Бюджеттiк қарыздар бойынша есептеме жүргiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 18 шiлде N 914

      Бюджеттiк мекемелердiң, қорғаныс және құқық қорғау ведомстволарының алынған материалдық құндылықтар мен көрсетiлген қызмет түрлерi үшiн пайда болған берешектерiн қысқарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      "Қазақтелеком" ұлттық акционерлiк компаниясының заңды тұлғалардан 116114 мың (жүз он алты миллион жүз он төрт мың) теңге сомасында алған табыс салығы және "Медтехника" акционерлiк қоғамының 4600 (төрт миллион алты жүз мың) теңге сомасында қосылған құнға салынатын салығы бойынша олардың республикалық бюджет алдындағы берешектерiне бiржолғы есептеме жүргiзсiн;
      аталған сомаларды бюджеттiк мекемелер, қорғаныс және құқық қорғау ведомстволарын қаржыландыру есебiне, олардың көрсеткен қызметтерi мен алынған материалдық құндылықтары үшiн жоғарыда аталған мекемелер алдындағы берешектерiн қосымшаға сәйкес өтеуге есептесiн.
      2. Берешектердi есептеу 1996 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша

аталған сомаларды республикалық бюджеттiң кiрiс және шығыс
бөлiктерiнде көрсете отырып жүргiзсiн.
     3. Алматы қаласының әкiмi жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын
бюджеттiк мекемелерге де осындай есептеме жүргiзу мүмкiндiгiн
қарастырсын.

     Қазақстан Республикасы
       Премьер-Министрiнiң
         орынбасары
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Үкiметiнiң 1996 жылғы
                                          18 шiлдедегi
                                        N 914 қаулысына
                                          Қосымша

            "Қазақтелеком" ұлттық акционерлiк компаниясы мен
       "Медтехника" акционерлiк қоғамының салық төлемдерi бойынша
      берешектерiн өтеу есебiне республикалық бюджетке есептемеге
      қабылданатын қызмет көрсету түрлерi мен алынған материалдық
             құндылықтар үшiн берешектерi бар мекемелерiнiң
                            Т I З Б Е С I
_____________________________________________________________________
Мекемелердiң атауы і Алынған материалдық құндылықтар мен көрсеткен
                   іқызмет түрлерi үшiн берешектерi бар Қазақстан
                   іРеспубликасы бюджеттiк мекемелерiнiң, қорғаныс
                   іжәне құқық қорғау ведомстволарының атауы
_____________________________________________________________________
                   іЕсептемегеіҚорғанысіIшкi әс.іМемлеке.іПарлаіКаз.
                   іқабылдана.іминистр.ікерлер  іттiк ше.імент ігидро
                   ітын бере. ілiгi    ібас бас.ікараны  і     імет
                   ішек сомасыі        іқармасы іқорғау  і     і
                   і          і        і        іжөнiнде.і     і
                   і          і        і        ігi мем. і     і
                   і          і        і        ілекеттiкі     і
                   і          і        і        ікомитет і     і
_____________________________________________________________________
"Қазақтелеком"
ұлттық акционерлiк
компаниясы, Алматы
қаласы, барлығы     116114     60213    6327     13214   13152  23208
Оның iшiнде:
Заңды тұлғалардан
алынатын табыс
салығы              116114     60213    6327     13214   13152  23208
"Медтехника" акци-
онерлiк қоғамы,
Алматы қаласы,
барлығы               4600                        4600
Оның iшiнде қосылған
құнға салынған салық  4600                        4600
     Барлығы:       120714     60213    6327     17814   13152  23208
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады