Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi орталық аппаратының құрылымы туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 12 шiлде N 898. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1996.12.27. N 1665 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес, орталық аппарат қызметкерлерiнiң шектi саны негiзiнде 540 адам болып бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiне 6 орынбасар,

соның iшiнде екi бiрiншi орынбасар, сондай-ақ саны 9 адамдық алқа
ұстауға рұқсат берiлсiн.
     3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң орталық
аппаратына 7 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
     4. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi орталық
аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер
Кабинетiнiң 1994 жылғы 29 желтоқсандағы N 1485 қаулысының күшi
жойылған деп танылсын.

     Қазақстан Республикасы
       Премьер-Министрiнiң
           орынбасары
                                       Қазақстан Республикасы
                                           Үкiметiнiң
                                      1996 жылғы 12 шiлдедегi
                                          N 898 қаулысына
                                           Қосымша

            Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi
                       орталық аппаратының
                         Қ Ұ Р Ы Л Ы М Ы
     Қолбасшылық
     Баспасөз қызметi
     Iс басқармасы
     Заң қызметi
     Бас инспекция
     Халықаралық әскери ынтымақтастық жөнiндегi басқарма
     Бас штаб
     Сегiзiншi бөлiм
     Инженерлiк әскерлер басқармасы
     Радиациялық химиялық және биологиялық қорғау қызметi
     Жоғары оқу орындары және әскерден тыс даярлық басқармасы
     Әскери медицина басқармасы
     Кадр басқармасы
     Тәрбие және әлеуметтiк-құқықтық жұмыс басқармасы
     Қару-жарақ басқармасы
     Тыл басқармасы
     Бюджет-қаржы басқармасы
     Құрылыс және әскерлердi жайғастыру жөнiндегi басқарма
     Экология қызметi
      
      


О структуре центрального аппарата Министерства обороны Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 12 июля 1996 г. N 898. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 27 декабря 1996 г. N 1665 ~P961665.

      Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Утвердить структуру центрального аппарата Министерства обороны Республики Казахстан согласно приложению, исходя из предельной численности работников центрального аппарата в количестве 540 единиц.
      2. Разрешить Министерству обороны Республики Казахстан иметь 6 заместителей Министра, в том числе двух первых, а также коллегию в количестве 9 человек.
      3. Установить для центрального аппарата Министерства обороны Республики Казахстан лимит служебных легковых автомобилей в количестве 7 единиц.
      4. Признать утратившим силу постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 29 декабря 1994 г. N 1485 "О структуре центрального аппарата Министерства обороны Республики Казахстан".
     Заместитель Премьер-Министра
         Республики Казахстан


                                            Приложение

к постановлению Правительства Республики Казахстан от 12 июля 1996 г. N 898


                          С Т Р У К Т У Р А

             центрального аппарата Министерства обороны
                        Республики Казахстан

     Командование
     Пресс-служба
     Управление делами
     Юридическая служба
     Главная инспекция
     Управление по международному военному сотрудничеству
     Генеральный штаб
     Восьмой отдел
     Управление инженерных войск
     Служба радиационной химической и биологической защиты
     Управление вузов и вневойсковой подготовки
     Военно-медицинское управление
     Управление кадров
     Управление воспитательной и социально-правовой работы
     Управление вооружения
     Управление тыла
     Бюджетно-финансовое управление
     Управление по строительству и расквартированию войск
     Служба экологии