1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне халықаралық шарттар жасасу жөнiнде материалдар дайындау кезiнде жер учаскелерiн Ақмола қаласында дипломатиялық миссиялардың жұмыс iстеуiне, шет елдердегi Қазақстан Республикасы өкiлдiктерiнiң нақты мүдделерiн ескере отырып, қажеттi үй-жайлар кешенiн салуды жүзеге асыруға тiлек бiлдiрушi басқа мемлекеттерге жалға бөлу шарттарын айқындау құқығы берiлсiн.
Халықаралық шарттар жасасу кезiнде бөлiнген жер учаскелерiн игеру мерзiмi көрсетiлген (екi жылдан аспайтын), сондай-ақ құрылыстарды бұзуға байланысты шығындар дипломатиялық миссиялардың есебiне жазылсын. 2. Ақмола облысының және Ақмола қаласының әкiмдерi дипломатиялық миссиялардың тапсырыстары бойынша халықаралық шарттарда айқындалған шарттарға сәйкес жер учаскелерiн белгiленген тәртiппен берсiн. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары