Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
2. Министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, өзге де орталық атқарушы органдар, облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен, Бiлiм министрлiгiмен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi туралы Ережеге қайшы келетiн нормативтiк актiлердiң қайта қаралуын қамтамасыз етсiн.
3. "Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 22 маусымдағы N 524 P930524_ қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 24, 295-бап);
"Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң шешiмдерiне өзгертулер
мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
1995 жылғы 6 ақпандағы N 115 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгертулер мен
толықтырулардың 22-тармағының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
1995 ж, N 5, 62-бап) күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 20 маусымдағы
N 759 қаулысымен
БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi туралы
ЕРЕЖЕ
I. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi республиканың бiлiм саласына басшылық ететiн орталық атқарушы органы болып табылады. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi өз қызметiн басқа да орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен қарым-қатынас жасай отырып жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, басқа да нормативтi құқықтық актiлерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
3. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi заңды тұлға болып табылады, қолданылып жүрген заңдарға сәйкес банк мекемелерiнде тиiстi (оның iшiнде валюта) есебi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген қазақ және орыс тiлдерiнде атауы жазылған мөрi болады.
II. Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң
негiзгi мiндеттерi
4. Қазақстан Республикасы бiлiм министрлiгiнiң негiзгi мiндеттерi:
қоғамның әлеуметтiк-экономикалық дамуының ұзақ мерзiмдi басымдықтары негiзiнде бiлiм берудi дамыту стратегиясын қалыптастыру және жүзеге асыру;
республика азаматтарының мiндеттi орта бiлiм алуын қамтамасыз ету, бiлiктi жұмысшылар мен мамандар даярлау;
мектепке дейiнгi, мектептен тыс, жалпы орта бiлiм, кәсiптiк-техникалық, орта арнаулы, жоғары, жоғары оқу орнынан кейiнгi және тиiстi қосымша бiлiм мазмұнын анықтау, кадрлардың бiлiмiн көтеру және қайта даярлау, бiлiмiнiң дербестiк және әлеуметтiк бағыт-бағдарын қамтамасыз ету, азаматтардың бiлiм алу мүмкiндiгiнiң түрлi деңгейiн кеңейту;
бiлiм саласы бойынша Қазақстан Республикасы заңдарына орындалуына мемлекеттiк бақылау жүргiзудi жүзеге асыру, ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк түрлерiне қарамастан барлық деңгейдегi бiлiм мекемелерiнiң қызметiн бағалаудың бiрыңғай жүйесiн құру;
жоғары мектептердiң ғылыми қызметiн басқару тетiгiн жасау және жүзеге асыру, жоғары және тиiстi қосымша бiлiм мекемелерiнде ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру;
бiлiм жүйесiн қалыптастырудың экономикалық тетiгiн жетiлдiру, мүдделi министрлiкпен, мемлекеттiк комитеттермен, басқа да орталық атқарушы органдармен бiрлесе отырып, осы саланың қаржы саясатын қалыптастыруға қатысу, меншiктiң түрлi нысандарындағы оқу орындарын дамыту үшiн қажеттi жағдайлар жасау;
ғылыми-зерттеулер мен оқу процесiнiң материалдық-техникалық және тәжiрибе-өндiрiстiк базасын дамыту;
бiлiм саласында халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру және дамыту.
III. Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң
атқаратын қызметтерi
5. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай қызметтер атқарады:
өз құзыры шегiнде барлық деңгейдегi бiлiм мекемелерiнiң қызметiн ретке келтiретiн және барлық мемлекеттiк бiлiм мекемелерiне үлгi болып табылатын нормативтi актiлердi әзiрлейдi және бекiтедi;
бiлiм мен жоғары оқу орны ғылымы саласында мемлекеттiк (ұлттық), мақсатты және халықаралық бағдарлама жасауға және оны жүзеге асыруға қатысады;
ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк түрлерiне қарамастан, түрлi бiлiм мекемелерiнiң түлектерiне қойылатын қажеттi ең төменгi талап деңгейiн анықтайтын тиiстi жалпы мiндеттi бiлiм үлгiлерiн жасайды және бекiтедi;
мүдделi министрлiктермен, мемлекеттiк комитеттермен, республиканың басқа да орталық атқарушы органдарымен бiрлесе отырып, мамандар даярлайтын кәсiптiк-техникалық мектептер мен орта арнаулы және жоғары оқу орындарындағы мамандықтар (кәсiптер) тобын (тiзiмiн) және оқу орындары қызметтерiнiң тәртiбiн анықтайды;
оқыту технологиясы саласында оқушылар мен студенттердiң, педагог қызметкерлердiң шығармашылық белсендiлiгiн дамытуға, бiлiм берудiң барлық деңгейiнiң тиiмдiлiгiн көтеруге, бағытталған жаңа саясат жүргiзедi;
белгiленген тәртiппен бiлiм мекемелерiнiң педагог, басшы және басқа да қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыруды және қайта даярлауды, аттестациядан өткiзудi ұйымдастырады;
бiлiм саласының барлық түрiнде ғылыми-әдiстемелiк жұмыстарды, оқу әдебиеттерi мен оқу құралдарын және жабдықтарын шығаруды ұйымдастырады, Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң оқу және ғылыми мекемелерiнде жүргiзiлетiн iргелi және iздеу ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағдарламаларын жасйды және оның жүзеге асырылуын қамтамасыз етедi;
ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк түрлерiне қарамастан кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және даярлауды және қайта даярлауды жүзеге асыруда оқу орындары мен бiлiм мекемелерiн лицензиялау, аттестациялау және тiркеу үшiн заңда белгiленген тәртiппен нормативтi құжаттар мен үлгi ережелер (нұсқаулар, регламенттер) шығарады және бекiтедi;
ведомстволық бағыныстылығымен меншiк түрлерiне қарамастан кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру мен даярлауды және қайта даярлауды және жүзеге асыратын жоғары және арнаулы орта оқу орындары мен бiлiм мекемелерiн лицензиялайды, аттестациядан өткiзедi және тiркейдi;
жалпы орта және кәсiптiк-техникалық бiлiм мекемелерiн облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың бiлiм басқармалары (департаменттерi) лицензиялайды;
еңбек рыногының мамандарға деген қажетсiнуiн зерттеуге, оларды даярлау болжамын жасауға қатысады;
бiлiмге мамандар мен ғылыми-педагог кадрларды даярлау (қайта даярлауға), жоғары мектептерде ғылыми қызметтi жүзеге асыруға бөлiнетiн бюджет қаржысының көлемiн анықтау, сонымен бiрге республикалық нормативтердi белгiлеу мен тиiстi бiлiм және ғылыми мекемелердi қаржыландыру жұмысына қатысады;
Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiмен, мүдделi министрлiктермен, мемлекеттiк комитеттермен, басқа да орталық атқарушы органдармен келiсе отырып, республикалық бюджет қоры есебiнен қаржыландырылатын республикалық деңгейдегi бағынысты (әскери оқу орындарынан басқа) бiлiм мекемелерiне оқушылардың барлық санаттарын қабылдаудың жалпы жоспарын белгiлейдi;
магистратура, аспирантура, докторантура ашады және заңда белгiленген тәртiппен мемлекеттiк ведомстволық жоғары және тиiстi қосымша бiлiм мекемелерiнде, ведомстволық ғылыми ұйымдарда олардың қызметiн тоқтатады;
ведомстволық бағыныстылығына қарамастан Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бiлiм мекемелерiне, магистратураға, аспирантураға, докторантураға азаматтар қабылдаудың жалпы тәртiбiн белгiлейдi;
бiлiм мекемелерi желiсiнiң дамуына болжау жасайды; республиканың тиiстi орталық атқарушы органдарының келiсiмiмен Қазақстан Республикасының Үкiметiне мемлекеттiк орта арнаулы және жоғары бiлiм мекемелерiн құру, қайта құру және тарату туралы ұсыныс енгiзедi; Қазақстан Республикасы министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерiнiң басқа да орталық атқарушы органдарының, облыстардың, республика деңгейiндегi қалалардың және астана әкiмдерiнiң мектепке дейiнгi, мектептен тыс, жалпы, орта кәсiптiк-техникалық бiлiм беретiн мемлекеттiк мекемелерiн сонымен бiрге кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау мекемелерiн құру, қайта құру, тарату туралы ұсыныстарын қарайды;
Қазақстан Республикасының Үкiметiне мемлекеттiк жоғары оқу орындарының және арнаулы орта оқу орындарының атауларын өзгерту мен олардың желiсiн ұйымдастыру туралы ұсыныс енгiзедi;
iргелi ғылыми зерттеулердi, оның iшiнде гарант iздестiру және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстар негiзiндегi зерттеулердi дамытудың практикалық шараларын жүзеге асырады және ғылыми-зерттеулер мен талдамалар нәтижелерiн практикада тиiмдi жүзеге асыруға және оқу процесiне енгiзуге бағытталған ұйымдық-экономикалық және инновациялық қызметтердiң дамуына жәрдемдеседi;
мемлекеттiк оқу орындары үшiн жалпы орта бiлiм, кәсiптiк-техникалық, арнаулы орта бiлiм, жоғары, жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм туралы құжаттар үлгiлерiн жасайды және бекiтедi, олардың баламалылығын анықтайды, халықаралық шарттар негiзiнде бiлiм деңгейiне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында шетелдiк құжаттарды мойындау (нострификация) мәселелерiн шешедi;
