1. Президент Әкiмшiлiгiнде, Парламент, Үкiмет Аппараттарында, Жоғарғы Сотта, Конституциялық Кеңесте, Орталық сайлау комиссиясында, министрлiктерде, мемлекеттiк комитеттер мен басқа да орталық атқарушы органдарда, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарда мемлекеттiк қызметтегi, сондай-ақ жоғары оқу орындарында, академиялық және басқа да ғылыми мекемелерде зерттеу жүргiзушi, мемлекеттiк органдарда екi жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар азаматтар қатарынан тиiстi мемлекеттiк органдардың жолдамасы бойынша 25 адам санында бiржылдық оқу циклына (1996/97 оқу жылы) Ұлттық Жоғары Мемлекеттiк Басқару Мектебiне тыңдаушылар қабылдау туралы хабарлансын.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Ұлттық Жоғары
Мемлекеттiк Басқару Мектебiне ақылы негiзде оқуға 5 адам санында қосымша тыңдаушылар қабылдауға рұқсат етiлсiн. Тыңдаушыларды қабылдау түсу емтихандарының қорытындысы бойынша конкурстық негiзде, ал ақылы негiзде түсушiлер - әңгiмелесу қорытындысы бойынша жүзеге асырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Ұлттық Жоғары Мемлекеттiк Басқару Мектебiне тыңдаушыларды қабылдау жөнiндегi қабылдау комиссиясының құрамы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 4 маусымдағы N 692 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Ұлттық Жоғары Мемлекеттiк Басқару Мектебiне тыңдаушылар қабылдау жөнiндегi қабылдау комиссиясының Құрамы Сембаев Д.Х. - Қазақстан Республикасының Парламентi Сенатының Экономика, қаржы және бюджет жөнiндегi комитетiнiң төрағасы, комиссия төрағасы (келiсiмi бойынша) Висанти Кристиан - ҰЖМБМ-нiң қоса атқарушы директоры, комиссия төрағасының орынбасары Комиссия мүшелерi: Әбдiкәрiмов О. - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсi Аппаратының Басшысы (келiсiмi бойынша) Кәкiмжанов З.Х. - Қазақстан Халықтық банкi басқармасының төрағасы Кулешова Е.В. - Орталық сайлау комиссиясының хатшысы (келiсiмi бойынша) Нәрiбаев К.Н. - Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк ұлттық университетiнiң ректоры Оспанов С.С. - ҰЖМБМ-нiң конкурстар мен оқу процесi қызметiнiң жетекшiсi Пепенин А.С. - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Аппараты Кадр жұмысы бөлiмiнiң меңгерушiсi Судьин А.С. - Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi Мемлекеттiк қызмет және кадр саясат бөлiмiнiң меңгерушiсi (келiсiмi бойынша) Өтембаев Е.Ә. - Қазақстан Республикасының Жоғары экономикалық кеңесi төрағасының орынбасары (келiсiмi бойынша) Шопин В.Д. - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң мүшесi (келiсiмi бойынша)