Ақмола қаласындағы дипломатиялық миссияларға жер учаскелерiн бөлу мәселелерi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 6 маусымдағы N 713

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының астанасы туралы" 1995 жылғы 15 қыркүйектегi N 2457 U952457_ және "Жер туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2717 U952717_ Заң күшi бар Жарлықтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне халықаралық шарттар жасасу жөнiнде материалдар дайындау кезiнде жер учаскелерiн Ақмола қаласында дипломатиялық миссиялардың жұмыс iстеуiне, шет елдердегi Қазақстан Республикасы өкiлдiктерiнiң нақты мүдделерiн ескере отырып, қажеттi үй-жайлар кешенiн салуды жүзеге асыруға тiлек бiлдiрушi басқа мемлекеттерге жалға бөлу шарттарын айқындау құқығы берiлсiн.

     Халықаралық шарттар жасасу кезiнде бөлiнген жер учаскелерiн 
игеру мерзiмi көрсетiлген (екi жылдан аспайтын), сондай-ақ 
құрылыстарды бұзуға байланысты шығындар дипломатиялық миссиялардың 
есебiне жазылсын.
     2. Ақмола облысының және Ақмола қаласының әкiмдерi дипломатиялық
миссиялардың тапсырыстары бойынша халықаралық шарттарда айқындалған
шарттарға сәйкес жер учаскелерiн белгiленген тәртiппен берсiн.

     Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң
         орынбасары
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады