1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң "Өзенмұнайгаз" өндiрiстiк бiрлестiгiн әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiн, қалған барлық өндiрiстердi, Қазақ газ өңдеу зауыты мен Маңғыстау газ өндiру басқармасын қоса, акционерлiк қоғамның құрамына сақтай отырып, акционерлiк қоғамның жарғылық қорынан шығарып, акционерлендiру жөнiндегi;
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен Қазақстан Республикасы Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгiнiң "Өзенмұнайгаз" акционерлiк қоғамының өндiрiстерiн қайта құрылымдау және еңбек ресурстарын оңтайландыру жоспарын" жасау жөнiндегi;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгiнiң "Өзенмұнайгаз" акционерлiк қоғамының айналым капиталын қаржыландыру жоспарын" жасау жөнiндегi шешiмдерi мақұлдансын. 2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi Халықаралық Қайта жаңарту және Даму Банкiне құжаттарды өздерiне белгiленген мерзiмдерде жолдайтын болсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi