"Өзенмұнайгаз" акционерлiк қоғамын қаржылық сауықтыру жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 20 маусым N 757

      Халықаралық қайта жаңарту және Даму Банкiнiң (ХҚЖДБ) шарттарын уақытылы орындау және оларды Өзен мұнай кен орнын қалпына келтiру жобасы бойынша займ бөлу аталған Банктiң Директорлар Кеңесiнiң қарауына ұсыну мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң "Өзенмұнайгаз" өндiрiстiк бiрлестiгiн әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiн, қалған барлық өндiрiстердi, Қазақ газ өңдеу зауыты мен Маңғыстау газ өндiру басқармасын қоса, акционерлiк қоғамның құрамына сақтай отырып, акционерлiк қоғамның жарғылық қорынан шығарып, акционерлендiру жөнiндегi;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен Қазақстан Республикасы Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгiнiң "Өзенмұнайгаз" акционерлiк қоғамының өндiрiстерiн қайта құрылымдау және еңбек ресурстарын оңтайландыру жоспарын" жасау жөнiндегi;

     Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Мұнай және газ
өнеркәсiбi министрлiгiнiң "Өзенмұнайгаз" акционерлiк қоғамының
айналым капиталын қаржыландыру жоспарын" жасау жөнiндегi шешiмдерi
мақұлдансын.
     2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Мұнай және
газ өнеркәсiбi министрлiгi Халықаралық Қайта жаңарту және Даму
Банкiне құжаттарды өздерiне белгiленген мерзiмдерде жолдайтын болсын.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады