Көтерме сауда азық-түлiк рыноктары жүйесiн құру және оны дамыту мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 10 маусымдағы N 722. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      Халықтың азық-түлiкпен қамтамасыз етiлуiн жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Қазақстан Республикасында көтерме сауда азық-түлiк рыноктарының жүйесiн құру және оны дамыту жөнiнде әзiрленген ұсынымдары мақұлдансын (қоса берiлiп отыр). 
      2. Облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi көтерме сауда азық-түлiк рыноктары жүйесiн ұйымдастыру жөнiндегi шараларды әзiрлесiн және оны жүзеге асырсын. 
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мемлекеттiк меншiктегi объектiлердi кейiн сатып алу құқығымен көтерме сауда азық-түлiк рыноктарына жалға беруге жәрдем көрсетсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы        
Үкiметiнiң             
1996 жылғы 10 маусымдағы        
N 722 қаулысымен           
Бекiтiлген               

        Қазақстан Республикасында көтерме сауда азық-түлiк
        рыноктар жүйесiн құру және оны дамыту жөнiндегi
                          Ұсынымдар

                     1. Жалпы ережелер

      1. Осы ұсынымдар Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң көтерме сауда азық-түлiк рыноктар (әрi қарай - көтерме рынок) жүйесiн құру және оны дамыту тетiгiнiң жалпы тәртiбiн белгiлейдi. 
      2. Көтерме сауда рыногы белгiленген тәртiпте тiркелген заңды тұлға болып табылады. Көтерме сауда рыногы өз қызметiн жарғы мен құрылтай шартының негiзiнде құқықтық-ұйымдық нысанына қарай заңды тұлға ретiнде жүзеге асырады. 
      3. Көтерме сауда рыногында өткiзiлетiн саудаластық тапсырыстарды орналастыру нысаны немесе тапсырысты орындау мен қызмет көрсету үшiн әрiптестi (атқарушыны, делдалды) таңдауды көздейтiн ауыл шаруашылығы өнiмдерi мен азық-түлiгiн алу. 
      Саудаластыққа қатысушылар - Қазақстан Республикасының, сондай-ақ шетел мемлекеттерiнiң заңды және жеке тұлғалары. 
      4. Көтерме сауда рыногының негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады: 
      бәсекелестiк рыногына шығу үшiн ауыл шаруашылығы өнiмдерi мен азық-түлiктерiн өндiрушiлер мен берушiлерге қажеттi жағдайлар жасау: 
      халықты жаңа және сапалы тамақ өнiмдерiмен жыл бойы жабдықтауды қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы өнiмiнiң нормадан жоғары шығынын қысқарту;
      ауыл шаруашылығы өнiмi мен азық-түлiгiн нақты бiр жерге шоғырландыру.

          2. Көтерме сауда рыногының функциялары 

       5. Көтерме сауда рыногының негiзгi функциялары мыналар болып табылады:
      көтерме саудаластық жүргiзу үшiн ұйымдық жағдайлар жасау, сауда мәмiлелерiн жасау, кеңсе және офистiк үй-жайлардың арнаулы сауда орындарын және көтерме саудаластыққа қатысушыларға қызмет көрсету жөнiндегi объектiлердi жабдықтау; 
      көтерме саудаластыққа қатысушылардың тауар иегерiнiң келiсiмi бойынша аукциондық және конкурстық саудаластықтар ұйымдастыру; 
      көтерме сауда рыногында сатылатын тауардың сапасына, сондай-ақ белгiленген тәртiпте бекiтiлген сауда ережелерiнiң сақталуына бақылау жасауды қамтамасыз ету; 
      сатылатын ауыл шаруашылығы өнiмiне азық-түлiгiне сұраныс пен ұсыныстың және қалыптасқан бағалардың деңгейiнiң жай-күйi туралы материалдар жинау, қорыту және онымен көтерме саудаластыққа қатысушыларды хабарландыру; 
      көтерме саудаластыққа қатысушыларды олардың тапсырыстары бойынша көлiк қызметтерi мен қажеттi сауда-технологиялық, көтеру-көлiгiмен, тиеу-түсiру және салмақ өлшеу жабдығымен және басқа да қызмет түрлерiмен қамтамасыз ету; 
      көтерме саудадағы қатысушылардың тапсырыстары бойынша тауарларды iшкi қоймалық орналастыруды, сауда жүктерiн түсiру және тиеудi орындау; 
      инженерлiк инфрақұрылымдар құру және олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету, тоңазыту, сауда, көтеру-көлiк және өзге де жабдық пен тетiктерге техникалық қызмет көрсету; 
      өндiрiстiк-техникалық мақсаттағы өнiмдi iлеспе сатуын ұйымдастыру; 
      көтерме сауда рыногының объектiлерiн күзетудi, көтерме саудаластыққа қатысушыларды тiркеу жүйесiн, iшкi байланыс құралдары жүйесiнiң жұмысын ұйымдастыру, өрттен қорғау қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; 
      көтерме саудаластыққа қатысушыларды әлеуметтiк-тұрмыстық мақсаттағы қызметтермен қамтамасыз ету; 
      аумақты, барлық қоймаларды, сауда, кеңсе және офистiк үй-жайларды тазалау. 
      6. Көтерме рынок Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн ауыл шаруашылығы өнiмiмен және азық-түлiгiмен көтерме сауда ұйымдастыруға байланысты басқа қызметтi жүзеге асыруға хақылы. 
        

   3. Көтерме сауда рыноктарының үлгiлерi 

 
      7. Ауыл шаруашылығы өнiмдерi мен азық-түлiктерi түрлерiнiң кең ауқымы бойынша көтерме сауда рыноктары мамандандырылған және әмбебап болуы мүмкiн. 
      Мамандандырылған көтерме сауда рыноктары өнiмнiң жекелеген түрлерiмен, етпен және ет өнiмдерiмен, жемiс-жидектермен, көкөнiспен, балық және балық өнiмдерiмен және басқаларымен сауда жасауға бағдарланады. 
      Әмбебап көтерме сауда рыноктары ауыл шаруашылығы өнiмдерi мен азық-түлiктерiнiң бiрнеше түрiмен сауда жасауды ұйымдастырады. 
      8. Көтерме сауда рыноктары түрлерiнiң ерекшелiгi мен жұмыс iстеудiң нақты жағдайларына байланысты ауыл шаруашылығы өнiмдерi мен азық-түлiктерi өндiрiсiнiң аймағында да, сондай-ақ оларды жаппай тұтыну орталықтарында да орналасуы мүмкiн. 

 

             4. Көтерме сауда рыногын құру мен жұмыс 
                 iстеуiнiң ұйымдық-құқықтық тетiгi  

 
      9. Көтерме сауда рыногын шетелдiк қатысушыларды қоса алғанда заңды және жеке тұлғалар болуы мүмкiн құрылтайшылар белгiленген заң тәртiбiмен құрылады. Құрылтайшылардың санына шек қойылмайды. 
      10. Көтерме сауда рыногы Қазақстан Республикасының, сондай-ақ шетел мемлекеттерiнiң заңды және жеке тұлғаларының қаржы қаражаттарын, мүлкi мен өзге де меншiктерiн бiрiктiру жолымен құрыла алады. 
      Шетелдiң заңды және жеке тұлғаларының қатысуы Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады. 
      11. Көтерме сауда рыноктарын құру кезiнде ұйымдық-құқықтық нысандарды тыңдауды Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес оның құрылтайшылары айқындайды. 
      12. Мыналардың болуы көтерме сауда рыногының тиiмдi жұмыс iстеуiнiң қажеттi шарттары болып табылады: 
      бөлшек сауда ұйымдарының монополиясыздандырылған жүйесi; 
      ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң тауар өндiрушiлерiнiң дамыған торабы мен ұқсатушы өнеркәсiп үшiн шикiзаты; 
      өнiмдердi сақтау, тоңазыту, орау-қаптау, тасымалдаудың тиiстi материалдық-техникалық базасы мен коммуникациялар. 
      13. Көтерме сауда нарығының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн оның жанынан: ақпараттық, есеп айырысу-қаржы, заң, сондай-ақ көлiк және сервистiк (тамақ, қонақүй шаруашылығы және басқалар) арнаулы қызметтер құрылады. 
      Қызметтердi құру мен орналастыру үшiн заңмен белгiленген тәртiпте жер учаскесi бөлiнедi, өнiмдi сақтау, тоңазыту, орау-қаптау, тасымалдаудың материалдық-техникалық базасы жаңадан құрылады немесе қолда барлары пайдаланылады. 
      Көтерме сауда рыногының аталған қызметтерi осы рыноктың бөлiмшесi ретiнде де құрыла алады немесе заңды тұлға құқығында көтерме сауда рыногының әкiмшiлiгiмен шарттық негiзде дербес ұйым ретiнде де жұмыс iстей алады. 
      14. Әмбебап және мамандандырылған көтерме сауда рыноктары ауыл шаруашылығы өнiмi мен азық-түлiгiнiң жекелеген түрлерiн сатудың ерекшелiктерiнiң негiзiнде инфрақұрылымын қалыптастырады. 
      Бұл ретте: 
      мамандандырылған жемiс-көкөнiс көтерме сауда рыноктары жұмыс iстеп тұрған жемiс-көкөнiс базаларын, сауда-сатып алу ұйымдарын, рыноктарды қайта жаңарту және қайта бейiмдеу негiзiнде құрыла алады. Халқы көп қалаларға арналған мамандандырылған жемiс-көкөнiс көтерме сауда рыноктары арнаулы жобалар бойынша құрылады; 
      мамандандырылған көтерме сауда мал рыноктары, мал мен құстың барлық түрiн сатуды қамтамасыз етуi тиiс. Аймақтың мамандандырылуына байланысты нақты көтерме сауда рыногында малдың немесе құстың белгiлi бiр түрi басым болуы мүмкiн. 
      Көтерме сауда рыногының аумағында: қабылдау және сою пункттерi, жем сақтауға арналған қойма, саудаластық жүргiзуге және мәмiлелердi ресiмдеуге арналған үй-жай, мал дәрiгерлiк, қызмет, банк мекемесiнiң бөлiмшесi (филиалы), ауыл шаруашылығы өнiмi мен азық-түлiктерiн уақытша сақтауға арналған тоңазытқыш орналаса алады. 
      Мамандандырылған көтерме сауда балық өнiмдерi рыноктары (теңiз өнiмдерi) олардың кәсiпшiлiгiнде де, ұқсату және сақтау орындарында да ұйымдастырылады, мамандандырылған көтерме сауда рыноктарының құрамында да барлық көтерме сауда рыноктары қызметтерiмен бiрге өнiмдердi уақытша сақтауға арналған тоңазытқыштар болуы тиiс. 
      15. Көтерме сауда рыногы: 
      қызметтi үйлестiру, өзiнiң қатысушыларының мүдделерiн қорғау, бiрлескен бағдарламаларды жүзеге асыру үшiн белгiленген заң тәртiбiмен одақтарға ассоциацияларға кiре алады; 
      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес филиалдарын, өкiлдiктерiн ұстай алады. 
      16. Көтерме сауда рыногы: 
      рыноктарда сатылатын ауыл шаруашылығы өнiмi мен азық-түлiгiнiң бағаларына деңгейлер мен шектер;
      мәмiлелер жасау кезiнде делдалдық үшiн делдалдарға сыйақылардың мөлшерiн белгiлей алмайды.
      17. Осы рыноктардағы бәсекелестiктi жою немесе шектеу мақсатын немесе ықпал етудi көздеген көтерме сауда рыноктарының келiсiмдерi мен iс-әрекеттерiнiң күшi жойылуы мүмкiн.
      18. Көтерме сауда рыноктарына салық салу, кредит беру, сақтандыру Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. 

          5. Көтерме сауда рыногы жұмыс iстеуiнiң
                   экономикалық тетiгi

      19. Көтерме сауда рыногының кiрiстерi өндiрiстiк шығындардың орнын толтыру, қызметкерлерге еңбекақы төлеу, өндiрiстiк базаны, рыноктың ақпараттық-техникалық және әлеуметтiк дамуы мен инфрақұрылымын дамыту үшiн пайдаланылады. 
      20. Көтерме сауда рыногының кiрiсi сауда жасау құқығына арналған арендалық төлемдердiң, рыноктың өндiрiстiк, консультациялық және белгiленген заң тәртiбiмен көрсетiлген басқа да қызметтерi (көлiк, тиеу-түсiру жұмыстары, сапа сараптамасы, сатылмаған өнiмдi кәдеге жарату) үшiн төлемдердiң есебiнен қалыптасады.

            6. Көтерме сауда рыногының меншiгi 

 
      21. Үйлер, құрылыстар, жабдық, техника, материалдар, аяқталмаған өндiрiс, ақша қаражаты, бағалы қағаздар, лицензиялар мен өзге мүлiк көтерме сауда рыногының меншiгi болуы мүмкiн. 
      22. Көтерме сауда рыногының қаражатының көзi өз қаражаты болып табылады. 
      Жарғы капиталы мен көтерме сауда рыногы құрған қорлар қайырымдылықты қоса әртүрлi жарналардан алынған қаражат, заңды тұлға құқындағы өздерi құрған ұйымдардың шаруашылық қызметiнен алынған табыс, Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған өзге де түсiмдер көтерме сауда рыногының өз қаражатын құрайды. 
      Банктер мен басқа да ұйымдардың кредиттерi, уақытша пайдалануға берiлген қаражат, бағалы қағаздарды шығарудан алынған қаражат, Қазақстан Республикасының заңдарымен тиым салынбаған материалдық қамтамасыз етудiң өзге де қаражаты көтерме сауда рыногының қаражатын құрайды.

           7. Көтерме сауда рыногын басқару 

       Көтерме сауда рыногын басқару тәртiбi Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдарға сәйкес айқындалады.

            8. Көтерме сауда рыногында сауданың
                      ұйымдастырылуы 

       23. Көтерме сауда азық-түлiк рыногында саудада мыналар қарастырылуы тиiс: 
     рыноктың негiзгi құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметi;
     рынокта көтерме сауда өткiзу тәртiбi;
     сатылатын тауарлар тiзбесi;
     көрсетiлетiн қызметтер тiзбесi;
     сатушылар мен сатып алушылардың (саудаға қатысушылар) құқығы
мен мiндеттерi;
      рынокта құқық тәртiбi мен тәртiптi қамтамасыз ететiн шаралар, көтерме саудаға қатысушылардың қолданылып жүрген заңдарды сақтауы. 
      24. Көтерме сауда рыноктарында ауыл шаруашылығы өнiмдерi мен азық-түлiгiн сатушылар (жеткiзушiлер) мен тұтынушылары көтерме сауданың қатысушылары болып табылады. 
      Сатушылар - ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерi мен олардың бiрлестiктерi, тамақ өнеркәсiбі кәсiпорындары, сауда-тұрмыстық және басқа да ұйымдар, жеке тұлғалар. 
      Тұтынушылар - тамақ өнеркәсiбi кәсiпорындары көтерме сатып алушы сауда және басқа ұйымдар, олардың одақтары, ассоциациялар, жеке тұлғалар. 
      25. Көтерме сауда рыногында саудаға қатысушылар мыналарға құқылы: 
      Тауар үлгiлерiн (сауда үлгiлерi бойынша), (сатушылар үшiн) ұсынуға; 
      ұсынылған тауарлар мен олардың саны, сапасы, бағалары туралы барлық хабарды зерделеуге; 
      басқа көтерме сауда рыногындағы сол тектес тауарлардың мәмiлесi туралы хабарды алуға; 
      сатылуға жеткiзiлген немесе сатып алынған тауарларды көтерме сауда рыногының қойма үй-жайларында сақтауға орналастыру тәртiбi мен сақтау төлемi көтерме сауда рыногының жарғысымен белгiленедi; 
      тұтынушы мен қоршаған орта үшiн ұсынылған тауарлардың сапасы мен қауiпсiздiгiн тексеруге; 
      тауарларды сақтау мен оларды орналастыру үшiн рынок ұсынған үй-жайларды сақтаудың шарттары мен ережелерiн бұзбауға қойылатын талаптарға сәйкестiлiгiн тексеруге құқығы бар. 
      26. Көтерме сауда рыногында көтерме саудаға қатысушылар: 
      сату үшiн (өндiрушiлер үшiн) жасалған контрактiлерде басқа да талаптар көзделмесе тауарды сапасы мен орап-қаптауы бойынша стандарттарға сәйкес беруге; 
      сатылатын тауар туралы сенiмдi ақпарат беруге; 
      тұтынушы мен қоршаған орта үшiн өнiмнiң сапасы мен оның қауiпсiздiгi туралы құжаттар беруге мiндеттi. 
      27. Көтерме сауда рыногында саудаға қатысушылар арасындағы оның iшiнде аймақтардың қажетi үшiн ауыл шаруашылығы өнiмдерi мен азық-түлiктердi көтере сатып алуға арналған қатынастар, контрактiлердiң көмегiмен реттеледi. 
      28. Көтерме сауда рыногында сатып алу операциясы делдалдың көмегiмен iске асырылуы мүмкiн. Бұл ретте операция: 
      клиент атынан және оның есебiнен клиенттiң атынан және өз есебiнен немесе өз атынан және клиенттiң есебiнен мәмiлелер жасау (брокерлiк қызмет); 
      кейiн қайта сату мақсатында өз атынан және өз есебiнен делдалмен мәмiлелер жасау (дилерлiк қызмет) жолымен жүргiзiледi. 
      29. Заңда белгiленген тәртiппен құрылған және тiркелген брокерлiк фирмалар, кеңселер, сондай-ақ заңды тұлға құрусыз өз қызметiн жүзеге асырушы кәсiпкерлер ретiнде заңда белгiленген тәртiппен тiркелген тәуелсiз брокерлiк, көтерме сауда рыногында делдалдар бола алады. 
      Сондай-ақ көтерме сауда рыногында жұмыс iстеп тұрған көтерме, көтере сатып алу және басқа ұйымдар делдал бола алады. 
      30. Көтерме сауда рыногында делдалдардың өз клиенттерiмен қатынастары олардың арасында жасалған тиiстi шарттармен (контрактiлер) реттеледi. 
      31. Көтерме сауда рыногында сату үшiн ауыл шаруашылығы өнiмдерi мен азық-түлiгiн жеткiзушi сауда делдалдары немесе тауар өндiрушiлер оның әкiмшiлiгiне сапа куәлiгiн немесе сауда ережесiнiң талабына сәйкес сапасына кепiл беретiн өзгеше құжат беруге мiндеттi. 
      32. Көтерме сауда рыногында жасалған мәмiлелерге көтерме сауда рыногының кепiлi жүрмейдi. 
      33. Көтерме сауда рыногында сол рыноктың атынан және оның есебiнен мәмiле жасалына алмайды. 
      34. Көтерме саудаға қатысушылар саудаластық барысында құқықтар мен мiндеттердi өзара беруге мынандай мәмiлелердi жасай алады:
     нақты тауарларға;
     нақты тауардың жеткiзiлуiнiң мерзiмiн ұзартылуы (форварды мәмiлелер); 
     көтерме сауда рыногында қарыз кепiлiн беру жағдайында қабылданған нақты тауарларға.
     35. Онда ауыл шаруашылығы өнiмдерi мен азық-түлiктерiн көтерме сауда рыногында қатысушылардың сатуы кезiндегi (беруi, сатуы), сондай-ақ сақтау, тасымалдау, өңдеу мен орап-қаптау кезiнде сақтауға стандарттардың мiндеттi талаптарын Мемлекеттiк бақылау мен  қадағалау Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

           9. Көтерме сауда рыногындағы дауларды шешу 

       36. Көтерме сауда рыногында сатып алу-сату мәмiлесiн жасауға және оны орындауға байланысты даулар сотта заңда белгiленген тәртiпте қаралады. 
      37. Көтерме сауда рыногының әкiмшiлiгi мен көтерме саудаға қатысушылардың немесе көтерме сауда рыногына шарттық немесе қызмет көрсетушi құрылымдар арасында пайда болатын даулар да осындай тәртiпте қаралады.

             10. Көтерме сауда рыногы әкiмшiлiгiнiң
                          жауапкершiлiгi 

       38. Көтерме сауда рыногының әкiмшiлiгi Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жауапкершiлiкте болады.

             11. Көтерме сауда рыноктарын жою

     39. Көтерме сауда рыногын жою Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүргiзiледi. 
 

Вопросы создания и развития системы оптовых продовольственных рынков

Постановление Правительства Республики Казахстан от 10 июня 1996 г. N 722. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 9 февраля 2005 г. N 124 (P050124)

      В целях улучшения продовольственного обеспечения населения Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Одобрить разработанные Министерством сельского хозяйства Республики Казахстан рекомендации по созданию и развитию системы оптовых продовольственных рынков в Республике Казахстан (прилагаются).
      2. Акимам областей и города Алматы разработать и осуществить меры по организации системы оптовых продовольственных рынков.
      3. Государственному комитету Республики Казахстан по управлению государственным имуществом оказать содействие создаваемым оптовым продовольственным рынкам в передаче им в аренду объектов, находящихся в государственной собственности, с правом последующего выкупа.

     Премьер-Министр
  Республики Казахстан

                                      ОДОБРЕНЫ
                             постановлением Правительства
                                 Республики Казахстан
                               от 10 июня 1996 г. N 722

                             Рекомендации
                по созданию и развитию системы оптовых
           продовольственных рынков в Республике Казахстан

                          1. Общие положения

      1. Настоящие Рекомендации устанавливают общий порядок механизма создания и развития системы оптовых продовольственных рынков (далее - оптовый рынок) сельскохозяйственной продукции в Республике Казахстан.
      2. Оптовый рынок является юридическим лицом, зарегистрированным в установлением порядке. Оптовый рынок в качестве юридического лица осуществляет свою деятельность в зависимости от организационно-правовой формы на основании устава и учредительного договора.
      3. Торги, проводимые на оптовом рынке, - форма размещения заказов на реализацию или получение сельскохозяйственной продукции и продовольствия, предусматривающая выбор партнера (исполнителя, посредника) для выполнения заказа и оказания услуг.
      Участники торгов - юридические и физические лица Республики Казахстан, а также иностранных государств.
      4. Основными задачами оптового рынка являются:
      создание производителям и поставщикам сельскохозяйственной продукции и продовольствия необходимых условий для выхода на конкурентный рынок;
      обеспечение круглогодичного снабжения населения свежими и качественными продуктами питания, сокращение сверхнормативных потерь сельскохозяйственной продукции;
      концентрация сельскохозяйственной продукции и продовольствия в конкретном месте.

                     2. Функции оптового рынка

      5. Основными функциями оптового рынка являются:
      создание организационных условий для ведения оптовых торгов, заключение торговых сделок, оборудование специальных торговых мест, конторских и офисных помещений и других объектов по обслуживанию участников оптовых торгов;
      организация, по согласованию с участниками оптовых торгов (собственниками товара), аукционных и конкурсных торгов;
      обеспечение контроля качества реализуемого на оптовом рынке товара, а также соблюдения правил торговли, утвержденных в установленном порядке;
      сбор, обобщение материалов и информирование участников оптовых торгов о состоянии спроса и предложения реализуемой сельскохозяйственной продукции и продовольствия и складывающемся уровне цен;
      обеспечение участников оптовых торгов по их заказам услугами транспортных организаций, необходимым торгово-технологическим, подъемно-транспортным, погрузочно-разгрузочным и весоизмерительным оборудованием и другими видами услуг;
      выполнение по заказам участников оптовых торгов внутрискладского перемещения товаров, а также разгрузки и погрузки торговых грузов;
      создание и обеспечение функционирования инженерной инфраструктуры, техническое обслуживание холодильного, торгового, подъемно-транспортного и иного оборудования и механизмов;
      организация встречной продажи продукции производственно-технического назначения;
      организация охраны объектов оптового рынка, системы регистрации участников оптовых торгов, работы системы средств внутренней связи, обеспечение противопожарной безопасности;
      обеспечение участников оптовых торгов услугами социально-бытового назначения;
      осуществление уборки территории, всех складских, торговых, конторских и офисных помещений.
      6. Оптовый рынок вправе осуществлять другую деятельность, связанную с организацией оптовой торговли сельскохозяйственной продукцией и продовольствием, не противоречащую законодательству Республики Казахстан.

                        3. Типы оптовых рынков

      7. По широте ассортимента сельскохозяйственной продукции и продовольствия оптовые рынки могут быть специализированными и универсальными.
      Специализированные оптовые рынки ориентируются на торговлю отдельными видами продукции: мясом и мясопродуктами, фруктами, овощами, рыбой и рыбопродуктами и другими.
      Универсальные оптовые рынки организуют торговлю несколькими видами сельскохозяйственной продукции и продовольствия.
      8. Оптовые рынки в зависимости от специфики ассортимента и конкретных условий функционирования могут размещаться как в зонах производства сельскохозяйственной продукции и продовольствия, так и в центрах их массового потребления.

             4. Организационно-правовой механизм создания
                  и функционирования оптовых рынков

      9. Оптовый рынок создается его учредителями в установленном законодательством порядке, которыми могут быть юридические и физические лица, включая иностранных участников. Количественный состав учредителей не ограничивается.
      10. Оптовый рынок может создаваться путем объединения финансовых средств, имущества и иной собственности юридических и физических лиц Республики Казахстан, а также иностранных государств.
      Участие иностранных юридических и физических лиц определяется законодательством Республики Казахстан.
      11. Выбор организационно-правовой формы при создании оптового рынка определяется в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан его учредителями.
      12. Необходимыми условиями эффективного функционирования оптового рынка является наличие:
      немонополизированной системы организаций розничной торговли;
      развитой сети товаропроизводителей сельскохозяйственной продукции и сырья для перерабатывающей промышленности;
      соответствующей материально-технической базы хранения, охлаждения, упаковки, транспортировки продукции и коммуникаций.
      13. Для обеспечения функционирования оптового рынка при нем создаются специализированные службы: информационная расчетно-финансовая, юридическая, а также транспортная и сервисная (питания, гостиничного хозяйства и др.). На территории оптового рынка располагается служба по контролю качества сельхозпродукции с лабораторией.
      Для создания и размещения служб выделяется, в установленном законом порядке, земельный участок, создается заново или используется имеющаяся материально-техническая база хранения, охлаждения, упаковки, транспортировки продукции.
      Указанные службы оптового рынка могут создаваться как подразделения этого рынка или функционировать как самостоятельные организации на договорных началах с администрацией оптового рынка с правами юридического лица.
      14. Универсальные и специализированные оптовые рынки формируют собственную инфраструктуру, исходя из особенностей реализации отдельных видов сельскохозяйственной продукции и продовольствия.
      При этом:
      специализированные плодоовощные оптовые рынки могут формироваться на основе реконструкции и перепрофилирования существующих плодоовощных баз, торгово-закупочных организаций, рынков. Специализированные плодоовощные оптовые рынки для городов с большой численностью населения создаются по специальным проектам;
      специализированные оптовые рынки скота должны обеспечивать реализацию всех видов скота и птицы. В зависимости от специализации региона на конкретном оптовом рынке может преобладать определенный вид скота или птицы.
      На территории оптового рынка могут располагаться: приемный и убойный пункты, хранилище для кормов, помещение для проведения торгов и оформления сделок, ветеринарная служба, отделение (филиал) банковского учреждения, холодильные емкости для временного хранения сельскохозяйственной продукции и продовольствия.
      Специализированные оптовые рынки рыбопродуктов (морепродуктов) организуются в местах их промысла, переработки и хранения, также как и специализированные оптовые мясные рынки должны в своем составе, наряду с общими для всех оптовых рынков службами, иметь обязательно холодильные емкости для временного хранения продуктов.
      15. Оптовый рынок может:
      вступать, в установленном законодательством порядке, в союзы, ассоциации для координации деятельности, защиты интересов своих участников, осуществления совместных программ;
      иметь филиалы, представительства в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      16. Оптовый рынок не может устанавливать:
      уровни и пределы цен на сельскохозяйственную продукцию и продовольствие, реализуемые на рынках;
      размеры вознаграждения, взимаемого посредниками на рынке за посредничество при сделках.
      17. Не действительными могут быть признаны соглашения и действия оптовых рынков, имеющие целью или влияющие на устранение либо ограничение конкуренции на этих рынках.
      18. Налогообложение, кредитование, страхование оптовых рынков осуществляется в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

             5. Экономический механизм функционирования
                           оптового рынка


      19. Доходы оптового рынка используются для компенсации производственных затрат, оплаты труда сотрудников, развития производственной базы, информационно-технического и социального развития рынка и его инфраструктуры.
      20. Доход оптового рынка формируется за счет арендных платежей на право торговли, платежей за предоставляемые рынком производственные, консультативные и другие услуги (транспортные, погрузочно-разгрузочные работы, анализ качества, утилизация нереализованной продукции), оказываемые в установленном законом порядке.

                   6. Собственность оптовых рынков

      21. Собственностью оптового рынка могут быть здания, сооружения, оборудование, техника, материалы, незавершенное производство, денежные средства, ценные бумаги, лицензии и иное имущество.
      22. Источниками средств оптовых рынков являются собственные средства.
      Собственные средства оптового рынка составляют уставный капитал и фонды, создаваемые оптовым рынком, средства, полученные за счет различных взносов, включая благотворительные, прибыль от хозяйственной деятельности созданных им организаций с правами юридического лица, иные поступления, не запрещенные законодательством Республики Казахстан.
      Средства оптового рынка образуют кредиты банков и других организаций, средства, переданные во временное пользование, средства, полученные от выпуска ценных бумаг, и иные средства материального обеспечения, не запрещенные законодательством Республики Казахстан.

                    7. Управление оптовым рынком

     Порядок управления оптовым рынком определяется в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

              8. Организация торговли на оптовом рынке

     23. Торговля на оптовом продовольственном рынке должна предусматривать:   
     функции основных структурных подразделений рынка;
     порядок проведения оптовой торговли на рынке;
     перечень реализуемых товаров;
     перечень оказываемых услуг;
     права и обязанности продавцов и покупателей (участников торговли);
     меры, обеспечивающие правопорядок и дисциплину на рынке, соблюдение участниками оптового рынка действующего законодательства.
      24. Участниками оптовой торговли сельскохозяйственной продукцией и продовольствием на оптовых рынках являются продавцы (поставщики) и покупатели.
      Продавцы - сельскохозяйственные товаропроизводители и их объединения, предприятия пищевой промышленности, торгово-сбытовые и иные организации, физические лица.
      Покупатели - предприятия пищевой промышленности, торгово-закупочные и другие организации, их союзы, ассоциации, физические лица.
      25. Участники торгов на оптовом рынке имеют право:
      представлять (для продавцов) образцы товара (торговля по образцам);
      изучать всю информацию о представленных товарах, их количестве, качестве, ценах;
      получать информацию о сделках с аналогичным товаром на других оптовых рынках;
      хранить доставленный для продажи или купленный товар в складских помещениях оптового рынка (порядок размещения на хранение и оплаты хранения определяются уставом оптового рынка);
      проверять качество и безопасность для потребителей и окружающей среды представленного товара;
      проверять соответствие предоставляемых рынком помещений для размещения и хранения товаров, предъявляемым к этим помещениям требований соблюдения условий и правил хранения.
      26. Участники оптовой торговли на оптовом рынке обязаны:
      предоставлять (для производителей) для реализации товар по качеству и упаковке в соответствии с требованиями стандартов, если другие требования не предусмотрены в заключенных контрактах;
      предоставлять достоверную информацию о реализуемом товаре;
      предоставлять документы о качестве продукции и ее безопасности для потребителей и окружающей среды.
      27. Отношения между участниками торгов на оптовых рынках регулируются с помощью контрактов, в том числе на закупку сельскохозяйственной продукции и продовольствия для региональных нужд.
      28. Операции купли-продажи на оптовом рынке могут осуществляться с помощью посредника. При этом операции ведутся путем:
      совершения сделок с посредником от имени клиента и за его счет, от имени клиента и за свой счет или от своего имени и за счет клиента (брокерская деятельность);
      совершения сделок посредником от своего имени и за свой счет с целью последующей перепродажи (дилерская деятельность).
      29. Посредниками на оптовом рынке могут быть брокерские фирмы, брокерские конторы, созданные и зарегистрированные в установленном законом порядке, а также независимые брокеры, зарегистрированные в установленном законом порядке в качестве предпринимателя, осуществляющего свою деятельность без образования юридического лица.
      Также посредниками могут выступать оптовые, торгово-закупочные и другие организации, действующие на оптовом рынке.
      30. Отношения посредников на оптовом рынке с их клиентами регулируются соответствующими договорами (контрактами), заключенными между ними.
      31. Торговые посредники или товаропроизводители, доставляющие сельскохозяйственную продукцию и продовольствие для реализации на оптовом рынке, обязаны предоставить его администрации сертификат качества или иной документ, гарантирующий доброкачественность, в соответствии с требованиями правил торговли.
      32. На сделки, совершенные на оптовом рынке, гарантии оптового рынка не распространяются.
      33. Сделки на оптовом рынке не могут совершаться от имени и за счет этого рынка.
      34. Участники оптовой торговли могут в ходе торгов совершать сделки, связанные с взаимной передачей прав и обязанностей, в отношении:
      реального товара;
      реального товара с отсроченным сроком его поставки (форвардные сделки);
      реального товара, принятого оптовым рынком на условиях залога.
      35. Государственный контроль и надзор, за соблюдением участниками оптового рынка обязательных требований стандартов при реализации (поставках, продаже) сельскохозяйственной продукции и продовольствия на нем, а также при хранении, транспортировке, подработке и упаковке осуществляются в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

               9. Разрешение споров на оптовом рынке

      36. Споры, связанные с заключением и исполнением на оптовом рынке сделок купли-продажи, рассматриваются в установленном законом порядке в суде.
      37. В том же порядке рассматриваются споры, возникающие между администрацией оптового рынка и участниками оптовых торгов или структурами, обслуживающими оптовый рынок на договорной основе.

          10. Ответственность администрации оптового рынка

      38. Администрация оптового рынка несет ответственность в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

                   11. Ликвидация оптовых рынков


      39. Ликвидация оптового рынка производится в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.