жоғары мектептiң Қазақстан Республикасының Ғылыми министрлiгi - Ғылым академиясымен, академия салаларымен, экономиканың iргелi және қолданбалы ғылым жүйесiн жасау мен өндiру салаларымен ынтымақтастығын қамтамасыз етедi;
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарға (келiсiмдерге) қатысты ұсыныстарын әзiрлейдi, бiлiм саласында халықаралық ынтымақтастық бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз етедi, оқушыларды, студенттердi, аспиранттарды, докторанттарды, мемлекеттiк бiлiм мекемелерiнiң ғылыми педагогикалық және басқа қызметкерлерiн шетелге iссапарға жiбередi, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына (келiсiмдерiне) сәйкес шет ел азаматтарын мемлекеттiк оқу орындарында оқуға қабылдауды, сынау мерзiмiнен өткiзудi және бiлiктiлiгiн арттыруды қамтамасыз етедi;
шетелдiк серiктестермен келiссөз жүргiзедi және өз құзыры шегiнде халықаралық шарттарға (келiсiмдерге) және бiлiм саласындағы, сондай-ақ ғылыми қызмет саласындағы бағдарламаларға қол қояды;
шет ел оқушыларына, студенттерi мен мамандарына визалық қолдауды жүзеге асырады, заңда белгiленген тәртiппен шет елге шығу үшiн тиiстi құжаттарды дайындайды, шет елдерде өз өкiлдiгiн және Қазақстан Республикасында шет ел ұйымдарының - әрiптестерiнiң өкiлдiгiн ашады;
бiлiм мен ғылым проблемалары бойынша конференциялар, симпозиумдар, кеңестер, көрмелер, пән олимпиадалары мен конкурстар, оның iшiнде халықаралық көлемде өткiзудi ұйымдастырады;
бiлiм және жоғары оқу орны ғылымы жүйесiн қалыптастыруды айқындайтын заң актiлерiнiң және басқа да нормативтi актiлер жобасын жасауға қатысады;
республикалық бағыныстағы ведомстволық бiлiм мекемелерi мен ғылыми ұйымдары республикалық бюджет қаражаты және басқа да көздер есебiнен қаржыландыруды жүзеге асырады;
тиiстi бiлiм мекемелерiнде еңбекақы төлеудiң мемлекеттiк нормативi туралы ұсыныс әзiрлейдi;
қоғамдық бiрлестiктермен, мүдделi министрлiктермен, мемлекеттiк комитеттермен, республиканың басқа да орталық атқарушы органдарымен бiрлесе отырып, мектеп жасына дейiнгi балалардың, оқушылардың, студенттердiң, аспиранттардың, докторанттардың, тыңдаушылардың және сала қызметкерлерiнiң еңбек, тұрмыс, демалыс және медициналық қызмет көрсету жағдайын жетiм балалар мен ата-анасыз қалған панасыз, мiнез-құлық-дене дамуында ауытқушылығы бар балалар мен жасөспiрiмдердi әлеуметтiк қорғау шараларын әзiрлейдi және жүзеге асырады;
бiлiм мекемелерiнде денешынықтыру - спорт процестерiн ұйымдастыру мен әдiстемелiк жетекшiлiктi жүзеге асырады, мүдделi министрлiктермен, мемлекеттiк комитеттермен және республиканың басқа да орталық атқарушы органдарымен бiрлесе отырып, бiлiм жүйесiнiң мектептен тыс мекемелерiнде, оқу жаттығу орталықтарында спорт резервтерiн даярлау жұмысын үйлестiредi, оқушылар және студенттер командаларының халықаралық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етедi;
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiмен бiрлесе отырып, оқушы жастардың әскери дайындығы туралы ереженi жасайды және бекiтедi, ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк түрлерiне қарамастан жоғары оқу орындарының әскери кафедраларында студенттердiң әскери дайындық жұмыстарын, оқу орындарында студенттердiң әскери дайындық жұмыстарын, оқу орындарында оқушы жастардың әскерге дейiнгi, әскер жасындағы алғашқы әскери дайындық жұмыстарын ұйымдастырады;
заңда белгiленген тәртiппен республикалық бағыныстағы (әскери, дербес және халықтан басқа) жоғары және арнаулы оқу орындарының, сондай-ақ ведомстволық оқу орындарының және республикалық бағыныстағы ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
атқарушы үкiметтiң жергiлiктi органдарының облыстардан республикалық мәнi бар қалалардың және астананың бiлiм басқармалары (департаменттерi) басшыларын қызметке тағайындау мен қызметтен босату туралы ұсыныстарын келiседi;
белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгiнiң грамоталарымен және құрмет белгiлерiмен марапаттайды, сондай-ақ бiлiмнiң дамуына ерекше үлес қосқан қызметкерлердi (қажет болған жағдайда тиiстi министрлiктермен, мемлекеттiк комитеттермен басқа да орталық атқарушы органдармен келiсе отырып) мемлекеттiк наградаға ұсынады;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ведомстволық бiлiм мекемелерiне, республикалық бағыныстағы басқа да мекемелер мен ұйымдарға құрылтайшы болады;
министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, республиканың басқа да орталық атқарушы органдарының бiлiм саласындағы нормативтi актiлерiн келiсiп отырады;
мемлекеттiк жоғары және орта арнаулы оқу орындары басшыларының аймақтық кеңестерiнiң қызметiн ұйымдастыру мен құруға көмектеседi;
бiлiм процесiн материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудiң мемлекеттiк нормативiн жасайды;
белгiленген тәртiппен жинақтауды, өңдеудi, талдау жасауды және бiлiм саласына мемлекеттiк статистикалық есеп жүргiзудi жүзеге асырады, оның дұрыстығын қамтамасыз етедi;
бiлiм мекемелерiнде оқу жылының басталуы мен аяқталуын, сондай-ақ оқушылар үшiн каникул мерзiмiн анықтайды;
қолданылып жүрген заңдарға сәйкес мемлекеттiк бiлiм мекемелерiнде ақылы қызмет көрсету тәртiбiн анықтайды;
6. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi жалпы орта бiлiм, кәсiптiк-техникалық, орта арнаулы, жоғары, жоғары оқу орнынан кейiнгi және тиiстi қосымша бiлiм жүйесiн салааралық және аймақаралық реттеуге қатысады.
IV. Қазақстан Республикасы
Бiлiм министрлiгiнiң құқықтары
7. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi:
өзiнiң құзырына кiретiн мәселелер бойынша шешiм қабылдауға, осы мәселелер бойынша түсiнiк (консультация) беруге;
заңда белгiленген тәртiппен бiлiм мекемелерiн, тiкелей өзiне бағынатын басқа да ұйымдарды құруға және таратуға;
жоғары оқу орны ғылымы мен бiлiм саласындағы мiндеттердi шешу үшiн уақытша шығармашылық ұйымдар құруға;
заңда белгiленген тәртiппен журнал, газет және басқа да басылымдар шығаруға;
бiлiм мекемелерiн және бiлiм басқармасының ұйымдарын өз құзырындағы мәселелер бойынша тексеруге, сондай-ақ бұл құқықты тиiстi мемлекеттiк бiлiм басқармасының органдарына беруге;
ведомстволық ұйымдарда бiлiм қызметiне, ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарға бөлiнген республикалық бюджет қаражатының тиiмдi пайдаланылуын тексеру жүргiзуге құқы бар.
V. Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң
қызметiн ұйымдастыру
8. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгiн министр басқарады, оны Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Министр министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз қызметтерiн жүзеге асыруына жеке жауап бередi.
Министрдiң орынбасарларын Қазақстан Республикасы Бiлiм министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
9. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрi:
Дара басшылық принципiнде министрлiктiң қызметiне жедел басшылық жасайды, өз құзыры шегiнде шешiмдер қабылдайды және бұйрықтар шығарады;
белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң құзырына кiретiн мәселелер бойынша нормативтi құқықтық актiлер жобасын ұсынады;
Қазақстан Республикасы Бiлiм министрiнiң орынбасарлары арасындағы мiндеттердi бөледi;
Үкiмет бекiткен Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгi орталық аппаратының құрылымы шектi санына сәйкес орталық аппараттың штат кестесiн, оның құрылымдық бөлiмшелерi туралы ереженi, сондай-ақ бекiтiлген қаржы шегiнде Министрлiктiң орталық аппаратын ұстауға шығын сметасын бекiтедi;
белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң орталық аппаратының қызметкерлерiн, министрлiк жағынан құрылған мекеме басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң орталық аппаратының мемлекеттiк қызметшiлерiн кем дегенде үш жылда бiр рет аттестациядан өткiзудi және мемлекеттiк қызметтiң бос орнына конкурс жариялауды ұйымдастырады;
мемлекеттiк жоғары және орта арнаулы оқу орындары басшыларының аймақтық кеңестерiнiң төрағаларын бекiтедi;
белгiленген тәртiппен ерекше көзге түскен қызметкерлерге атақтар мен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларын беруге ұсынады;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады;
қажет болған жағдайда өзiне берiлген жекелеген өкiлеттiктердi бағынысты лауазым иелерiне беруге құқы бар.
10. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгiнде Министр жанындағы консультациялық-кеңесшi орган болып табылатын алқа құрылады. Алқа құрамын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген санға сәйкес Министрдiң орынбасарларының (қызметi бойынша) және Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшыларының қатарынан Қазақстан Республикасының Бiлiм министрi бекiтедi.
11. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi қабылдаған шешiмдер Қазақстан Республикасы Бiлiм министрiнiң бұйрығымен ресiмделедi.