Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. "Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн акциздеуге жататын тауарларға және құмар ойындар бизнесiне арналған акциздердiң ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 14 шiлдедегi N 974 P950974_ қаулысының қосымшасына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 24, 281-бап) мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
"Өңделген және өңделмеген мех терiлерi (көртышқан, үй қояны, ит, бұғы, қой терiсiнен басқа)" жолындағы "20" цифры "7" цифрымен алмастырылсын;
"Пальтоны, шолақ пальтоны күртешелердi, жамылғыларды, палантиндердi, боаны, шарфты, бас киiмдер мен жағаларды, тондарды, пластиндердi қоса алғанда (көртышқан, үй қояны, ит, бұғы, қой терiсiнен жасалған бұйымдардан басқа) нақты мехтан жасалған бұйымдар" жолындағы "50" цифры "10" цифрымен алмастырылсын.
2. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi