Қазақстан Республикасының теңiздегi және iшкi су айдындарындағы мұнай операцияларымен байланысты теңiз ғылыми зерттеулерiн жүргiзу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 5 маусымдағы N 693

      "Мұнай туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 28 шiлдедегi N 2351 Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының теңiздегi және iшкi су айдындарындағы мұнай операцияларымен байланысты теңiз ғылыми зерттеулерiн жүргiзу тәртiбi туралы Ереже бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
      2. Теңiздегi және iшкi су айдындарындағы мұнай операцияларымен байланысты теңiз ғылыми зерттеулерiн жүргiзу жөнiндегi Қазақстан Республикасының Құзыреттi органы болып Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгiне Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгiмен бiрлесiп Қазақстан Республикасының акваториясында және теңiз жағалауындағы аймақтар мен iшкi су айдындарында мұнай операцияларын жобалау және жүргiзу кезiнде экологиялық қауiпсiздiк нормаларын сақтау жөнiндегi нұсқаулықты әзiрлеп, бекiтсiн. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 5 маусымдағы N 693 қаулысымен Бекiтiлген Қазақстан Республикасының теңiздегi және iшкi су айдындарындағы мұнай операцияларымен байланысты теңiз ғылыми зерттеулерiн жүргiзудiң тәртiбi туралы Ереже I. Жалпы ережелер
      1. Осы Тәртiп Қазақстан Республикасының теңiздегi және iшкi су айдындарындағы теңiз ғылыми зерттеулерiн жүргiзуге байланысты қатынастарды реттейдi.
      2. Теңiзде және iшкi су айдындарында мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде мынадай теңiз ғылыми зерттеулерiн жүзеге асыруға болады:
      жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық-геофизикалық зерттеулер;
      экологиялық зерттеулер (мұнай құйылыстарын зерттеу, қоршаған ортаны ластаушылармен күрес жүргiзу жөнiндегi әдiстер мен технологияларды әзiрлеуге байланысты зерттеулер, авариялық жағдайларды зерттеу және басқалар);
      сулы ортаның және мұзды жағдайдың гидродинамикасын зерделеу;
      Каспий теңiзi деңгейiнiң тербеулерiн және олардың теңiздегi мұнай-газ кәсiпшiлiгi гидротехникалық құрылыстарына және жағадағы мұнай-газ инфрақұрылымына тигiзетiн әсерiн зерделеу және болжамдау;
      мұнай операцияларын су астында жүргiзу әдiстерiне байланысты зерттеулер;
      түрлi құрылыс материалдарының теңiз суы iшiндегi жай-күйiн зерделеуге байланысты зерттеулер;
      өзге де ғылыми зерттеулер.
      3. Теңiздегi және iшкi су айдындарындағы мемлекеттiк геологиялық-геофизикалық зерттеулер Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiнiң әкiмшiлiк актiсi негiзiнде лицензия алмай жүргiзiледi.
      4. Мұнай операцияларына байланысты теңiз ғылыми зерттеулерi белгiленген тәртiппен жер қойнауын пайдалануға алынған лицензия негiзiнде жүргiзiледi және лицензияда жұмыстардың жеке түрiнде бөлiп көрсетiледi.
      5. Каспий және Арал теңiздерi қазақстандық секторлары акваторияларындағы және iшкi су айдындарындағы теңiз ғылыми зерттеулерiн қазақстандық болсын, және шетелдiк болсын заңды және жеке тұлғалар, сондай-ақ халықаралық ұйымдар да Қазақстан Республикасы заңдарының, сондай-ақ осы Ереженiң талаптарын мiндеттi түрде орындай отырып жүзеге асыра алады.
      6. Теңiз ғылыми зерттеулерi ғылыми әдiстермен және құралдармен, қоршаған табиғи ортаны қорғау талаптары сақтала отырып және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүргiзiледi.
      7. Теңiз ғылыми зерттеулерiн жүргiзу кезiнде қазақстандық кадрларға, сондай-ақ егер олар экологиялық және техникалық сапалары, бағалары, жұмыс параметрлерi мен беру шарттары бойынша бәсекеге төтеп беретiн болса Қазақстан Республикасында шығарылған жабдықтарға, приборларға және материалдарға да артықшылық берiлуге тиiс.
      8. Теңiз ғылыми зерттеулерi теңiзi пайдаланудың басқа да құқықтық түрлерiне жөнсiз кедергi жасамауға тиiс.
      9. Теңiз ғылыми зерттеулерi бойынша iс-әрекеттердiң барлық түрлерi теңiздiң кез келген бiр бөлiгiне немесе Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарына қандай болса да талаптар қоюға құқықтық негiз жасамайды.
      10. Теңiз ғылыми зерттеулерi жеке жобалар бойынша жүргiзiледi.
 
            II. Теңiз ғылыми зерттеулерiн жүргiзуге
                      рұқсат алу тәртiбi
 
      11. Теңiз ғылыми зерттеулерi тек қана, Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасының белгiленген теңiзiнде немесе iшкi су айдынында мұнай операцияларын жүргiзу мүмкiндiгi туралы шешiм қабылдағаннан кейiн, Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң рұқсат етуiмен жүргiзiледi.
      12. Мұнай операциялары жобаларына кiрмейтiн теңiз ғылыми зерттеулерiн жүргiзуге мүдделi өтiнiш берушiлер тиiстi Құзыреттi органға теңiз ғылыми зерттеулерi басталмай тұрып, жоспарланған уақыттан 180 күн бұрын тапсырыс бередi.
      13. Теңiз ғылыми зерттеулерiн жүргiзу құқына ие болуға ұсынылатын тапсырыстар: отандық өтiнiш берушiлерден - қазақ және орыс тiлдерiнде, ал шет елдiк өтiнiш берушiлерден - ағылшын және орыс (қазақ) тiлдерiнде қабылданады және мыналарды қамтуға тиiс:
      теңiз ғылыми зерттеулерiн жүргiзетiн мекеменiң атауын және теңiз ғылыми зерттелуiн жүргiзуге жауапты тұлға туралы ақпаратты;
      өтiнiш берушiнiң кейiнгi бес жыл iшiнде, ол жұмыс iстеген мемлекеттердiң тiзiмiн қоса алғанда, бұдан бұрынғы қызметi туралы ақпаратты;
      теңiз ғылыми зерттеулерiнiң (жұмыс бағдарламасы) сипаттары және мақсаттары туралы ақпаратты;
      жоспарланған жұмыстарды жүзеге асыруға арналған шығындар туралы ақпаратты;
      теңiз ғылыми зерттеулерiн жүргiзу кезiнде, кеменiң атауын, тоннажын, типiн, сыныбын, ғылыми жабдықтарының сипаттамасын, орындаушыларының бiлiктiлiк деңгейi жөнiндегi мәлiметтер мен қаржыландыру көздерiн (өзiнiң немесе заемдық қаражат) көрсете отырып, қаржылық мүмкiндiктерiн растауын қоса алғанда, қолданылатын әдiстер мен құралдар туралы ақпаратты;
      теңiз ғылыми зерттеулердi жүргiзуi жоспарланып отырған аудандардың географиялық координаттарын, аталған аудандарға баратын және одан қайтатын маршруттарды;
      зерттеу жүргiзетiн кемелердiң алғашқы келетiн және түпкiлiктi кететiн шамаланған уақытын, ғылыми жабдықтарды орналастыру және алып кету мерзiмдерiн;
      теңiз ғылыми зерттеулерiнiң адам өмiрi мен денсаулығына және қоршаған теңiздiк ортаға тигiзетiн терiс әсерiн шектеу және болдырмау жөнiнде жоспарланған шаралар туралы ақпаратты. Осы ақпаратпен қатар белгiленген зерттеулердiң теңiздiк ортаға, минералдық және жанды ресурстарға тиюi ықтимал әсерiн бағалау жөнiндегi өтiнiш берушiнiң есептерi берiлуге тиiс.
      14. Қазақстан Республикасының Үкiметi тапсырыс алғаннан бастап 90 күннен кешiктiрiлмей, Құзыреттi органмен тапсырысты Экология және биоресурстар министрлiгiмен, Су ресурстары жөнiндегi комитетпен және Өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау жөнiндегi комитетпен, Қазақстан Республикасының шекара және кеден қызметтерiмен келiскеннен кейiн өтiнiш берушiге зерттеулер жүргiзуге рұқсат бередi немесе дәлелдi бас тарту бiлдiредi.
      15. Теңiз ғылыми зерттеулерiн жүргiзуге рұқсат алғаннан кейiн мердiгер Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгiмен, Өнеркәсiпте жұмысты қауiпсіз жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау жөнiндегi комитетiмен және Су ресурстары жөнiндегi комитетiмен келiсiлетiн және Құзыреттi органмен бекiтiлетiн қоршаған ортаға әсерiн бағалауды (ҚОӘБ/ОВОС) қоса алғанда, жұмыстардың жобасын жасайды.
      Жер қойнауын пайдалануға байланысты ғылыми зерттеу жобалары Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiнде тiркеледi.
      16. Өтiнiш берушiге теңiз ғылыми зерттеулерiн жүргiзуге мынадай жағдайларда рұқсат берiлмейдi, егер бұл жұмыстар:
      республиканың қауiпсiздiгiне қатер туғызса немесе туғызатын болса;
      қоршаған теңiздiк ортаны қорғау, табиғи ресурстарды сақтау, сондай-ақ теңiздердiң су ресурстарын кешендi түрде пайдалану талаптарымен сыйыспайтын болса;
      тапсырыста көрсетiлмеген жабдықтар, қондырғылар немесе iс-әрекеттердi қосса;
      теңiз акваториясының қазақстандық бөлiгiнде Қазақстан Республикасының өзiнiң егемендiк және ерекше құқықтарын жүзеге асырудағы жүргiзiлетiн қызметiне кедергiлер келтiретiн болса;
      жүргiзiлуiне Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған болса.
      17. Тиiстi Құзыреттi орган рұқсат беруден бас тартқан жағдайда, соңғысына бұрын алған ескертпелердi жоя отырып, Құзыреттi органға ауызша немесе жазбаша түрде қайтадан тапсырыс беруiне мүмкiндiк берумен, өзiнiң бас тарту себептерi туралы өтiнiш берушiге жазбаша түрде хабарлайды. Тапсырысты екiншi рет қарағаннан кейiн Құзыреттi орган өтiнiш берушiге өзiнiң түпкiлiктi шешiмi туралы 10 күндiк мерзiмнен кешiктiрмей хабарлайды.
      18. Зерттеулер үдерiсiнде мердiгер тиiстi Құзыреттi органға зерттеу бағдарламасында болып жатқан елеулi өзгерiстер туралы хабарлап отыруға мiндеттi. Соңғысы мердiгерге өзгерiстер туралы жазбаша хабарландыру алғаннан бастап 30 күн iшiнде өз шешiмi туралы хабарлайды. Егер Құзыреттi орган осы мерзiм iшiнде мердiгерге өзiнiң қарсылығы туралы жазбаша жауап бермесе, өзгертулер келiсiлдi деп есептеледi.
 

Об утверждении Положения о порядке проведения морских научных исследований, связанных с нефтяными операциями на море и внутренних водоемах Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 5 июня 1996 года N 693. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 24 ноября 2010 года N 1244

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 24.11.2010 N 1244.

      В целях реализации Указа Президента Республики Казахстан, имеющего силу Закона, от 28 июля 1995 г. N 2351 "О нефти" Правительство Республики Казахстан п о с т а н о в л я е т:

      1. Утвердить Положение о порядке проведения морских научных исследований, связанных с нефтяными операциями на море и внутренних водоемах Республики Казахстан (прилагается).

      2. Определить Компетентным органом Республики Казахстан по проведению научных исследований, связанных с нефтяными операциями на море и внутренних водоемах, Министерство нефтяной и газовой промышленности Республики Казахстан.

      3. Поручить Министерству нефтяной и газовой промышленности совместно с Министерством экологии и биоресурсов Республики Казахстан разработать и утвердить Инструкцию по соблюдению норм экологической безопасности при проектировании и проведении нефтяных операций в акватории и прибрежных зонах морей и внутренних водоемах Республики Казахстан.

     Заместитель

   Премьер-Министра

Республики Казахстан
 

                                            УТВЕРЖДЕНО
 

                                   постановлением Правительства

                                        Республики Казахстан

                                      от 5 июня 1996 г. N 693
 
 
 

                          П О Л О Ж Е Н И Е

                 о порядке проведения морских научных

            исследований, связанных с нефтяными операциями

          на море и внутренних водоемах Республики Казахстан
 

                          1. Общие положения
 

      1. Настоящий Порядок регулирует отношения, связанные с проведением морских научных исследований на море и внутренних водоемах в Республике Казахстан.

      2. При проведении нефтяных операций на море и внутренних водоемах могут осуществляться следующие морские научные исследования:

      государственные геолого-геофизические исследования недр;

      экологические исследования (исследование разливов нефти, исследования, связанные с разработкой методов и технологий по борьбе с загрязнителями окружающей среды, исследования аварийных ситуаций и другие);

      изучение гидродинамики водной среды и ледовой обстановки;

      изучение и прогнозирование колебаний уровня Каспийского моря и его влияние на морские нефтегазопромысловые гидротехнические сооружения и береговую нефтегазовую инфраструктуру;

      исследования, связанные с подводными методами проведения нефтяных операций;

      исследования, связанные с изучением поведения различных строительных материалов в морской среде;

      иные научные исследования.

      3. Государственные геолого-геофизические исследования на море и внутренних водоемах проводятся на основании административного акта Министерства геологии и охраны недр Республики Казахстан без получения лицензии.

      4. Морские научные исследования, связанные с нефтяными операциями, проводятся на основании полученной в установленном порядке лицензии на недропользование и выделяются в лицензии отдельным видом работ.

      5. Морские научные исследования на акватории казахстанских секторов Каспийского и Аральского морей и внутренних водоемах могут осуществляться как казахстанскими, так и иностранными юридическими и физическими лицами, а также международными организациями при обязательном выполнении требований законодательства Республики Казахстан, а также настоящего Положения.

