"Қазақстан Республикасы халқы тұрмысының әлеуметтiк жағдайларын жақсарту жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 2692 U952692_ Жарлығы мен "1996 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2700 U952700_ Заң күшi бар Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. 1996 жылдың 1 шiлдесiнен бастап осы күнге қалыптасқан: еңбек, мүгедектiгi бойынша мерзiмдi қызметтiң әскери қызметшiлерi, асыраушысынан айырылу, әлеуметтiк жағдайы бойынша зейнетақы мөлшерiн 21 процентке көбейту iске асырылсын. Бұл ретте 1992 жылғы 1 қаңтарға дейiн тағайындалған еңбек зейнетақысына (асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша зейнетақылардан басқа), мүгедектiгi бойынша мерзiмдi қызметтiң әскери қызметшiлерiнiң зейнетақыларының ең төменгi өсiру сомасы 650 теңгеден, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша (асырауындағы әрбiр адамға), бала кезiнен мүгедектерге әлеуметтiк зейнетақылар - 500 теңгеден, басқа
әлеуметтiк зейнетақылар - 400 теңгеден кем болмауға тиiс.
2. Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi,
облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi 1996 жылдың 1 шілдесiнен бастап
өсiрiлген зейнетақылар мөлшерiн қайта есептеу мен төлеудi қамтамасыз етсiн.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
орынбасары