1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
"Қазақтелеком" ұлттық акционерлiк компаниясының заңды тұлғалардан 116114 мың (жүз он алты миллион жүз он төрт мың) теңге сомасында алған табыс салығы және "Медтехника" акционерлiк қоғамының 4600 (төрт миллион алты жүз мың) теңге сомасында қосылған құнға салынатын салығы бойынша олардың республикалық бюджет алдындағы берешектерiне бiржолғы есептеме жүргiзсiн;
аталған сомаларды бюджеттiк мекемелер, қорғаныс және құқық қорғау ведомстволарын қаржыландыру есебiне, олардың көрсеткен қызметтерi мен алынған материалдық құндылықтары үшiн жоғарыда аталған мекемелер алдындағы берешектерiн қосымшаға сәйкес өтеуге есептесiн.
2. Берешектердi есептеу 1996 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша
аталған сомаларды республикалық бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiнде көрсете отырып жүргiзсiн. 3. Алматы қаласының әкiмi жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттiк мекемелерге де осындай есептеме жүргiзу мүмкiндiгiн қарастырсын. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 18 шiлдедегi N 914 қаулысына Қосымша "Қазақтелеком" ұлттық акционерлiк компаниясы мен "Медтехника" акционерлiк қоғамының салық төлемдерi бойынша берешектерiн өтеу есебiне республикалық бюджетке есептемеге қабылданатын қызмет көрсету түрлерi мен алынған материалдық құндылықтар үшiн берешектерi бар мекемелерiнiң Т I З Б Е С I _____________________________________________________________________ Мекемелердiң атауы і Алынған материалдық құндылықтар мен көрсеткен іқызмет түрлерi үшiн берешектерi бар Қазақстан іРеспубликасы бюджеттiк мекемелерiнiң, қорғаныс іжәне құқық қорғау ведомстволарының атауы _____________________________________________________________________ іЕсептемегеіҚорғанысіIшкi әс.іМемлеке.іПарлаіКаз. іқабылдана.іминистр.ікерлер іттiк ше.імент ігидро ітын бере. ілiгi ібас бас.ікараны і імет ішек сомасыі іқармасы іқорғау і і і і і іжөнiнде.і і і і і ігi мем. і і і і і ілекеттiкі і і і і ікомитет і і _____________________________________________________________________ "Қазақтелеком" ұлттық акционерлiк компаниясы, Алматы қаласы, барлығы 116114 60213 6327 13214 13152 23208 Оның iшiнде: Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы 116114 60213 6327 13214 13152 23208 "Медтехника" акци- онерлiк қоғамы, Алматы қаласы, барлығы 4600 4600 Оның iшiнде қосылған құнға салынған салық 4600 4600 Барлығы: 120714 60213 6327 17814 13152 23208