1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес, орталық аппарат қызметкерлерiнiң шектi саны негiзiнде 540 адам болып бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiне 6 орынбасар,
соның iшiнде екi бiрiншi орынбасар, сондай-ақ саны 9 адамдық алқа ұстауға рұқсат берiлсiн. 3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң орталық аппаратына 7 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн. 4. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 29 желтоқсандағы N 1485 қаулысының күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 шiлдедегi N 898 қаулысына Қосымша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi орталық аппаратының Қ Ұ Р Ы Л Ы М Ы Қолбасшылық Баспасөз қызметi Iс басқармасы Заң қызметi Бас инспекция Халықаралық әскери ынтымақтастық жөнiндегi басқарма Бас штаб Сегiзiншi бөлiм Инженерлiк әскерлер басқармасы Радиациялық химиялық және биологиялық қорғау қызметi Жоғары оқу орындары және әскерден тыс даярлық басқармасы Әскери медицина басқармасы Кадр басқармасы Тәрбие және әлеуметтiк-құқықтық жұмыс басқармасы Қару-жарақ басқармасы Тыл басқармасы Бюджет-қаржы басқармасы Құрылыс және әскерлердi жайғастыру жөнiндегi басқарма Экология қызметi