      6. Морские научные исследования проводятся научными методами и средствами с соблюдением требований охраны окружающей природной среды и в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан, а также настоящим Положением.

      7. При морских научных исследованиях предпочтение должно отдаваться казахстанским кадрам, а также оборудованию, приборам и материалам, произведенным в Республике Казахстан, если они конкурентоспособны по экологическим и техническим качествам, ценам, рабочим параметрам и условиям поставки.

      8. Морские научные исследования не должны создавать неоправданных помех другим правомерным видам использования моря.

      9. Все виды деятельности по морским научным исследованиям не создают правовой основы для каких-либо притязаний на любую часть моря или на природные ресурсы Республики Казахстан.

      10. Морские научные исследования проводятся по отдельным проектам.
 

                 II. Порядок получения разрешения на

               проведение морских научных исследований
 

      11. Морские научные исследования проводятся только с разрешения Правительства Республики Казахстан, выдаваемого после принятия Президентом Республики Казахстан решения о возможности проведения нефтяных операций на определенном море или внутреннем водоеме Республики Казахстан.

      12. Заявители, заинтересованные в проведении морских научных исследований, не входящих в проект нефтяных операций, подают за 180 дней до планируемой даты начала морских научных исследований заявку в соответствующий Компетентный орган.

      13. Заявка на право проведения морских научных исследований представляется: для отечественных заявителей - на казахском и русском языках, а для иностранных заявителей - на английском и русском (казахском) языках и должна содержать:

      название учреждения, которое проводит морские научные исследования, и информацию о лице, ответственном за проведение морских научных исследований;

      информацию о предыдущей деятельности заявителя, включая список государств, в которых он осуществлял свою деятельность в последние пять лет;

      информацию о характере и целях морских научных исследований (программу работ);

      информацию о затратах на осуществление планируемых работ;

      информацию о методах и средствах, которые будут использованы при проведении морских научных исследований, включая название, тоннаж, тип, класс судов, описание научного оборудования, сведения о квалификационном уровне исполнителей и подтверждение финансовых возможностей с указанием источников финансирования (собственные или заемные средства);

      географические координаты района, в котором планируется проведение морских научных исследований, маршруты следования к указанным районам и от них;

      предполагаемые даты первого прибытия и окончательного ухода исследовательских судов, сроки размещения и удаления научного оборудования;

      информацию о планируемых мерах по ограничению и исключению отрицательного воздействия морских научных-исследований на жизнь и здоровье людей и на окружающую морскую среду. Одновременно с этой информацией заявителем должны быть представлены расчеты по оценке возможного воздействия намечаемых исследований на морскую среду, минеральные и живые ресурсы.

      14. Правительство Республики Казахстан, не позднее 90 дней со дня получения заявки, разрешает заявителю проведение исследований после согласования Компетентным органом заявки с Министерством экологии и биоресурсов, Комитетом по водным ресурсам и Комитетом по надзору за безопасным ведением работ в промышленности и горному надзору, пограничной и таможенной службами Республики Казахстан или дает мотивированный отказ.

      15. После получения разрешения на проведение морских научных исследований подрядчик составляет проект работ, включающий оценку воздействия на окружающую среду (ОВОС), который согласовывается с Министерством экологии и биоресурсов, Комитетом по надзору за безопасным ведением работ в промышленности и горному надзору и Комитетом по водным ресурсам Республики Казахстан и утверждается Компетентным органом.

      Проекты научных исследований, связанных с использованием недр, регистрируются в Министерстве геологии и охраны недр Республики Казахстан.

      16. В разрешении на проведение морских научных исследований Заявителю может быть отказано, если эти работы:

      создают или могут создать угрозу безопасности республике;

      несовместимы с требованиями защиты окружающей морской среды, сохранения природных ресурсов, а также комплексного использования водных ресурсов морей;

      включают оборудование, установки или действия, о которых не было упомянуто в заявке;

      создают помехи для деятельности, проводимой Республикой Казахстан в осуществлении своих суверенных и исключительных прав на казахстанской части акватории моря;

      запрещены законодательством Республики Казахстан.

      17. В случае отказа соответствующий Компетентный орган в письменной форме извещает заявителя о мотивах своего отказа, предоставляя последнему возможность в устной или письменной форме повторно подать заявку с устранением ранее полученных замечаний в Компетентный орган. После вторичного рассмотрения заявки Компетентный орган извещает заявителя о своем окончательном решении не позднее чем в 10-дневный срок.

      18. В процессе исследований подрядчик обязан информировать соответствующий Компетентный орган о существенных изменениях в программе исследований. Последний сообщает подрядчику о своем решении в течение 30 дней со дня уведомления об изменениях. Изменения считаются согласованными, если Компетентный орган в течение этого срока не уведомляет подрядчика о своих возражениях.