком" ұлттық акционерлiк компаниясы Торғай облысы әкiмiнiң келiсiмi бойынша халық шаруашылығы кешенiнде пайдалануға мүмкiн болатын байланыс желiлерi мен басқа да объектiлердi балансқа қабылдасын.
5. Тың темiр жол басқармасы кiрме жолдар мен бұрынғы әскери бөлiмшенiң тұйық шаруашылығын балансқа қабылдасын.
6. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi Торғай облысының әкiмiне Тың темiр жол басқармасына, Есiл электр жүйелерi кәсiпорнына, Торғай облыстық телекоммуникациялар кәсiпорнына 33783 әскери бөлiмшесiнен бұрын қабылданылған, арнаулы техникалар мен тетiктер iшiнен, қабылданған объектiлердiң одан әрi пайдаланылуын қамтамасыз ету үшiн тiзбеге сәйкес қажеттiлерiн берсiн.
7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi аталған мемлекеттiк мүлiктi қабылдау-берудi белгiленген тәртiппен жүргiзсiн.
8. Степной поселкесiнiң тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн объектiлердiң iстен шығуын болдырмау үшiн, инженерлiк қамтамасыз ету үшiн берiлетiн объектiлердiң қызмет көрсетуi бойынша коммуналдық шаруашылық кәсiпорындар құру, оларды қысқы жағдайларда жұмысқа дайындау үшiн Торғай облысының әкiмiне төтенше жағдайларды қаржыландыруға арналған Қазақстан республикасы Үкiметiнiң резерв қорынан 100 млн. теңге бөлiнсiн.
9. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қазақстан
Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi 1997 жылдан бастап Торғай облысының әкiмi инвестициялық жобалар бойынша ұсынған берiлетiн өндiрiстiк алаңдарды қайта жаңғыртуды қаржыландыру үшiн кредиттiк ресурстар бөлудi қайта қарасын. 10. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының аумағында стратегиялық шабуыл қару-жарақтарын жою жөнiндегi Үкiмет комиссиясына жүктелсiн. Қазақстан республикасының Премьер-Министрi